2015 жылғы 7 қыркүйек, Астана қаласы
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік полициясы бөліністері қызметкерлерінің қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін және іс-әрекетін тіркеудің техникалық құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік полициясы бөліністері қызметкерлерінің қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін және іс-әрекетін тіркеудің техникалық құралдарының заттай нормалары бекітілсін.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ішкі істер департаменттерінің бастықтары тіркеудің техникалық құралдарымен жарақтауды тиісті жылға жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде кезең-кезеңмен жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В.Лепеха) белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З.Тургумбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-полковнигі Қ.ҚАСЫМОВ
Келісілді
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі __________________ Б.СҰЛТАНОВ
2015 жылғы 16 қыркүйек
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 748 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік полициясы бөліністері қызметкерлерінің қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін және іс-әрекетін тіркеудің техникалық құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы
р/с
№
Мүлік атауы Саны
(к-т) Тиесілігі Ескертпе Пайдалану уақыты
1 Портативтік бейнетіркегіш
(бейнежетон) 1 Жол-патрульдік полициясы-ның әрбір қызметкеріне Қызмет өткеру кезінде қолдану үшін 7 жыл
2. Деректерді зарядтаудың, мұрағаттаудың және сақтаудың мультимидиялық терминалы (деректерді босату жүйесі) 50 Әрбір Ішкі істер департаментіне
1 станция 56 портативтік
бейнетіркегішке дейін 7 жыл
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 14 қазандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12171 болып енгізілді.