01 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығы №748

513 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2015 жылғы 7 қыркүйек,  Астана қаласы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік полициясы бөліністері қызметкерлерінің қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін және іс-әрекетін тіркеудің техникалық құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік полициясы бөліністері қызметкерлерінің қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін және іс-әрекетін тіркеудің техникалық құралдарының заттай нормалары бекітілсін. 2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ішкі істер департаменттерінің бастықтары тіркеудің техникалық құралдарымен жарақтауды тиісті жылға жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде кезең-кезеңмен жүзеге асырсын. 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В.Лепеха) белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З.Тургумбаевқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр полиция генерал-полковнигі Қ.ҚАСЫМОВ Келісілді Қазақстан Республикасының Қаржы министрі __________________ Б.СҰЛТАНОВ 2015 жылғы 16 қыркүйек Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің  2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 748 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік полициясы бөліністері қызметкерлерінің қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін және іс-әрекетін тіркеудің техникалық құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы р/с № Мүлік атауы     Саны (к-т)    Тиесілігі    Ескертпе    Пайдалану уақыты 1    Портативтік бейнетіркегіш (бейнежетон)    1     Жол-патрульдік полициясы-ның әрбір қызметкеріне    Қызмет өткеру кезінде қолдану үшін    7 жыл 2.    Деректерді зарядтаудың, мұрағаттаудың және сақтаудың мультимидиялық терминалы (деректерді босату жүйесі)    50    Әрбір Ішкі істер департаментіне 1 станция 56 портативтік бейнетіркегішке дейін    7 жыл Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 14 қазандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12171 болып енгізілді.