01 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығы №1095

5695 рет
көрсетілді
38 мин
оқу үшін
2015 жылғы 29 желтоқсан,  Астана қаласы Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы №607 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің» 16-тармағының 30) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспек­торларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы және Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және Көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары ішкі істер органдарының жеке құрамының осы бұйрықты зерделуін қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В.Лепеха) заңнамамен белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды; 5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З.Тургумбаевқа және Әкімшілік полиция комитетіне (И.В.Лепеха) жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр полиция генерал-полковнигі  Қ.ҚАСЫМОВ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы №1095 бұйрығымен бекітілген Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі қағидалар 1. Жалпы ережелер 1. Учаскелік полиция пунктеріндегі жұмысты ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторларының және олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі осы қағидалар(бұдан әрі – Қағидалар) учаскелік полиция пунктеріндегі жұмысты ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторларының (бұдан әрі – учаскелік инспектор) және олардың көмекшілері қызметтерінің тәртібін айқындайды. 2. Әкімшілік учаске – бұл қалалық немесе ауылдық жер аумағы, оған ауданның (қала, қаладағы аудан) жергілікті полиция қызметі бастығының (бұдан әрі - ЖПҚ) бұйрығымен учаскелік инспектор бекітіледі. Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаске шекарасының өлшемдерін және учаскелік полиция пунктінің (бұдан әрі – УПП) штат санын ЖПҚ бастығы анықтайды. Қалалық жерде УПП кемінде 7 әкімшілік учаскені, ауылдық жерде әрбір елді мекенді – бір УПП, ол қажет болған жағдайда бірнеше елді мекенді қамтиды. 3. Әкімшілік учаскеге ЖПҚ бастығының бұйрығымен реттік нөмір беріледі. Жаңадан тағайындалған учаскелік инспектордың әкімшілік учаскені қабылдауы ЖПҚ бастығының немесе оның орынбасарының қатысуымен жүргізіледі. Әкімшілік учаскені қабылдау және тапсыру фактісі туралы Қағидағаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік учаскенің паспортына тиісті жазба жасалады. 4. Учаскелік инспектор бекітілген қызмет көрсететін әкімшілік учаскедегі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде оған жүктелген міндеттерді орындайтын аумақтық ішкі істер органының (бұдан әрі – ІІО) негізгі өкілі болып табылады. 5. Учаскелік инспектордың көмекшісі өз құзыреті шегінде өзіне жүктелген міндеттерді учаскелік инспектордың тікелей басшылығымен орындайтын аумақтық ішкі істер органының өкілі болып табылады, оған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша өз бетінше процестік шешім қабылдауды қоспағанда, учаскелік инспектордың құқықтары мен міндеттері толық көлемде беріледі. 6. Учаскелік инспектордың қызметте көп уақыт (бес жұмыс күнінен артық) болмауы (бос тұруы, демалыста болуы, сырқаты, іссапарда болуы және т.с.с.) кезеңінде әкімшілік учаскеге ЖПҚ бастығының бұйрығына сәйкес іргелес әкімшілік учаскенің учаскелік инспекторы қызмет көрсетеді. 2. УПП тәртіп жұмысын ұйымдастыру 7. УПП ІІО-ның учаскелік инспекторлар мен олардың көмекшілері, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі учаскелік инспекторлар, ІІО-ның басқа қызметтерінің және бекітілген әкімшілік учаскеде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың қызметін ұйымдастыруға, сондай-ақ азаматтарды қабылдауды жүзеге асыруға, құқық бұзушыларды және профилактикада жүрген адамдарды жеткізуге арналған ресми үй-жай (ғимарат) болып табылады. 8. УПП учаскелік инспекторларға, олардың көмекшілеріне (бөлек) бір қызметкерге 7,5 шаршы метр есебіне арналған жұмыс кабинеттерінен, азаматтарды қабылдау және жұртшылықпен жұмыс бөлмелерінен, жеткізілген адамдарға арналған үй-жайлардан, демалу бөлмесінен (бөлек), санитарлық тораптан тұрады. 9. УПП материалдық-техникалық жарақтауы және ұстауы учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерін қамтамасыз ету қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. 3. Учаскелік инспектор мен оның көмекшісінің жұмысын ұйымдастыру 10. Учаскелік инспектор мен оның көмекшісінің жұмысын ұйымдастыру бойынша жалпы басышылықты ЖПҚ-ның бастығы немесе оның орынбасары жүзеге асырады. 11. Учаскелік инспекторлардың қызметін ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз етуді және бақылауды Ішкі істер министрлігі, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және аудандардың (қаланың, қаладағы ауданның) жергілікті полиция қызметі жүзеге асырады, олар: 1) жалпы құқық бұзушылықтардың жай-күйіне, құрылымына және динамикасына, сондай-ақ олардың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданған шаралардың тиімділігіне талдау жасайды; 2) белгіленген тәртіппен өкілдік және атқарушы билік органдарына учаскелік инспекторлар мен олардың көмекшілері қызметінің проблемалық мәселелері бойынша ақпараттық материалдар, сондай-ақ құқық бұзушылықтар профилактикасын жетілдіру бойынша жедел жағдайға жасалған талдаудан туындайтын ұсыныстарды дайындайды; 3) жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен және діни ұйымдармен құқық бұзушылықтар профилактикасы мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады; 4) белгіленген тәртіппен тиісті органдар мен ұйымдарға құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды жою туралы ұсыныстар енгізеді; 5) әдістемелік ұсынымдар мен шолулар, сондай-ақ учаскелік инспекторлар мен олардың көмекшілерінің қызме­тін жетілдіруге бағытталған бұйрықтардың, нұсқаулар мен басқа да басқарушылық шешімдердің жобаларын дайындайды; 6) учаскелік инспекторлар мен олардың көмекшілерінің қызметін зерделеу, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің нақты орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсету үшін инспектрлеуге, бақылау тексерістеріне, аудандарға (қалаларға, қаладағы аудандарға) кешендік және өзге де шығуларға қатысады; 7) құқық бұзушылықтар профилактикасы жөніндегі жұмыстың озық тәжірибесін зерделейді, қорытады және практикаға енгізеді; 8) профилактикалық есепте тұратын адамдардың қылмыстар жасауына ықпал ететін себептер мен шарттарды анықтау мақсатында қызметтік тексерістер жүргізеді; 9) профилактикалық және тізімдік есептерде тұрған адамдарды есепке алу журналдарын жүргізеді; 10) учаскелік инспекторлар мен олардың көмекшілерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің хабарламаларын қарайды. 12. Учаскелік инспектор мен оның көмекшісі ЖПБ бастығымен бекітілген өз жұмысын УПП жұмыс жоспарларына сәйкес ұйымдастырады. 13. Жұмыс дәптерін жүргізеді, онда учаскелік инспектордың тікелей бастықтарының барлық тапсырмалары мен нұсқаулары және оларды орындау мерзімдері есепке алынады. Әрбір айдың қорытындысы бойынша учаскелік инспектор және оның көмекшісі жұмыс дәптерінде атқарылған жұмыс туралы анықтама жасайды, ол жалпылау үшін ЖПҚ бастығына немесе оның орынбасарына (учаскелік инспектордың жұмысына басшылық ету жөніндегі инспекторға) ұсынылады. 14. Учаскелік инспектор мен оның көмекшісі: 1) құқық бұзушылықтардың, рецидивтік, тұрмыстық, алкогольдік қылмыстардың алдын алу, олардың жасалу себептері мен жағдайларын анықтау; 2) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін заңсыз қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз ету; 3) учаскелік инспекторда профилактикалық есепте тұрған адамдар (бұдан әрі – профилактикаланатын адамдар) тарапынан болатын құқық бұзушылықтарға жеке алдын алуды жүргізу; 4) әкімшілік учаскеде маңызы бар ақпаратты жинайды және оны ІІО-ның мүдделі бөліністеріне, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдарға береді; 5) қылмыстық теріс қылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайды анықтайды, оларды жоюға бағытталған шараларды қабылдайды; 6) құқыққа қарсы қол сұғушылықтан, оқиғалардан және оқыс жағдайдан зардап шеккендерге, сонымен қатар дәрменсіз немесе олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін жағдайда қалған жеке адамдарға көмектеседі; 7) қоғамдық орындарда масаң күйде жүрген, адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлаған адамдарды медициналық ұйымдарға немес ішкі істер органына жеткізеді; 8) құқық бұзушылықты анықтайды және жолын кеседі; 9) заңнамада белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік өндірісті және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырады; 10) оқиғалар, жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы арыздарды қабылдайды, тіркейді және қарастырады, қабылданған шешім туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте арызданушыға хабарлайды; 11) қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстайды; 12) жеке адамдардан және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтауды, құқыққа қарсы әрекеттерді тоқтатуды талап етеді, ал осы талаптарды орындамаған жағдайда тиісті мәжбүрлеу шараларын қолдайды; 13) жеке адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарын, сондай-ақ ІІО-ға олардың орындалуын бақылау жүктелген белгіленген қағидаларды сақтауды тексеруге қажетті өзге де құжаттарды тексереді; 14) өндірістегі материалдар мен істер бойынша жеке адамдарды және заңды тұлғалардың өкілдерін ІІО-ға шақырады, олардан түсініктемелер мен көрсетпелер, құжаттар, олардың көшірмелерін алады, ал келмеген жағдайда белгіленген тәртіпте мәжбүрлеп әкеледі; 15) жеке адамдарға және заңды тұлғаларға міндетті түрде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар мен ұсынымхаттарды орындау үшін енгізеді; 16) айтылған заңсыз қоғамдық, топтық немесе жеке қызығушылықтар және наразылықтар нысандарының жолын кеседі; 17) психоактивті заттарды пайдалану және мас күйде болу фактілерін анықтау үшін куәландыруды жүргізеді, ол мүмкін болмаған жағдайда – куәландыру үшін медициналық мекемелерге жеткізеді; 18) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамның ізіне түсу, оқиға орнына бару, төтенше немесе соғыс жағдайы қолданылған кезеңде, қарулы қақтығыс жағдайында, төтенше жағдайларды жою кезінде, сондай-ақ меншік иелеріне материалдық залал келтірілген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен оның орнын толтыра отырып, егер кiдiрту адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болатын болса, жедел медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медицина ұйымдарына жеткiзу үшiн көліктің кез келген түрін (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардың көлік құралдарынан басқа) пайдаланады; 19) жеке адамдарды әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ішкі істер органдарына жеткізеді; 20) қаруды, оқ-дәрілерді, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды, сондай-ақ өзге де тыйым салынған бұйымдар мен заттарды алады; 21) жеке адамдардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған деп күдік келтірілген адамдардың ізіне түсу кезінде не сол жерде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасалды немесе жасалуда, жазатайым оқиға болды деп санау үшiн жеткiлiктi мәлiметтер болса, дүлей зілзалалар, апаттар, авариялар, эпидемиялар, эпизоотиялар және жаппай тәртiпсiздiктер кезiнде жеке тұлғалардың жеке басының қауiпсiздiгi мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн тұрғын және өзге де үй-жайларға, аумақтарға және жер учаскелерiне (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардан басқа) кедергiсiз кiреді, оларды қарап тексереді; 22) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтардың жасалу фактілерін және ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрекеттерін белгілеу үшін техникалық құралдарды пайдаланады; 23) профилактикалық есепте тұрған адамдарды криминалистік есепке қою, суретке түсiру, дактилоскопия жасау, дыбыс жазбасын, кино- және бейне түсiрiлiмiн жүргізу үшін ІІО-ға жеткізеді; 24) дербес деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырады; 25) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады. 15. Учаскелік инспектор белгіленген тәртіппен әкімшілік учаскеге паспорт жүргізеді, онда әкімшілік учаскенің әлеуметтік-экономикалық, демографиялық және басқа да ерекшеліктерін, құқықтық тәртіптің жай-күйін сипаттайтын мәліметтер көрсетіледі. 16. УПП қызметін және әкімшілік учаскенің паспортын жүргізу тәртібін тексеруді ЖПҚ бастығының орынбасары кемінде тоқсанына бір рет және ЖПҚ бастығы кемінде жарты жылда бір рет жүзеге асырады. Тексеру нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексерушілер кітабына енгізіледі. 17. Азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру кезінде учаскелік инспектор және оның көмекшісі оларға жүгінген адамдар туралы мәліметтерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтарды қабылдауды есепке алу журналына жазады. 18. Учаскелік инспектор өз құзыреті шеңберінде қылмыскерлерді, хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша криминалдық полиция, тергеу, анықтау, пробация қызметі бөліністерінің қызметкерлерімен өзара іс-қимылды, сондай-ақ ІІО-ның жедел қызмет бөліністерімен қылмыстарды ашуға, ескертуге және жолын кесуге маңызды жедел ақпараттармен алмасуды жүзеге асырады. 19. Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскеде ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасалған жағдайда учаскелік инспектор криминалдық полиция қызметкерлеріне есепке алынған адамдардың жасалған қылмыстарға қатыстылығын тексеру арқылы қылмысты ашуға көмек көрсетеді. 20. ЖПҚ бастығы немесе оның орынбасары: 1) құқықтық тәртіптің жай-күйін, учаскелік инспекторлар мен олардың көмекшілерінің жұмыс нәтижелерін қорытады және талдау жүргізеді; 2) учаскелік инспекторлар мен олардың көмекшілеріне олардың кәсіби шеберліктерін арттыруға, жұртшылықпен өзара іс-қимылды нығайтуға, құқық бұзушылармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізуге, азаматтардың өтініштерін қарауға, басқа да қызметтік міндеттерді орындауға практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді; 3) учаскелік инспекторлар мен олардың көмекшілерінің ІІО-ның мүдделі бөліністеріне және мемлекеттік органдарға беретін ақпараттарың, олар бойынша тексерулердің нәтижелерін жинақтау ісіне тігеді; 4) учаскелік инспектор мен оның көмекшісінің ақпараты бойынша жолы кесілген және ашылған қылмыстардың есебін жүргізеді, олар бойынша ІІО бастығына немесе қаланың (ауданның) әкіміне оларды көтермелеу үшін ұсынымдар енгізеді; 5) қабылданған шешімдер бойынша «СДТБТ бойынша шешім» Е-2 стаистикалық карточкасының толтырылуын, сондай-ақ оларда учаскелік инспектордың немесе оның қатысуымен қылмыстарды ашу фактілерін көрсету бөлігінде бақылауды қамтамасыз етеді; 6) ұйым басшысының және басқа да лауазымды адамдардың енгізілген ұсынымдар бойынша қабылдаған шаралары туралы хабарламағаны, сондай-ақ қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен шаттарды жою бойынша шаралар қабылдамағаны үшін шаралар қабылдануын бақылайды және талап етеді; 7) учаскелік инспектор мен оның көмекшісін оның тікелей қызметіне (патрульдеу, спорттық, мерекелік және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, объектілерді күзету, мәжбүрлеп әкелуді орындау, басқа қызметтерге іссапарға жіберу және т.б.) байланысты емес жұмысқа тарту практикасына жол бермейді; 8) ІІО мүдделі бөліністерінің учаскелік инспектордың ақпаратына уақтылы ден қоюын және тексеру нәтижелерінің күнтізбелік он күн ішінде ЖПҚ бөліністеріне ұсынылуын бақылауды қамтамасыз етеді. Кемінде тоқсанына бір рет осы мәселені ІІО бастығының жанындағы кеңесте тиісті шаралар қабылдай отырып, қарайды; 9) учаскелік инспекторлардың тергеу және анықтау органдарымен өзара іс-қимылын, қылмыс жасауға ықпал ететін себептермен шарттарды жою туралы, тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындарға жолданған және уақтылы қаралған ұсынымдар туралы ЖПҚ-ны ақпараттандыру бөлігінде қамтамасыз етеді; 10) ай сайын қорытынды кеңестерде учаскелік инспекторлардың және олардың көмекшілерінің қызмет көрсететін аумақта жүргізген жұмысы туралы қарайды. 21. Учаскелік инспекторлары мен олардың көмекшілері қызметінің нәтижелері облыс, Астана және Алматы қалалары, аудан (қала, қаладағы аудан) әкімнің қатысуымен өтетін жиналыста жылына екі реттен кем емес қаралады, онда ЖПҚ бастығының тиісті есебі тыңдалады. 4. Профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі 22. Учаскелік инспектор профилактикалық есепке қояды және өз бетімен және (немесе) ішкі істер органдарының бөлімшелерімен өзара іс қимыл жасаса отырып: 1) әкімшілік қадағалау белгіленген; 2)  бас бостандығынан айыру орындарынан шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешім (қаулы) қабылданған; 3)  ауыр және (немесе) аса ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтегеннен кейін бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы шешім қабылданған немесе қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға екі немесе одан көп рет сотталған («Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының қолданылу аясына шартты түрде жататын); 4)  сот әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеген; 5)  қорғаныс нұсқамасы шығарылған адамға қатысты профилактикалық бақылауды және жеке профилактикалық жұмысты жүзеге асырады. Профилактикалық есепке қою кезінде көрсетілген адамдар санаты осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 1), 2), 3) тармақтарда көрсетілген санаттағы адамдар бойынша криминалдық полиция бөліністеріне хабарлай отырып, профилактикалық есепте тұрған адамдар есепке алу журналына тіркеледі. 23. Адам бірнеше санаттар бойынша профилактикалық есепке қоюға жататын болған кезде, профилактикалық бақылау және олардың санын есептеу олардың ішіндегі анағұрлым маңыздысы бойынша жүзеге асырылады. 24. Әкімшілік учаскенің ерекшеліктері туралы хабардар болуды арттыру мақсатында учаскелік инспектор әкімшілік учаскені тұрақты зерделейді, мынадай адамдардың: 1) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар бұрын сотталғандар; 2) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасөспірімдердің жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстары үшін бұрын сотталғандардың; 3) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алкогольдік ішімдіктерді теріс пайдаланушы ретінде денсаулық сақтау органдарында диспансерлік есепте тұратындардың; 4) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есірткі құралдарын, психотроптық және уытты заттарды медициналық емес қолдануға жол беретіндер ретінде денсаулық сақтау органдарында диспансерлік есепте тұратындардың; 5) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық қауіп төндіретін мінез-құлқы асоциалды бағыттағы психикалық сырқаттардың, денсаулық сақтау органдарында диспансерлік есепте тұратындардың; 6) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі істер органдарында кәмелетке толмағандардың істері бойынша бөліністерде есепте тұрғандардың; 7) Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалау тағайындалғандардың, сондай-ақ шартты немесе жазалауды мерзімінен кейін өтеу тағайындалғандардың; 8) Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік учаскеде уақытша болатын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тізімі болады. Адамды неғұрлым маңызды санат бойынша бір тізімге ғана қосу қажет, бұл ретте «Айрықша белгілер» бағанында қосымша санат көрсетіледі (мысалы, «есірткі құралдарын медициналық емес қолдануға жол береді»). Тізімдер тоқсанына кемінде бір рет жаңартылып тұрады. Растайтын және өзге де барлық материалдар әрбір санат бойынша жеке жинақтау папкаларына тігіледі. Бұдан бөлек, әкімшілік учаскеде жалға берілетін пәтерлерде (үйлерде) тұратын азаматтарды есепке алу журналын Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, әкімшілік учаскеде тұратын адамдарды есепке алудың электрондық журналын Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді. 25. Ескепе қою, есептен алу және анықтамалық деректерін (мекенжайын және т.б.) өзгерту фактісін белгілеу сәтінен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей Біріктірілген деректер банкінің «Есептегі элемент» есебіне енгізу үшін Ақпараттық-талдамалық орталығының аумақтық бөліністеріне толтырылған ақпараттық-іздестіру карталарын (АІК-ЛЦ) ұсынады, олар бойынша тоқсан сайын міндетті түрде акт жасай отырып, салыстыра тексеру жүргізіледі. АІК-ЛЦ профилактикалық есепте тұрған адамдарға, сондай-ақ тізімдік есепте тұрған адамдарға толтырылады. 26. Профилактикадағы адамдарға арналған материалдар ІІО үй-жайында немесе ЖПҚ бастығының бұйрығына сәйкес УПП-да сақталады. Материалдарды ІІО үй-жайында сақтаған кезде, олардың жүргізілуін бақылау ЖПҚ учаскелік инспекторларды басқару бөлінісі инспекторларының біреуіне жүктеледі. 27. Егер ІІО есепте тұратын адамдар тұрақты тұру үшін жаңа қаладағы (облыстағы) ауданға немесе өңірге көшкен жағдайда ол көшіп кеткеннен кейін үш тәулік ішінде таңдап алған мекенжайы бойынша ІІО-ға оның келгені туралы растауды алу үшін сұраухат жолдайды. Сұраухаттың жолданғаны туралы профилактикалық есепте тұратын адамдарды есепке алу журналында белгі жасайды Адамның таңдап алған жеріне келгені туралы растау алғаннан кейін, жүргізілген профилактикалық жұмыстардың барлық қажетті материалдары тиісті ІІО-ға жолданады. 28. Профилактикалық жұмыстың ұйымдастырылуын бақылау ЖПҚ бастығына, оның орынбасарына, учаскелік инспекторларды басқару жөніндегі аға инспекторға (инспекторға) жүктеледі. 5. Учаскелік инспекторлардың халықпен есеп беру кездесулері 29. Тұрғындарға әкімшілік учаскедегі құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы хабарлау, оның қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың ішкі істер органдарына деген сенім деңгейін арттыру мақсатында учаскелік инспектор кемінде тоқсанына бір рет халықпен есеп беру кездесулерін өткізеді. 30. Азаматтарды есепті талқылауға қатысуға барынша тарту үшін кездесулер тұрғындар үшін анағұрлым ыңғайлы уақытта өткізілуі тиіс. Өткізу орнын қатысушылардың болжамды санына қарай таңдайды. 31. Халыққа алдағы есеп беру кездесуі туралы хабарлауды учаскелік инспектор бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы, меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың әкімшіліктері арқылы алдын ала жүзеге асыру қажет. Учаскелік инспекторлардың халықпен есеп беру кездесуіне міндетті түрде жергілікті атқарушы органның өкілі шақырылады. 32. Есептің мазмұнында құқықтық тәртіптің жай-күйі, құқық бұзушылықтың жекелеген түрлерінің, оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларын көрсете отырып, кеңінен таралуы, жұртшылықтың жүргізген жұмысының тиімділігі, сондай-ақ әкімшілік учаске тұрғындарын алаңдататын анағұрлым өзекті мәселелер міндетті түрде қамтылуы тиіс. 33. Іс-шараның қорытындысы хаттамамен рәсімделеді, олар тоқсан қорытындысы бойынша ІІО-ға ұсынылады. Ішкі істер органдарының учаскелік полиция инспекторлары және олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру бойынша Ережелерге 1-қосымша Нысан №_____ әкімшілік учаскенің паспорты _____________________________________________________________ (ішкі істер органының атауы) Басталды «___» __________ 20___ жыл Аяқталды «___» __________ 20___ жыл Сақтау мерзімі: _______ Әкімшілік учаске паспорты мұқабасының сыртқы бетіне жазылады Мазмұны 1. Әкімшілік учаскені қабылдау және тапсыру туралы мәліметтер. 2. Учаске жоспары (кірістірме). 3. Учаскені сипаттайтын мәліметтер. 4. Кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, банктер, акционерлік қоғамдар, шаруа қожалықтары, емдеу-сауықтыру, мәдени-ағартушылық және оқу орындары, пәтер меншік иелерінің кооперативтері, мейрамханалар, кафелер, базарлар, қоймалар және сауда-саттық пен тамақтанудың басқа да нысандары. 5. Жатақханалар, қонақүйлер. 6. Рұқсат беру жүйесінің нысандары (атыс қаруы, оқ-дәрі, жарылғыш заттары ж.с.с. бар кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер). 7. Жеке қолданысында атыс қаруы бар тұлғалар тізімі. 8. Қоғамдық және діни бірлестіктер. 9. Құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдар. 10. Тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалардың тізімі Ескерту: әкімшілік учаскенің паспортындағы мәліметтер 1 қаңтар ахуалына жаңартылады. 1. Әкімшілік учаскені қабылдау және тапсыру туралы мәліметтер № р/н.    Учаскелік полиция инспек-торының атағы, Т.А.Ж. (болған жағдайда)    Учаскені қабылдау күні, қолы    Учаскені тапсыру күні, қолы    Учаскені қабылдауға қатысқан басшының лауазымы, атағы, Т.А.Ж. (болған жағдайда)    Қабылдап немесе тап-сырған ІІО басшысының ескертулері мен ұсыныстары 1    2    3    4    5    6 2. Әкімшілік учаскенің жоспары (кірістірме) Әкімшілік учаскенің жоспарында бағыттар, әкімшілік учаскеде қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын күш пен құралдарды орналастыру көрсетіледі. 3. Әкімшілік учаскені сипаттайтын мәліметтер № р/н     Атауы    Келесі ахуал бойынша: 01.01. 20___ г    01.01. 20___ г    01.01. 20___ г    01.01. 20___ г 1    Аумағы (кв. км.) 2    Тұрғын жайлар (барлығы) Соның ішінде: Көпқабатты үйлер Олардағы пәтерлер Жатақханалар ондағы бөлмелер жеке үйлер ондағы пәтерлер саяжай алқаптары олардағы саяжайлар 3    Барлығы тұратын тұрғын халқы, Соның ішінде: - ересектер - балалар - шетелдіктер 4    Аумақта орналасқан: - кәсіпорындар, мекемелер - акционерлік қоғамдар - шаруа қожалықтары - денсаулық сақтау мекемелері - мейрамханалар, кафелер, дүкендер, базарлар, қоймалар - ақша айырбастау пункттері - банктер - пошта бөлімдері - оқу орындары - автотұрақтар, гараж кооперативтері - жұртшылықтың мәдени демалыс орындары - спорттық кешендер 5    Барлығы аумақта орналасқан діни бірлестіктер, соның ішінде: Мешіттер Шіркеулер рухани оқу орындары 4. Кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, банктер, акционерлік қоғамдар, шаруа қожалықтары, емдеу-сауықтыру, мәдени-ағартушылық және оқу орындары, пәтер меншік иелерінің кооперативтері, мейрамханалар, кафелер, базарлар, қоймалар және сауда-саттық пен тамақтанудың басқа да нысандары № р/н.    атауы    Меншік нысаны    Мекен-жайы    Басшының, күзет бастығының Т.А.Ж. (болған жағдайда), қызметтік және үй телефоны, тұратын мекен-жайы (қарындашпен толтырылады)    Жұмыс режимі    Күзет түрі, күзет, өрт дабылының болуы Бейнебақылау жүйесінің орнатылуы    Ескерту (жұмысшылар саны, автокөліктің ж.б.болуы) 1    2    3    4    5    6    7    8    9 5. Жатақханалар, қонақүйлер № р/н.    Атауы    Мекен-жайы    Жатақхана, қонақ үй басшысының, комендант, вахтердың Т.А.Ж. (болған жағдайда), қызметтік және үй телефоны, мекен-жайы, (қарындашпен толтырылады)    Кіргізіп-өткізу режимінің түрі (ерлер, әйелдер, отбасылық, аралас), оның болуы    Тұрып жатқандар\ орын саны 1    2    3    4    5    6 6. Рұқсат беру жүйесінің тізімі (атыс қаруы, оқ дәрілер, жарылғыш заттар ж.с.с. бар кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер) № р/н.    Кәсіпорын, мекеме, ұйым атауы, ведомствалық тиістілігі (министрлік, ведомство және мекен-жайы)    Меншік нысаны    Мекен жайы    Нысан үшін жауапты адамның Т.А.Ж. (болған жағдайда), оның қызметтік және үй телефондары, тұратын мекен жайы (қарындашпен толтырылады)    Кіргізіп-өткізу жүйесінің (пунктінің) жұмыс режимі     Күзет түрі    Заттар-дың, материал-дардың атауы, саны, салмағы Рұқсаттың (лицен-зияның) нөмірі және оның қолданыс мерзімі 1    2    3    4    5    6    7    8    9 7. Жеке қолданысында атыс қаруы бар тұлғалардың тізімі № р/н.    Қару иесінің Т.А.Ж. (болған жағдайда)    Мекен жайы    Жұмыс орны, лауа-зымы, қызметтік және үй телефондары (қарындашпен толтырылады)    Қару түрі, маркасы, ұңғы калибрі, №    Рұқсатты қашан, кім және қандай мерзімге берген    Қайта тіркеу күні    Қаруды алып қою және тапсыру күні 1    2    3    4    5    6    7    8 8. Қоғамдық және діни бірлестіктер тізімі, соның ішінде тіркелмегендер де № р/н.    Қоғамдық және діни бірлестіктің орналасқан мекен-жайы, телефоны    Қоғамдық және діни бірлестік басшысының Т.А.Ж. (болған жағдайда)    Әділет органдарында тіркелудің болуы    Қоғамдық және діни бірлестік атауы    Конфессиалдық бағыты 1    2    3    4    5    6 9. Құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдар № р/н.    Қоғамдық бірлестік атауы    Басшының Т.А.Ж. (болған жағдайда), қызметтік және үй телефондары (қарындашпен толтырылады)    Мүшелер саны    Орналасу мекен жайы    Қызмет түрі 1    2    3    4    5    6 10. Тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар тізімі №    Т.А.Ж. (болған жағдайда) азаматтығы    Төлқұжат №, қолданыс мерзімі (қарындашпен толтырылады)    Ықтияр хатының №, қолданыс мерзімі (қарындашпен толтырылады)    Тұратын жері, үй телефоны    Жұмыс орны, лауазымы, қызметтік телефоны (қарындашпен толтырылады)    Тұратын мекен жайы бойынша тексерген күні туралы белгі 1    2    3    4    5    6    7 Ішкі істер органдарының учаскелік полиция инспекторлары және олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру бойынша Ережелерге 2-қосымша Нысан Тексерушілер кітабы ____________________________________________________ (ішкі істер органының атауы) Басталды «____» _________ 20____ жылы Аяқталды «____» ________ 20____ жылы Сақтау мерзімі: _______ Тексерушілер кітабының ішкі мазмұны №    Тексерушінің Т.А.Ж. (болған жағдайда), лауазымы, атағы    күні    Тексерушінің ескертулері және ұсыныстары    Кемшіліктерді жою нәтижелері 1    2    3    4    5 Ішкі істер органдарының учаскелік полиция инспекторлары және олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру бойынша Ережелерге 3-қосымша Нысан Азаматтарды қабылдауды есепке алу журналы № _________ _____________________________________ (ішкі істер органының атауы) Басталды «___» ________ 20____ жылы Аяқталды «___» __________ 20____ жылы Сақтау мерзімі: _______ Азаматтарды қабылдауды есепке алу журналының ішкі мазмұны №№ р\н    Азаматтарды қабылдау күні    УПП жүгінген тұлғаның Т.А.Ж. (болған жағдайда) Тұратын мекен жайы, телефоны    Шағымы-ның қысқа мазмұны    Азаматтарды қабылдауды жүзеге асырған УПИ Т.А.Ж. (болған жағдайда)     Шағым бойынша қабылданған шешім 1    2    3    4    5    6    7 Ішкі істер органдарының учаскелік полиция инспекторлары және олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру бойынша Ережелерге 4-қосымша Нысан Профилактикалық есепте тұратын тұлғаларды есепке алу журналы № ______________ _______________________________________ (ішкі істер органының атауы) Басталды «___» __________ 20____ жылы Аяқталды «___» __________ 20____ жылы Сақтау мерзімі: _______ Профилактикалық есепте тұратын тұлғаларды тіркеу журналының ішкі мазмұны № р/н    Т.А.Ж. (болған жағдайда)    Жұмыс орны, лауазымы, қызметтік, үй телефоны (қарындашпен толтырылады)    Тұратын мекен жайы    Есепке қою күні    Профилактикалық есеп түрі 1    2    3    4    5    6 Профилактикалық есепті жүргізу мерзімінің аяқталуы (қарындашпен толтырылады)    Есептен алу күні    Бақылауды жүзеге асыратын учаскелік полиция инспекторының Т.А.Ж. 6    7    8 Ішкі істер органдарының учаскелік полиция инспекторлары және олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру бойынша Ережелерге 5-қосымша Нысан 20___ жылдың «___»_______ ахуалына, бұрын сотталғандар, соттылығы өтелмеген немесе алынбаған тұлғалар тізімі. № р/н    Т.А.Ж. (бол ған жағдайда)    Туылған күні, айы және жылы    Тұратын жері    Жұмыс орны, лауазымы, қызметтік, үй телефондары    Тізімге енгізген күні    Тізімнен шығарған күні    Ерекше белгілері 1    2    3    4    5    6    7    8 Учаскелік инспектор ___________________________________________ Ішкі істер органдарының учаскелік полиция инспекторлары және олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру бойынша Ережелерге 6-қосымша Нысан 20___ жыл «___»_______ ахуалына жас балалардың жыныстық қол сұқпаушылығына қарсы қылмыстары үшін бұрын сотталғандардың тізімі № р/н    Т.А.Ж. (болған жағдайда)    Туылған күні, айы және жылы    Тұратын жері    Жұмыс орны, лауазымы, қызметті, үй телефондары    Тізімге енгізген күні    Тізімнен шығарған күні    Ерекше белгілер 1    2    3    4    5    6    7    8 Учаскелік инспектор ___________________________________________ Ішкі істер органдарының учаскелік полиция инспекторлары және олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру бойынша Ережелерге 7-шы Қосымша Нысан 20___ жылдың «___»_______ ахуалына денсаулық сақтау органдарында алкогольдік ішімдіктерді шектен тыс қолданатындар ретінде диспансерлік есепте тұратын тұлғалар тізімі № р/н    Т.А.Ж. (болған жағдайда)    Туылған күні, айы және жылы    Тұратын жері    Жұмыс орны, лауазымы, қызметтік, үй телефоны    Тізімге енгізген күні    Тізімнен шығарған күні    Ерекше белгілер 1    2    3    4    5    6    7    8 Учаскелік инспектор ___________________________________________ Ішкі істер органдарының учаскелік полиция инспекторлары және олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру бойынша Ережелерге 8-шы Қосымша Нысан 20___ жылдың «___»_______ ахуалына есірткі заттарын, психотроптық және токсиндік заттарды медициналық мақсаттан тыс қолдануға жол беретіндер ретінде денсаулық сақтау органдарында диспансерлік есепте тұратындар тізімі № р/н    Т.А.Ж. (болған жағдайда)    Туылған күні, айы және жылы    Тұратын жері    Жұмыс орны, лауазымы, қызметтік, үй телефоны    Тізімге енгізген күні    Тізімнен шығар ған күні    Ерекше белгілер 1    2    3    4    5    6    7    8 Учаскелік инспектор ___________________________________________ Ішкі істер органдарының учаскелік полиция инспекторлары және олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру бойынша Ережелерге 9-қосымша Нысан 20___ жылдың «___»_______ ахуалына, қоғамға қауіп төндіретін асоциалды мінез құлықты жүйке науқасына шалдығып, денсаулық органдарында диспансерлік есепке қойылған тұлғалар тізімі. № р/н.    Т.А.Ж.    Туылған күні, айы және жылы    Тұратын жері    Жұмыс орны, лауазымы, қызметтік үй телефоны    Тізімге енгізген күні    Тізім нен шығар ған күні    Ерекше белгілер 1    2    3    4    5    6    7    8 Учаскелік инспектор ___________________________________________ Ішкі істер органдарының учаскелік полиция инспекторлары және олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру бойынша Ережелерге 10-қосымша Нысан 20___ жылдың «___»______