Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алтыншы сайланған ҚР Парламентінің екінші сессиясын ашып, елдің заң шығарушы органы алдында тұрған бірқатар міндеттер мен шараларға тоқталды.
«Біріншіден, Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойын қарсы алуға дайындалып жатыр. Бұл – жылдың басты оқиғасы, бұл – той тойлайтын ғана кезең емес, халыққа елдің жетістіктерін толық түсіндіретін кезең. Ширек ғасыр ішінде жүз жылға татитын қыруар шаралар атқарылды. Менің ойымша, халыққа айтарымыз да аз емес. Осы мерейтойға арналған шаралар қазірден басталуы тиіс. Ал ол мерейтойдың өзі қорытынды жасайтын шақ болуы керек. Әрбір қазақстандық, әрбір ауыл тұрғыны елдегі игілікті сезініп, болашақ бағдарды түсінуі керек», - деді Елбасы.
Сонымен қатар, Елбасы Қазақстанда жаңғырудың жаңа кезеңі жүргізіліп жатқанын еске сала келе, Парламентке Үкіметпен сындарлы жұмысты жалғастыруды тапсырды. «Жаңа заңдарды әзірлеу мен қабылдауға қатысты барлық мәселелер бойынша Үкіметпен тығыз, орнықты жұмыс жасау қажет. Бұл ретте заңды әзірлеуде бірінші кезекте оны халыққа түсіндіруге тиіспіз. Ешкімге де түсініксіз жаңалықтар енгізуден қашу керек», – деді Мемлкет басшысы.
Президент атап өткендей, Мәжіліс пен Сенат депутаттарының халыққа қолжетімді түрде заңды түсіндірудегі рөлін күшейткен маңызды. Кез келген заң халық үшін аса маңызды бір мәселені шешуге негізделеді.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне жол бермеуді тапсырды. Мемлекет тарапынан кепілдендірілген әлеуметтік пакетке шығыстар көлемін сақтауды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету керек екенін қадап айтты.
«Бұл ретте бәрінен бұрын зейнетақы, жәрдемақыларға, шәкіртақыларға және адамдар үшін басқа да әлеуметтік төлемдерге қатысты болып отыр. Қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне жол бермеу үшін бюджеттік саясатты тиісті дәрежеде бағдарлау қажет», – деді Елбасы депутаттардың алдында сөйлеген сөзінде.

Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Astana Team командасы Канададағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Нашар тұрмыс теңсіздіктен туындайды
Экономика • Бүгін, 16:11
«Атырау» футбол клубы қанша теңгеге сатылуы мүмкін?
Спорт • Бүгін, 16:10
Михаил Шайдоров жалақысы туралы мәлімдеген Спорт министрлігіне ренішін білдірді
Спорт • Бүгін, 16:01
AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Мемлекет басшысы Astana Team балалар хоккей командасын жеңіске жетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05