02 Қыркүйек, 2016

Марафонға байланысты Астананың орталық көшелері жабылады (карта)

403 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
02 09 - astana 4 қыркүйек күні «Астана Марафон-2016» шарасының өткізілуіне орай елорданың орталық көшелері жабылады. Марафон ұйымдастырушылары қала тұрғындары мен қонақтарын 4 қыркүйек күні сағат 7:30-дан 14:00-ге дейін орталық көшелердің жабылатынын алдын-ала хабарлайды. Ұйымдастырушылар қолайсыздық үшін кешірім өтініп, қайырымдылық марафонына түсіністікпен қарауды сұрайды. Марафоннан түскен қаражат түгелдей «Қасиетті Жол», «SOS: Балалар ауылдары», «Аяла», «Дом Мамы» және «BI Жұлдызай» қайырымдылық қорларына табысталып, «One Steppe Beyond» қайырымдылық жобасының жүзеге асырылуына жұмылдырылады. Іс-шараға бес мың адам, соның ішінде таяу және алыс шетел азаматтары қатысады деп күтілуде. 4 қыркүйек 7:30-дан 14:00-ге дейін жабылатын көшелердің тізімі: 42 шақырымдық марафонның бағдары 7:30-дан 14:00-ге дейін
  1. Тұран даңғылы Тұран даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысынан кольцоға дейін (Қабанбай батыр даңғылы, Әуежайға апаратын трасса).
  2. Қабанбай батыр даңғылы кольцодан Орынбор көшесіне дейін.
  3. Орынбор көшесі Қабанбай батыр даңғылымен қиылысынан Сарайшық көшесімен қиылысына дейін.
  4. Сарайшық көшесі Орынбор көшесімен қиылысынан Байтұрсынұлы көшесіне дейін (М1 көпірін қоса алғанда).
  5. Байтұрсынұлы көшесі Сарайшық және Байтұрсынұлы көшелерінің қиылысынан Тәуелсіздік даңғылына дейін.
  6. Тәуелсіздік даңғылы Байтұрсынұлы көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысынан Қалдаяқов көшесіне дейін.
  7. Қалдаяқов көшесі Тәуелсіздік даңғылы мен Қалдаяқов көшесінің қиылысынан Нәжімеденов көшесіне дейін.
  8. Нәжімеденов көшесі Қалдаяқов және Нәжімеденов көшелерінің қиылысынан Аманжолов көшесіне дейін.
  9. Аманжолов көшесі Нәжімеденов және Аманжолов көшелерінің қиылысынан Қошқарбаев көшесіне дейін.
  10. Қошқарбаев көшесі Аманжолов және Қошқарбаев көшелерінің қиылысынан Айнакөл көшесіне дейін.
  11. Айнакөл көшесі Қошқарбаев және Айнакөл көшесінің қиылысынан Абылайхан даңғылына дейін.
  12. Абылайхан даңғылы Абылайхан даңғылы мен Айнакөл көшесінің қиылысынан Пушкин көшесіне дейін.
  13. Пушкин көшесі, Тәшенов көшесі, Республика даңғылы Сейфуллин көшесіне дейін.
  14. Сейфуллин көшесі Республика даңғылынан Сарыарқа даңғылына дейін.
  15. Сарыарқа және Тұран даңғылдары Сейфуллин көшесінен Қонаев көшесіне дейін (Хан Шатыр).
21 шақырымдық марафонның бағдары 7:30-дан 12:00-ге дейін
  1. Тұран даңғылы Тұран даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысынан кольцоға дейін (Қабанбай батыр даңғылы, Әуежайға апаратын трассасы).
  2. Қабанбай батыр даңғылы кольцодан Орынбор көшесіне дейін
  3. Орынбор көшесі Қабанбай батыр даңғылымен қиылысынан Орынбор және Қонаев көшелерінің қиылысына дейін.
  4. Қонаев көшесі Орынбор және Қонаев көшелерінің қиылысынан Қонаев және Түркістан көшелерінің қиылысына дейін.
  5. Түркістан көшесі Қонаев және Түркістан көшелерінің қиылысынан Түркістан және Достық көшелерінің қиылысына дейін.
  6. Достық көшесі Түркістан және Достық көшелерінің қиылысынан Достық және Ақмешіт көшелерінің қиылысына дейін.
  7. Ақмешіт көшесі Достық және Ақмешіт көшелерінің қиылысынан Ақмешіт және Қонаев көшелерінің қиылысына дейін.
  8. Қонаев көшесі Ақмешіт және Қонаев көшелерінің қиылысынан Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысына дейін.
10 шақырымдық марафонның бағдары 7:30-дан 11:00-ге дейін
  1. Тұран даңғылы Тұран даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысынан Тұран даңғылы мен Хусейн Бен Талал көшесінің қиылысына дейін. Бұл нүктеде айналым жасалып, қозғалыс қарама-қарсы бағытта жалғасады.
  2. Тұран даңғылы Тұран даңғылы мен Хусейн Бен Талал көшесінің қиылысынан Тұран даңғылы мен Достық көшесінің қиылысына дейін.
  3. Достық көшесі Тұран даңғылы мен Достық көшесі қиылысынан Нұрлы жол және Достық көшелерінің қиылысына дейін.
  4. Нұрлы жол көшесі Нұрлы жол және Достық көшелерінің қиылысынан Қонаев және Нұрлы жол көшелерінің қиылысына дейін.
  5. Қонаев көшесі Нұрлы жол және Қонаев көшелерінің қиылысынан Тұран даңғылы мен Қонаев көшесінің қиылысына дейін.
Айдар ӨРІСБАЕВ 02 09 - karta marafon