02 Қыркүйек, 2016

Спорт журналистері сыйақы алды

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
02.09.2016 AST Бүгін Ұлттық олимпиялық комитеттің бас хатшысы Данияр Абулгазин мен Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков ХХХІ жазғы Олимпиялық ойындарда жұмыс істеген бір топ спорт журналиске алғыс хаттар мен сыйақы табыс етті. ҰОК президенті Тимур Құлыбаев БАҚ өкілдеріне сыйақыны өзінің жеке қаржысынан беріп отыр. Биылғы Олимпиадада 24 қазақстандық БАҚ өкілі жұмыс істеді. Олардың арасында ҰОК мен Халықаралық Олимпиадалық комитеті арқылы аккредитация алған журналистер бар. Бұған дейін ҰОК президенті олимпиадашылармен кездесуде журналистердің еңбегін жоғары бағалап, сыйақы беру туралы бастаманы көтерген болатын. Дастан КЕНЖАЛИН