03 Қыркүйек, 2016

«Алтын Жүрек» Атымтай жомарттарға іздеу салады

395 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
«Бауыржан» қайырымдылық қоры осымен 10-шы жыл Ұлттық қоғамдық «Алтын Жүрек» сыйлығын тағайындап келеді. Қазақстандағы қайырымдылық пен меценаттық идеяның қанат жаюына ықпал етіп келе жатқан бұл сыйлық өз жұмысын бастап кетті. Қайырымдылық жасауды, қи­налғанға қолұшын созғанды, көмекке мұқтаж жандарға демеу бергенді өзіне парыз деп білген жандар аз емес. Қоғамның әр сала­сындағы әлеуметтік көмекке мұқ­таж жандарға қайырымдылық жасауды ешкімнің ықпалынсыз-ақ міндетке айналдырған мекемелер, ұйымдар мен жеке тұлғалардың еңбегін елеп-екшеп, бағасын беру, халық атынан алғыс айту аталған сыйлық аясында көрініс таппақ. Жеңімпаздар төмендегі ата­лымдар бойынша анық­тала­ды:
  1. «Жетім балаларға көрсет­кен қамқорлығы үшін» – жетім ба­лаларға, жетім балалар үйі мен интернатына көмек көрсеткені үшін беріледі;
  2. «Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін» – мемлекеттік және жеке білім беру мекемелеріне қар­жылай көмек көрсету, гранттар бөлу, жаңа білім ордаларын салуға қаржы бөлу, Қазақстан ав­торларының кітаптары мен ғылыми еңбектерін шығаруға атсалысқаны үшін беріледі;
  3. «Мүгедек жандарға көр­сеткен қамқорлығы үшін» – мүм­­кіндігі шектеулі жандарға жә­не мүгедектерді сауықтыру ұйым­дары мен жобаларына қар­жылай, медициналық және әлеу­меттік көмек көрсеткені үшін беріледі;
  4. «Спортты дамытып, оны қол­­дағаны үшін» – спорт және басқа да мекемелерге мате­риал­дық, қаржылай көмек көрсеткені, Қа­зақстан спортшыларын халық­аралық жарыстарда бақ сынауына мүмкіндік бергені үшін беріледі;
  5. «Ардагерлерге көрсеткен құрметі үшін» – зейнеткерлер, ҰОС пен еңбек, Ауғанстан арда­герлерінің өмірін жақсартуға бағыт­талған жобаларды іске асыр­ғаны үшін, сондай-ақ, ардагерлер құқығын қорғау және оларға мемлекеттік жәрдем­ақылардың барлық түрлерін төлеуге қолдау көрсету мақса­тында қоғамдық қорлар құрғаны үшін беріледі;
  6. «Жыл меценаты» – мәде­ниет саласына қолдау көрсеткені үшін, соның ішінде өнер адамдарына (ақын, жазушы, суретші және т.б.) сүйеу болғандарға, қоғамдық маңызы бар мәдени жобаларды іске асырғаны үшін беріледі;
  7. «Ақпараттық қолдаушы» – әлеу­меттік мәселелерге жұрт­шылық назарын аудартқаны, көмекке мұқтаж жандар туралы ақпарат беріп отырғаны, қайы­рымдылық мәселесін БАҚ-та көтергені үшін беріледі;
  8. «Жылдың қайырымды адамы» – әртүрлі бағыттағы қайы­­рымдылық іс-шараларға қа­тысып, ұйымдастырғаны үшін беріледі;
  9. «Жыл ұйымы» – ірі қайы­рымдылық жобалар мен акцияларды ұйымдастырғаны үшін, әлеуметтік жобаларға бас демеу­шілік көрсеткені үшін беріледі;
  10. «Денсаулық сақтау сала­­сына қолдау көрсеткені үшін» – медициналық ұйым­дарға ма­те­риалдық және қаржылай кө­мек көрсетіп, сонымен қатар, медициналық қызметтің сапасын, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсеткені үшін.
  11. «Қазақстанның өркен­­деуіне қосқан үлесі үшін» – Қа­зақ­стан аумағында материал­дық және қаржылай көмек көр­сеткен шетелдік азаматтар үшін (тек жеке тұлғаларға арналған).
X Ұлттық қоғамдық «Алтын Жүрек» сыйлығына қатысу үшін өтініш үлгісін www.altynzhurek.kz, www.baurzhan.kz сайтынан, сонымен қатар, gulzat.sakhova@baurzhan.kz, info@altynzhurek.kz электронды пошталарына хат жазу арқылы алуға болады. (Өтініштер және қосым­шалар­ды қабылдау мерзімі –3 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында, сағат 15.00-ге дейін). Құжаттар 1 данамен 050057, Алматы қаласы, Тимирязев к, 71 үй, 3 кеңсе мекенжайына поштамен жіберілді немесе өз қолымен апарып беріледі. Сондай-ақ, жоғарыда аталған электронды поштаға жіберуге болады. Толық ақпаратты 8(727) 315-15-11, 274-57-49, 8 707 437 16 01 теле­­­фондарына хабарласу арқылы біле аласыздар. X Ұлттық қоғамдық «Ал­тын Жүрек» сыйлығының же­ңім­паздары 2016 жылы 27 қазан күні Абай атындағы МАОБТ ғи­маратында өтетін салтанатты кеште анықталады.