03 Қыркүйек, 2016

Әр алуан әлем

224 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
02-09-16-studentЖоғалды деген студент оқытушы болып жүр Бұдан 12 жыл бұрын кенеттен жоғалып кеткен америкалық студент қазіргі күндері КХДР лидері Ким Чен Ынға ағылшын тілін үйретіп жүрген көрінеді. Адам айтса сенгісіз бұл оқиғаның желісі 2004 жылы Қытайда басталған. Сол кезде Юньань провинциясын аралап жүргенінде үшті-күйлі жоқ болып кетіп, кейін түсініксіз жағдайда қаза тапты деп есептелген Бригам Янг атындағы университеттің 24 жасар студенті Дэвид Снеддон жақында ғана Солтүстік Корея жерінен табылған. Болжам бойынша, АҚШ-тың Небраска штатында туып-өскен жігіт сол жолы «Секіруші жолбарыс шатқалында» қаза тапқан. Алайда, оның денесі сол күйі табылмапты. Сөйтсе, ол әлдеқандай бір жолмен Корея түбегіне әкетіліп қалған екен. 02-09-16-roddomПерзентханада ауысып кеткендерін 41 жылдан кейін білді Канаданың 41 жастағы екі тұрғыны өздерінің перзентханада ауыстырылып кеткендерін 41 жылдан кейін бір-ақ біліп жатыр. Бұл оқиға Norway House Indian Hospital ауруханасында 1975 жылы орын алған. Бірақ, бұлардың туған мерзімдері арасында үш күн айырмашылық болған. Соған қарамастан, екеуін мүлдем басқа екі адам асырап өсірген. Ал Леон Свенсон мен Дэвид Тейт осы кезге дейін бір қалада тұрып келсе де, бір-бірімен ешқашан қайтып кездеспеген. Дәрігерлердің қателігін ДНК-тест анықтап берді. Жігіттер өздері жатқан ауруханада балаларды алмастырып алу оқиғасы болғанын естігеннен кейін тексерілуге келген. Олардың екеуі де биологиялық ата-аналары басқа екенін білгесін, екі жақпен де туғандарындай қарым-қатынас жасайтын болып келіскен. 02-09-16-narkotorgovetsЕсірткі саудагері жертөледе үш жыл отырған Ресейдің Липецк облысында орман ішіндегі жертөледе үш жыл тығылып отырған есірткі саудагері қолға түсті. Бұған дейін 40 жастағы азаматқа есірткі таратушы ретінде күдік таңылып, оған федералды іздеу жарияланған. Сол кезде Грязь ауданы жеріндегі орманға тығылған қылмыскер жерді терең қазып, өзіне баспана жасап алған. Оның қайда екенін анықтаған тәртіп сақшылары ұстау үшін де көп адам қатысқан операция ұйымдастырды. 02-09-16-djekobi1992 жылғы Олимпиаданың алтын медалі қоқыстан табылды АҚШ-тың Джордия штатындағы Атланта қаласында тұратын жеті жасар Хлое Смит деген қыз үй жанындағы қоқыс жәшігі ішінен 1992 жылғы Олимпиялық ойындардың алтын медалін тауып алды. Кішкентай қыз тамыздың 30-ы күні әкесімен бірге жәшіктің жанынан өтіп бара жатады. Кенет оның қырағы көзі қоқыстар арасында жалтырап жатқан затты байқап қалады. Сосын алып қараса, онысы алтын медаль болып шықты. Кейін анықталғандай, ол Барселонада Скотт Стросбомен бірге екі кісілік каноэмен жарысуда бірінші орынды жеңіп алған Джо Джекобидікі екен. Қыз спортшымен хабарласып, медалін өзіне қайтып береді. Ол наградасын машинасын тонаған біреулердің алып кеткенін айтыпты. 02-09-16-juraevyВладимирдегі тәжік өзінің ұлына Путин деген ат берді Ресейдің Владимир облысында тұратын Тәжікстан тумалары – Джураевтар отбасы ұлдарының атын Путин деп өзгертуге ұйғарым жасады. Облыстың Александров ауданына қарасты Легково деревнясында тұратын Джураевтар мұнда бұдан біраз жыл бұрын өздері туып-өскен Тәжікстаннан келген. Олар алдымен Мәскеуге тұрақтапты, сосын осы жаққа қоныс аударған. Олардың есімі ауыстырылып жатқан ұлдары Расулдың жасы бір жарымда екен. Баланың атын осылай етіп ауыстыруды оның атасы Рахмон Джураев ұсыныпты. Ол Владимир Путинге табынушы көрінеді. Ресей президентіне қатты берілгені сондай, үйінің ішіне оған арналған шағын музей де ашып алыпты. 02-09-16-datt7Үнді балуаны Олимпиаданың күміс медалінен бас тартады Үнді балуаны Йогешвар Датт 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиялық ойындардың күміс медалі өзіне беріле қалса, оны алмайтынын бірден ашып айтты. Мәселе мынада. Осының алдында ғана сол Ойындарда екінші орын алған ресейлік еркін күрес шебері Беслан Кудуховтың допинг-сынамасының оң нәтиже бергені туралы сөз қозғалған болатын. Ал солай бола қалған жағдайда осетин жігітінің күміс медалі Даттқа берілуі тиіс. Бірақ Йогешвар 2013 жылдың соңында автомобиль апатынан қаза тапқан атлеттің жүлдесін ешқашан ала алмайтынын білдірді. «Біз ұлы балуанның рухын сыйлап, оның артында қалған отбасын құрметтеуіміз керек», деді ол. Ақпарат агенттіктерінің материалдары бойынша дайындалды