03 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығы №387

419 рет
көрсетілді
32 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 23 сәуір,  Астана қаласы Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын бекіту туралы «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-6) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К.Божкоға жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр полиция генерал-лейтенанты Қ.ҚАСЫМОВ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №387 бұйрығымен бекітілген Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидалары 1. Жалпы талаптар 1. Осы Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту тәртібін белгілейді. 2. Азаматтық қорғау құралымдары, ұйымдар құрған және бейбіт және соғыс уақытында авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арналған азаматтық қорғау күштері құрамындағы болып табылады. 3. Азаматтық қорғау құралымдары: мақсаты бойынша – негізгі және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды қамтамасыз ететін; бағыныстылығы бойынша – аумақтық және объектілік болып бөлінеді. 4. Негізгі құралымдарға: барлау, құтқару, медициналық, инженерлік, өртке қарсы, авариялық-техникалық, радиациялық және химиялық қорғау жатады. Қалған азаматтық қорғау құралымдары авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды қамтамасыз етушілерге жатады. 5. Азаматтық қорғаудың аумақтық құралымдары облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, қалаларда, аудандарда құрылады, әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті азаматтық қорғаныс бастықтарына бағынады. Аумақтық құралымдардың құру базасы ұйымдар болып табылады. 6. Азаматтық қорғаудың объектілік құралымдары ұйымдарда құрылады және олардың мүддесінде пайдаланылады. 7. Азаматтық қорғау құралымдарының есебін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі жүргізеді. 2. Азаматтық қорғау құралымдарын құру 8. Азаматтық қорғаудың құралымдары орталық және жергілікті атқарушы органдарда, ұйымдарда құрылады. 9. Азаматтық қорғау құралымдарының жеке құрамының жалпы саны: жер сілкінісіне ұшырағыш аймақтар үшін халықтың он адамына құралымның бір мүшесі есебінен; басқа өңірлер үшін халықтың жиырма адамына құралымның бір мүшесі есебінен есептеледі. 10. Азаматтық қорғау құралымдарындағы қажеттілік есептерін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес: орталық атқарушы органға тікелей бағынатын, салалық кіші жүйедегі азаматтық қорғаудың құралымдары үшін – орталық атқарушы органның азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелері әзірлейді және тиісті орталық атқарушы орган бекітеді; азаматтық қорғаудың аумақтық құралымдары (медициналықтан басқа) үшін – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері әзірлейді және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары бекітеді; азаматтық қорғаудың медициналық құралымдары үшін – денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары әзірлейді және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, қалалардың, аудандардың тиісті жергілікті атқарушы органдары бекітеді; азаматтық қорғаудың объектілік құралымдарында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ұйымдар әзірлейді және олардың бірінші басшылары бекітеді. 11. Азаматтық қорғаудың объектілік құралымдарын ұйымдар құрады, олар мына талаптардың біреуіне сәйкес келеді: 1) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 3-тармағына сәйкес азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатады; 2) жұмылдыру тапсырмалары бар және (немесе) соғыс уақытында жұмысты жалғастырады; 3) ықтимал қауіпті химиялық залалдану және (немесе) ықтимал қауіпті радиоактивтік ластану және (немесе) ықтимал апаттық су басу аймағында орналасады. 12. 50-ден кем адам саны бар орталық атқарушы органдарда және ұйымдарда азаматтық қорғаудың объектілік құралымдары құрылады: әрқайсысы 2 адамнан өртке қарсы, медициналық көмек, байланысты ұйымдастыру. 13. Азаматтық қорғау құралымдарының құрамын және жарақтау нормаларын осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес азаматтық қорғау құралымдарының жұмыстарды жүргізуінің бағдарлық мүмкіндіктері негізінде ұйымдар басшысы бекітеді. Құралымдардың ұйымдастырушылық құрылымы жергілікті жағдайларға, құрылымына және өндірістің ерекшелігіне, қызметтің түріне, жұмысшылардың санына, мүліктің болуына, техникаға, көлік құралдарына және соның базасында азаматтық қорғау құралымдары құрылған ұйымдардың қызметін анықтайтын басқа да факторларға байланысты нақтыланады. 14. Жергілікті жағдайына байланысты және материалдық-техникалық базасы болған кезде тиісті әкімшілік-аумақ­тық бірліктің жергілікті атқарушы органының шешімімен басқа да азаматтық қорғаудың құралымдары құрылады. 15. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін азаматтық қорғаудың аумақтық құралымдарының және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының, объектілік құралымдарының санынан жоғары дайындықтағы шұғыл ден қою жиынтық жасақтары құрылады. 16. Жедел ден қою жиынтық жасақтары азаматтық қорғаудың аумақтық құралымдарының санатына жатады. Жедел ден қою жиынтық жасағының құрамы және командирі азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің ұсынысы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітіледі. 17. Әзірлікке келтіруге берілетін уақыт: азаматтық қорғаудың негізгі құралымдары, оның ішінде шұғыл ден қою жиынтық жасағының құрамына кіретін құралымдар үшін – төрт сағаттан аспау керек; авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды қамтамасыз ететін құралымдар үшін – алты сағаттан аспау керек. 18. Азаматтық қорғау құралымдарына бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерді, жүкті әйелдерді, сегіз жасқа дейінгі жастағы балалары бар әйелдерді және соғыс уақытында – жұмылдыру нұсқаулары бар әскери міндеттілерді қоспағанда, еңбекке қабілетті еркектер мен әйелдер қабылданады. Бейбіт уақытта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін құралымдарға жұмылдыру ұйғарымы бар әскери міндеттілер кіргізіледі. Соғыс уақытында жұмылдыру ұйғарымы бар адамдар азаматтық қорғау құралымдары құрамынан шығарылады (мұндай жағдайда оларды ауыстыратын дублерлер дайындалады). 3. Азаматтық қорғау құралымдарын ұстау және материалдық-техникалық қамтамасыз ету 19. Азаматтық қорғау құралымдары жұмылдыру жариялау кезінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға қоюға арналмаған автомобильмен, инженерлік (арнайы) және басқа да техникамен жарақталады. 20. Азаматтық қорғау құралымдарын техникамен, жабдықпен, жарақпен, аспаптармен және материалдармен материалдық-техникалық қамтамасыз ету ұйымдарда өз қызметін қамтамасыз етуге арналған техника мен мүлік есебінен жүзеге асырылады. 21. Елуден аспайтын адам саны бар ұйымдарда, сондай-ақ орталық атқарушы органдарында объектілік азаматтық қорғау құралымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету басшының шешімімен жүзеге асырылады және оған: әр құралым мүшесіне өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы - екі дана, азаматтық қорғау басқару органдарына арналған келіссөз құрылғысы жатады. 22. Тыныс алу органдарын қорғау құралдарымен азаматтық қорғау құралымдарын құратын ұйымдар мен орталық атқарушы органдар есебінен азаматтық қорғау құралымдарының әрбір мүшесі қамтамасыз етіледі. 23. Жаһандық және өңірлік ауқымдардағы төтенше жағдайлары жою жөніндегі күш пен құралдар құрамына кіретін, азаматтық қорғау құралымдары төтенше жағдай аймақтарында және зақымдану ошақтарында он төрт тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге дайын болуы тиіс. 4. Азаматтық қорғау құралымдарын даярлау және тарту 24. Азаматтық қорғау құралымдарын дайындауға: 1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінде құралымдар басшыларын оқыту; 2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес азаматтық қорғау құралымдарының жеке құрамын дайындау бағдарламасы бойынша жеке құрамды оқыту; 3) азаматтық қорғау құралымдарының азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығулар мен машықтануларға, сондай-ақ төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою іс-шараларына қатысу кіреді. 25. Азаматтық қорғау құралымдарын дайындауды ұйымдастыруды құралым командирлері жүзеге асырады. 26. Азаматтық қорғау құралымдарын дайындау оқу-жаттығу қалашықтарында, жергілікті жерлердің немесе ұйым аумағының учаскелерінде жүзеге асырылады. 27. Азаматтық қорғаудың құралымдары оқу-жаттығуларға және машықтануларға арнайы техниканың, жабдықтардың, жарақтардың, аспаптар мен материалдардың қажетті санымен толық құрамда қатысады. 28. Азаматтық қорғау құралымдарын дайындау кезінде авариялық-құтқару аспабын, электр қондырғыларын, компрессорларды қауіпсіз пайдалануға және оларға күтім жасауға, тыныс алу және тері ағзаларын қорғау құралдарымен жұмыс істеуге, сондай-ақ басқа да технологиялар мен арнайы жарақтарды (альпинистік, сүңгуір) қолдануға ерекше назар аударылады. 29. Азаматтық қорғаудың аумақтық және объектілік құралымдарын тартуды әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті азаматтық қорғаныс бастықтары, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою басшысы белгілейді. 30. Ұйымдарға төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшін солар құрған азаматтық қорғау құрылымдарын тартқаны үшін шығындардың орнын толтыру Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабының 8-тармағына сәйкес жүргізіледі. Азаматтық қорғау құрылымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларына 1-қосымша Азаматтық қорғаудың құралымдарындағы қажеттілік есебі Р/с №    Құралымдарың атауы    Құралым ж/қ ұсынылған саны    Облыстар, Астана, Алматы қалалары    Азаматтық қорғаныс бойынша топқа жат-қызылған қала    Қала- лық аудан-дар    Село-лық аудан-дар 1    Шұғыл ден қою жиынтық жасағы    Қағидалардың 14- тармағына сәйкес    1    1    1    1 2    Адамдарды іздеу және құтқару командасы    50-70    1    1    -    1 3    Әуе барлау буыны    3-5    1    1    -    - 4    Өзен (теңіз) барлау буыны    3-5    Өзен (теңіз) бағытына 2 буын құрылады 5    Теміржол барлау буыны     3-5    Темір жол бағытына 2 буын құрылады 6    Құтқару командасы    50    Тиісті аумақтық-әкімшілік бірлік әкімінің шешімі бойынша 7    Алғашқы медициналық көмек көрсету жасағы    150    Бейбіт уақытта аурухана желісіне 500 төсек-орын 1 жасақ құрылады 8    Жұқпалы ауру жылжымалы госпиталі    60 Жұмылдыру резерві есебінен жұмылдыру тапсырманың негізінде құрылады 9    Хирургиялық жылжымалы госпиталь    60 10    Токсикологиялық-терапевтік жылжымалы госпиталь    60 11    Медициналық қызметтің эпидемияға қарсы жылжымалы жасағы    60 12    Мамандандырылған медициналық көмек бригадасы    5    Республикалық, облыстық, көпбейінді, қала-лық емдеу мекемелері (ауруханалар) құрады 13    Инженерлік команда    37    Ықтимал жағдайға байланысты 14    Жол-көпір командасы    55    1-ден кем емес    1-ден кем емес    1-ден кем емес    1-ден кем емес 15    Инженерлік барлау буыны    3    1-ден кем емес    1-ден кем емес    1-ден кем емес    1-ден кем емес 16    Электр желілері бойынша авариялық-техникалық команда    45    Ықтимал төтенше жағдайларға байланысты 17    Газ желілері бойынша авариялық-техникалық команда    35    Ықтимал төтенше жағдайларға байланысты 18    Су өткізу желілері бойынша авариялық-техникалық команда    43    Ықтимал төтенше жағдайларға байланысты 19    Кәріз желілері бойынша авариялық-техникалық команда    43    Ықтимал төтенше жағдайларға байланысты 20    Жылу желілері бойынша авариялық-техникалық команда    37    Ықтимал төтенше жағдайларға байланысты 21    Байланыс авариялық-қалпына  келтіру командасы    24    1    1    1    1 22    Тамақтандыру жылжымалы пункті    18    Зардап шеккен халықтың және азаматтық қорғау құралымдары жеке құрамының                    1500 адамын ыстық тамақпен қамтамасыз ету есебінен құрылады 23    Азық-түлікпен жабдықтаудың жылжымалы пункті    9    Зардап шеккен халықтың және азаматтық қорғау құралымдарының жеке құрамына 4000 құрғақ азық беру есебінен құрылады 24    Заттай жабдықтаудың жылжымалы пункті    19    Бір рейсте жеткізу және 1400 жиынтық беру есебінен құрылады 25    Автомобильге жанармай құю жылжымалы станциясы    3    Азаматтық қорғау құрылымдарының әр 400-500 техникасына біреу 26    Жөндеу-қалпына келтіру жылжымалы пункті    20    1-ден кем емес    1-ден кем емес    1-ден кем емес    1-ден кем емес 27    Су тасу буыны    7    Зардап шеккен халықтың және азаматтық қорғау құралымдары жеке құрамының 7,5 мың адамын ауыз сумен қамтамасыз ету есебінен құрылады 28    Халықты тасымалдау автоколоннасы    27-36    Бейбіт уақыттағы және соғыс уақытындағы ықтимал жағдайларға байланысты тиісті азаматтық қорғаныс бастығының  шешімі бойынша 29    Жүктерді тасымалдау автоколоннасы    20 30    Автосанитариялық жасақ    190 31    Эвакосанитариялық пойыз    94 32    Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау командасы    -    1-ден кем емес    1-ден кем емес    1-ден кем емес    1-ден кем емес 33    Басқа жасақтар, командалар, буындар    -    Бейбіт уақыттағы және соғыс уақытындағы ықтимал жағдайларға байланысты тиісті аза-маттық қорғаныс бастығының шешімі бойынша Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларына 2-қосымша Азаматтық қорғаудың объектілік құралымдарындағы қажеттілік есебі Азаматтық қорғау құралымдарының атауы <*>    Ұсынылатын жеке құрам саны, адам Құтқару командасы    103 Жиынтық топ    44 Құтқару тобы    35 Барлау тобы    16 Ветеринариялық бақылау тобы    4 Фитопатологиялық бақылау тобы    4 Байланыс тобы    15 Байланыс буыны    7 Қоғамдық тәртіпті сақтау командасы    44 Қоғамдық тәртіпті сақтау тобы    16 Өртке қарсы команда    25 Өртке қарсы буын    6 Авариялық-техникалық команда    44 Санитариялық жасақ    23 Санитариялық бекет    4 Радиациялық, химиялық және биологиялық байқау бекеті    3 Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау командасы <**>    108 Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау  тобы <**>    44 Радиациялық, химиялық және биологиялық барлау тобы <**>    15 Автомобильге жанармай құю жылжымалы станциясы    5 Эвакуациялау тобы (техникалық)    12 Су тасу буыны    6 Паналайтын жерлер мен жасырын паналарға қызмет көрсету жөніндегі топ, буын    <***> <*> Объектілік құралымдар объектілерде ұйым басшысының шешімі бойынша бейбіт уақытта және соғыс уақытында ықтимал жағдайға байланысты құрылады. <**> Күшті әсер ететін улы заттарды өндіретін немесе пайдаланатын химиялық қауіпті объектілерде құрылады. <***> Бейбіт уақытта. Қорғаныш құрылыстарын өрістету кезінде сыйымдылығы 150 адамға дейін – 10 адам, 150-ден 600 адамға дейін – 21 адам, 600 адамнан астам – 36 адам. Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларына 3-қосымша Азаматтық қорғау құралымдарының жұмыстарды жүргізуін бағдарлық мүмкіндіктері Р/с №    Құралымдар атауы    Жұмыс жүргізудің бағдарлық мүмкіндіктер 1    Әуе барлауы буыны    1 сағат ішінде бір бағыттағы барлау: 220 шақырым (ұшақпен), 120 шақырым (тікұшақпен) 2    Өзен (теңіз) бар­лауы буыны    Ұзындығы 50 шықырым дейінгі бір бағыттағы барлау 3    Темір жол барлауы буыны    Ұзындығы 50 шақырымға дейінгі бір сағат ішіндегі бір бағыттағы барлау 4    Алғашқы медициналық көмек жасағы     500 жарақаттанушыға дәрігерлік көмек көрсету 5    Мамандандырылған медициналық көмек бригадасы    Шамамен 8-10 жарақаттанушыларға мамандандырылған көмек көрсету 6    Инженерлік команда    10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық  мүмкіндіктері: қаланың, елді мекеннің, объектінің - 0,03 шаршы шақырым; құрылыстың қирау деңгейін, үйінділер сипатын  барлау - 0,015 шаршы шақырым;  паналау орындарының, ПРУ жағдайын бағалау-25 құрылыс; үйінділер бойынша жүру жолдары құрылыстарының ені 3-4 метрден 1 шақырымға дейін; үйінділерді жаппай жинау - 50-200 м; көміліп қалған паналау орындарын, ПРУ, 4-5 құрылыстардың қазу және  ашу. 7    Жол-көпір командасы    10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктер: елді мекендердегі үйінділерде өту жолдарын (жүру жолдарын) тазарту: а) ғимараттың биіктігі 3-4 қабат болған кезде ені 8-10 метр көшелерде - 0,65- 4,0 шақырым, ғимараттың биіктігі 5-6 қабат болса - 0,20-0,35 шақырым; б) ені 12-15 м көшелерде ғимараттың биіктігі 5-6 қабатты болса - 0,5-1 шақырым жүру жолдарын тазарту. Елді мекендерде үйінділердің үстінен 1,7-5,0 шақырым жүру жолдарын жасау. Жолдың беткі қабатын (шұңқырлы жөндеулер) қалпына келтіру: қиыршық тасты - 500 шаршы метр, ұсақталған тас кесекті- 650 шаршы метр; бетонды асфальт – 500 шаршы метр;  ені 6 метр жолдың жүру  жағын кескіндеп жөндеу жұмыстары – 6,5 шақырым, қиыршық тас -10 шақырым, 100-200 метр ірі теміржол элементтерінің үйінділерінен ені 3 -3,5 метр көшенің жүру жолын тазарту. Биіктігі 1,5-2 метр үйінділерді көшелердің жүру жолдарының 400-500 шаршы метр ауыстыру. 100-120 пм көпірді жөндеу және қалпына келтіру. 8    Инженерлік барлау буыны    10 сағат  жұмыс уақыты ішінде бағдарлық мүмкіндіктері: ұзындығы 75-100 шақырым 2-3 бағытты барлау; - ауданы 1 шақырым зақымдау ошағын барлау, 20-30 дана көміліп қалған паналау орындарын барлау. 9    Электр желілері бойынша авариялық-техникалық команда 10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: 1. Мына жұмыстарды орындау арқылы 35, 110, 220 кВ екі кіші станциядағы аварияларды жою: май ажыратқыштарды жүргізуді ауыстыру; қуатты трансформатордағы жүргізуді ауыстыру; Круп ұяшығын орнату; Круп ұяшығына күш кабелін төсеу; жабдықтарды орнату орындарының аумағын тазарту; ажыратқыштарды қалпына келтіру; шиналарды қалпына келтіру;  жабдықтарды орнату орындарындағы аумақтарды  дезактивациялау. 2. Мына жұмыстарды орындау арқылы 35, 110, 220 кВ электр беру желілеріндегі аварияларды жою: сау қалған тіректердің сымдарын құрастыру; (бір тізбе – үш сым): 35 кВ - 2,5 км, 110 кВ - 2 км, 220 кВ - 1 шақырым; сымдарды құрастырып, уақытша ағаш тіректерін қондыру: 35 кВ - 4 шақырым, 110 кВ - 3 шақырым, 220 кВ - 2 шақырым; сымдар мен ажыратқыштарды жарым-жартылай ауыстырып, сымдарды жөндеу; 35 кВ - 1-2 шақырым, 110 кВ - 1-1,5 шақырым, 220 кВ - 1 шақырым; сау қалған тіректерін дезактивациялау: 35 кВ - 4 шақырым, 110 кВ - 3 шақырым, 220 кВ – 3 шақырым; тарату пунктінің бөлмелерінде май ажыратқыштар ұяшығының зақымдалған жабдықтарын ауыстыру; құатты трансформаторын кернеулікке 6-10 кВ- 2 данамен ауыстыру;  бүрмені ауыстыру (көлемі 5 - 10 орын) кернеулігі 6-10 кВ- 2 дана; 11 метрге дейін 14-16 дана ағаш тіректерін қондыру; уақытша ағаш тіректері арқылы қимасы 16-70 мм сымның құрастыру 2 шақырым; ауа жүргізулерін қондыру - 20 дана. 10    Газ желілері бойынша авариялық - техникалық команда    10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: үйінділерді ашып, үй ішіндегі газбен қамтамасыз ету желісінің зақымдаған учаскісін ажырату: біиктігі 1 метр – 45 учаскеге дейін, 2 метр – 20 учаскеге дейін; қирамаған құдықтарды ашу және газбен қамтамасыз ету желісін үй ішіне кірер жерден жабу – құдықтар саны 150-ге дейін; жер төленін сау қалған кезде басқыш алаңында үйінділерді ашып, газбен қамтамасыз ету желісінің үй ішіндегі тарату сымды ажырату зақымдаған учаскесін ажырату - (ажырату) - 20 11    Су өткізу желілері бойынша  авариялық-техникалық команда    10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: 1. Үйінділерді ашып, құдықтарды ашып-жабу арқылы қираған сумен қамтамасыз ету желілерінің учаскі­лерін ажырату, үйінділердің биіктігі  1 метр болса – 30 учаске, 2 метр – 10 учаске; 2. Үйінділерді ашып, құдықтарды ашу және ысырмаларын жабу арқылы сумен қамтамасыз ететін үй ішіндегі желісінің қираған учаскісін ажырату: үйінділердің биіктігі 1 метр болса – 50 учаске, 2 метр – 25 учаске; ысырмаларын жөндеу – 6 дана, құдықтарды қолмен тазарту – 20; өрт гидранттарын жөндеу – 15; шығару орындарын тазарту –15; құдықтар айналасындағы ойылған жерлерді жою – 20; тұрмыстық құдықтарды жөндеу – 5; үйдің су кірістеріне қақпақшаларды қою - 5; тұмыстық желісін гидравликалық тазарту -30; шойын колонкаларды жөндеу – 20. 12    Кәріз желілері бойынша авариялық-техникалық команда    10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: 1. Үйінділерді ашып, құдықтарды ашып-жабу арқылы қираған кәріз желілерінің учаскілерін ажырату, үйінділердің биіктігі 1 метр болса – 30 учаске, 2 метр – 10 учаске. 2. Үйінділерді ашып, құдықтарды ашу және ысырмаларын жабу арқылы үй ішіндегі кәріз желісінің қираған учаскесін ажырату: үйінділердің биіктігі 1 метр болса – 50 учаске, 2 метр – 25 учаске; ысырмаларын жөндеу – 6 дана, құдықтарды қолмен тазарту – 20; өрт гидранттарын жөндеу – 15; шығару орындарын тазарту -15; құдықтар айналасындағы ойылған жерлерді жою – 20; тұрмыстық құдықтарды жөндеу – 5; үйдің су қірістеріне қақпақшаларды қою - 5; тұрмыстық желісін гидравликалық тазарту -30; шойын колонкаларды жөндеу – 20. 13    Жылу желілері бойынша авариялық-техникалық команда    10 сағат  жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: 1. Құдықтар үстінен үйінділерді ашып, қақпақшаларды орнатып қираған жүйелер учаскілерін ажырату, үйінділердің биіктігі 1 метр болса – 25 учаске, 2 метр – 10 учаске; үйінділердің биіктігі 1 метр болса – 40 учаскеде, 2 метр болса – 15 учаскеде құдықтар үстінен үйінділерді ашып, құдықтарды ашып және қақпақшаларды орнатып жылумен қамтитын үй ішіндегі жүйелердің қираған учаскелерін ажырату. 14    Тамақтандыру жылжымалы пункті    10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: қоректену пункті 1500 адамға дейін тамақтандыра алады. 15    Азық-түлікпен жабдықтау жылжымалы пункті    10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: Пункт 4000 құрғақ азықты жинақтай алады және бере алады. 16    Жылжымалы жабдықтау пункті    10 сағат  жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: Пункт зардап шеккендерге  (зақымдалғандарға) 1400 жинаққа дейін ауыстыратын киім-кешектер мен аяқ киімдерді жеткізе алады  және  бере алады. 17    Автомобильге жанармай құю жылжымалы станциясы    10 сағат  жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: Станция 400-500 бірлік техникаға ЖЖМ құюды қамтамасыз ету станциясы 18    Жылжымалы жөндеу-қалпына келтіру командасы    10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: ағымдағы 5 жөндеу жұмыстары 19    Су тасу буыны    10 сағат  жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: нормасы 1 адамға тәулігіне 10 литр су болған кезде 75 мың литр суды әкеліп 7,5 мың адамды қамтамасыз ете алады. 20    Халықты тасымалдау автоколоннасы     10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері (60 шақырымға тасымалдау кезінде): Колоннаның жолаушылар сыйымдылығы – тасымалданғандардың саны. Колонна үшін: 880-1200/2200-3000  адамдар автобуспен, жүкті автокөліктер 440-600/1100-1500 адамдар, жүкті өзі көтеретін 330-460/825-1125 адам, жеңіл көліктер 80-120/200-300 адам. 21    Жүктерді тасымалдау автоколоннасы    10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: жүк көтергіш 38-45 тонна тасымалдайды, 95-120 тоннаға дейін 237-275 тіркеме жүкті. Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларына 4-қосымша Азаматтық қорғау құралымдарының жеке құрамын дайындау бағдарламасы Р/с №    Тақырыптар атауы    Сабақтар түрі    Өткізу уақыттары, сағатпен Жалпы тақырып 1    «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. Азаматтық қорғау саласында Қазақстан Республикасының негізгі нормативтік құқықтық актілері    дәріс     1 2    Азаматтық қорғаудың негізгі міндеттері мен қағидаттары    дәріс     1 3    Төтенше жағдайлар сыныптамасы. Ұйымдар аумағындағы ықтимал төтенше жағдайлар    дәріс     1 4    Байланыс, құлақтандыру және ақпараттық қамтамасыз ету жүйелері. Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметі. Ұйымдардағы құлақтандыру және байланыс тәртібі    сыныптық-топтық    1 5    Азаматтық қорғау саласындағы шартты белгі таңбаларын, олардың мақсатын және олар бойынша әрекет ету    сыныптық-топтық    1 6    Азаматтық қорғаныс жоспары және объектілік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарларын жою жөніндегі іс-қимыл жоспары     дәріс     2 7    Азаматтық қорғауды бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына ауыстыру     дәріс     1 8    Соғыс қақтығыстарын жүргізу кезінде жұмыскерлер мен объектілерді қорғау жөніндегі азаматтық қорғаныс іс-шаралары     сыныптық-топтық    1 9    Дүлей зілзалалар, авариялар, апаттар кезінде ұйымдастырудағы ықтимал ахуалдарды бағалау    сыныптық-топтық    1 10    Жергілікті жерлердің радиоактивті зақымдануы. Сәулелену дозасы туралы негізгі түсінік. Әртүрлі сыртқы қабат пен объектілердің зақымдануының жол берілетін деңгейі    сыныптық-топтық    1 11    Дозиметриялық және химиялық бақылау     сыныптық-топтық    1 12    Химиялық, радиациялық, жарылыс және өрт қауіпті кәсіпорындарда өндірістік персоналдар мен материалдық-техникалық құралдарды қорғауды ұйымдастыру    сыныптық-топтық    1 13    Радиоактивті заттармен, бактериялық құралдармен және күшті  әсер ететін улы заттармен зақымдану кезінде азаматтық қорғау құралымдарының жеке құрамын арнайы тазартудан өткізуді ұйымдастыру    сыныптық-топтық    2 14    Дүлей зілзалалардың, авариялардың және апаттардың салдарларын жою бойынша авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу    сыныптық-топтық    1 15    Жұмысшыларды, қызметшілерді және олардың отбасыларын эвакуациялау. Шұғыл эвакуациялауды жүргізу тәртібі. Эвакуцияланған халықты қауіпсіз аймаққа қабылдау және орналастыру    сыныптық-топтық    1 16    Ұйымдардың қорғау құрылыстары    сыныптық-топтық    1 17    Жеке қорғау құралдарын жинау тәртібі, оларды сақтау және беру қағидалары    сыныптық-топтық    1 18    Азаматтық қорғау авариялық-құтқару қызметтері және құралымдары. Азаматтық қорғау қызметтері     сыныптық-топтық    1 19    Төтенше жағдайлар туындау кезінде мақсаты бойынша іс-қимылға  авариялық-құтқару қызметтері құралымдарын даярлауды ұйымдастыру    сыныптық-топтық    1 20    Авариялық-құтқару қызметтері құралымдары іс-қимылдарын  материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру    сыныптық-топтық    1 21    Азаматтық қорғау құралымдарын әзірлікке келтіру кезіндегі жеке құрамның іс-қимылдары    практикалық    2 22    Төтенше жағдайлар кезіндегі азаматтық қорғау құралымдары жеке құрамының іс-қимылдары    практикалық    2 23    Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындауы кезіндегі халықтың іс-қимылы    практикалық    1 24    Террористік акті қаупі және оның туындауы кезіндегі басшы құрамның іс-қимылы    сыныптық-топтық    1 25    Террористік акті қаупі және туындауы кезіндегі халықтың іс-қимылы     практикалық    1 26    Өрт туындауы кезіндегі халықтың іс-қимылы    практикалық    1 27    Радиациялық қауіпті кәсіпорындарда авария болған кездегі халықтың іс-қимылы    практикалық    1 28    Су басу кезіндегі қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу    сыныптық-топтық    1 29    Жеке қорғану құралдарын беру пункттерінде халықтың іс-қимыл тәртібі. Тыныс алу органдарын және теріні қорғау құралдарын пайдалануға дайындау    практикалық    1 30    Төтенше жағдайларды жою кезінде авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары    сыныптық-топтық    2 31    Электр энергиясын, газды өндірісте және тұрмыста қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары    сыныптық-топтық    1 32    Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін  жұмыстарды жүргізу барысында жарақаттану, күю, ұзақ уақыт жаншылып, қысылу синдромы кезінде өзіне-өзі және өзара көмек көрсету    практикалық    2 33    Жеке қорғанудың медициналық құралдары. Оларды беру, сақтау және қолдану тәртібі    сыныптық-топтық    1 Ескертпе: сабақтың тақырыптарын оқыту құралымның мақсатын есепке ала отырып айқындалады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 2 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11273 болып енгізілді.
Соңғы жаңалықтар

Оқырманға жол тартты

Басылым • Бүгін, 00:25

Ғасырлар үні

Руханият • Бүгін, 00:13

Керек дерек

Технология • Кеше