19 Ақпан, 2011

Баға белгілеу бақылаусыз болмауы тиіс

447 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен селекторлық кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кеңеске қатысушылар ел өңір­лерінің азық-түлік және же­міс-көкөніс рыноктарындағы ағым­дағы ахуалды, сол сияқты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінен қысқа мерзімді және орта мерзімді шаралар қабылдау мәселелерін тал­қылады. Онда Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова, Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев, Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаев, Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов, сол сияқты жергілікті атқару органдары мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар бас­шы­лары баяндама жасады. Талқылау қорытындысы бой­ынша К.Мәсімов облыстардың, Астана және Алматы қалалары­ның әкімдеріне азық-түлік тауар­лары рыноктарындағы баға белгілеуге бақылауды күшейтуді тап­сырды. Орталық атқару орган­дарына Кеден одағы шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтар мен ағымдағы ахуалды ескере отырып, ішкі рынокты азық-түлік тауарларымен молықтыру және бағаны тұрақтандыру жөнінен ке­шенді де жүйелі іс-шаралар әзір­леуді аяқтау жүктелді. Премьер-Министр әлеуметтік маңыз­ды тауарларға баға белгілеуді жетілдіру мәселесіне, агроөнеркәсіп кешеніне мемлекеттік қолдау көр­сету нәтижелерін арттыруға, азаматтардың жекелеген топ­та­ры­на атаулы көмек көрсетуге, сол сияқты тариф белгілеу мен субсидиялау мәселелерінде орталық және жергілікті атқару орган­да­ры­ның өзара іс-қимылдарын кү­шей­туге назар аудару қажеттігін атап көрсетті. Әкімдіктерге өнімдер баға­лары­ның қымбаттауына және базарлар мен сауда үйлері басшы­ларының сауда орындары үшін арендалық ақыны негізсіз көтеруі салдарынан іскерлік белсенділік­тің төмендеуіне жол бермеу жө­нінен шаралар қа­былдау міндеттелді. Құқық қор­ғау және бақы­лау органдарына азық-түлік тауар­­ларын өнді­ре­тін ірі дилер­лердің, сондай-ақ әлеуметтік ма­ңызды тағам өнім­дерін сататын делдалдардың сауда қызметіне ба­қылауды күшейту жөнінде тап­сырма берілді.