Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен облыстық соттың төрағасы Мұрағали Әкетай құқықтық дауларды реттеу үшін татуластыру рәсімі институтын дамыту мәселелері бойынша өткен кеңес барысында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.
Қазіргі күні татуластыру рәсімі мен дауларды шешудің балама жолдарын кеңінен қолдану және оны түсіндіруге ерекше назар аударылып отыр. Өңірде осы бағытта тұрақты түрде мақсатты және жүйелі жұмыстар жүргізіліп, оң нәтижелерге қол жеткізілуде.
– Адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдірудің басым бағыттарының бірі – татуластыру рәсімі және дауларды сотқа дейінгі шешудің балама жолдары, соның ішінде медиация институтын қолдану. Оның ерекшелігі – тараптардың барлық мәселені сот процесіне дейін шеше алатындығында. Ең алдымен соттардың жұмысы жеңілдейді, сондай-ақ, заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттік баж сомасы қайтарылады, – деп атап өтті өңір басшысы. Оның айтуынша, қазіргі таңда облыс аудандарының әкімдіктерінде медиация кабинеттері ашылып жатыр. Мәселен, қаладағы медиация орталығы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында ашылды.
Жыл басынан бері татуластыру рәсімін қолдану нәтижесінде 724 азаматтық іс аяқталды, оның 509-ы келісімге келу арқылы шешілді, 190 іс бойынша тараптар медиацияға жүгінді, жеке және заңды тұлғаларға 72 миллион теңге көлемінде мемлекеттік баж қайтарылды. Алдағы уақытта әрбір ауданда ашылатын медиация кабинеттері тұрғындарға тұрғылықты мекеннен шықпай-ақ, дауды шешу және ымыраға қол жеткізу мақсатында кәсіби емес медиаторларға жүгінуге мүмкіндік береді. Әкімдіктер жанындағы медиация кабинеттері, сондай-ақ, азаматтарды сот және көлік шығындарынан босатады. Өйткені, міндетті мемлекеттік бажды және өкілдердің қызметін төлеу қажеттілігі болмайды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Ақтөбе облысы

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10