06 Қыркүйек, 2016

Мәселелер шешімін тапты

434 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
ek4(«ЕҚ», «Қайсыбірін айтасың...». 2016 жылғы 2 тамыз) «Қайсыбірін айтасың...» атты Кәмел Жүністегінің «Егеменге» 2016 жылғы 2 тамыз күні шыққан мақаласы аудан әкімдігінде қаралып талқыланды. Мақалада қойылып отырған мәселелер негізінен дұрыс деп табылып тиісті бөлімдер мен қызметтерге онымен шұғылдану жөнінде тапсырмалар берілді. Көтерілген проблемалардың көпшілігі біраз жылдан бері шешілмей келе жатқандығын айта келіп, осы жұмыстардың қазіргі барысы туралы хабардар етпекпіз. Ауыз су мәселесі бойынша Аудан орталығы Ақсу-Аю­лыда бұдан 10 жыл бұрын жаңа су құбыры тартылып, ауылды сумен қамтамасыз ету мәселесі біржола шешілген болатын. Содан бері тұрғындардың 80 пайызы үйлеріне су кіргізіп алып, игілігін көріп отыр. Сани­тарлық-эпидемиялық стан­саның лабораториясы тарапынан ай сайын жүргізілетін сараптамалар ауыз судың сапасы жарамды екенін анықтады. Бұрғыланған 4 ұңғыманың екеуінен берілетін су халыққа жеткілікті. Екеуі резервте тұр, әркез қолданысқа дайын. Осыған қарамастан, су­дың тұ­щылығын арттыру мақ­­­сатында ауылдың батыс жа­ғында бұ­рын анықталған тұщы су көзде­рін пайдалану жобасы күн тәрті­бінен түскен емес. Алайда әзір­ге белгілі қор көлемі аз, су­дың дебиті сорғы (насос) қою­ға кел­мейді. 2015 жылы 1,5 шақы­рым жерден қосымша тағы 3 барлау ұңғымасы бұрғыланды. Олар 1 жылға мониторингтік бақылауға қойылған. Қоры­тын­­дысы үстіміздегі жылдың ая­­ғын­да белгілі болады. Нәти­жесі оң болған жағдайда бұл ұңғымалардан резервуарға қосымша тұщы су беру жұмыс­тары жүргізілетін болады. К.Жүністегінің «СЭС деген мекеме болушы еді, сол қай­да?» деген сұрағына жауап бере кетейік. Облыстық бюд­жеттен ұсталатын бұл мекеме қайта құрылып, өткен жыл­дан бері аудан бойынша тұ­ты­нушылар құқығын қорғау бас­қармасының құрамына енген. Судың, тамақтың сапасына сарап­тама жүргізетін ла­боратория­лар да сонда, тек тап­сырыс, сұраныс бойынша жұмыс істейді. Сондықтан судың тазалығына жау­ап  бере­тін орган өнімді өн­діретін кәсіпорындардың өздері. Екі аудан қосылғанда Ақ­адыр кентінде СЭС-тің аса ірі лабора­ториялары, құрылғылары бол­ды. Оны Шет ауданының орта­лығына көшіретін орын бол­ма­ғандықтан, мәселе үнемі ше­шілмей келеді. Ғимарат салатын орын белгіленіп, жобалық-сметалық құжаттары әзір бол­ғанымен, республикалық бюджет қажетті қаражатты бере алмай отыр. Маңайындағы елді мекен­дерді қосқанда Ақсу-Аюлы окру­гінде 5 мыңнан астам ха­лық тұ­рады. Ондағы бар 3 тойхана шағын, қазіргі талғамға толық сәйкеспейтін. 2015 жылы іске қосылған еңселі де кең «Тілек» тойханасы халықтың сұранысын қанағаттандырып, бір­неше адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұрын ол жерде ескі базар бос тұрды. Кәсіпкер азаматтар сол орынды алып, пайдаға жаратты. Тек маңайын абаттандыру қажет. Сол жерден 50-60 метр жерде бос жатқан алаңға өткен жы­лы сквер салынды, келешекте ор­тасына Дербісалы батырдың ескерт­кішін қою жоспарланып отыр. К.Жүністегінің тағы да бір қоз­ғаған мәселесі – аудан орта­лығындағы қатар жатқан Шор­танбай жырау мен Дербісалы батыр көшелерінің арасын қо­сатын көше салу. Бүгінде бұл бас көшелер екі көлденең кө­шелермен жалғасқан. Өсе түскен автокөлік ағынын азайту мақ­сатында осы көшелердің бас жағынан айналма жол жасалуда. Жол келесі жылы асфальтталмақ. Ал ауыл ішінен тікелей жол салу мол қаржыны, инженерлік жобаны талап етеді. Басты екі кө­шенің арасын ортасынан су ағатын жалпақ өзек, сай бөліп тұр. Сайдың екі жиегіне үйлер салынып кеткен. Интернаттың жағдайы туралы Аудан орталығындағы екі мек­тепте интернатта жатып оқи­тын 30-40 бала бар, алайда интернат үйінің ауылдың бір шетінде, алыс болуы үлкен ыңғайсыздық туғызуда. Мәселе жыл сайын қойылғанымен, барлығы қаржыға тіреледі. Бүгінде қатар тұрған екі орта мектептің жанынан жаңа интернат салу үшін қажетті жер телімі белгіленді. Аталған жер учаскесін рәсімдеуге және жобалық-сме­та­лық құжаттар жасатуға бюджеттен қаржы бөлінбекші. 2017 жылы қар­­жыландыру мәселесі шешілсе, ин­тернат құрылысы басталатын болады. Мақала жарияланған ара­лық­­та оның авторы көтерген екі проб­леманың шешімін тапқанын хабарлаймыз. Біріншісі – 1932 жылы ашар­­шылықта қырылған адам­дардың басына жаңа мемо­риалдық ес­керт­кіш орнатылып, оның рес­ми ашылуы Қазақстан Консти­туциясы күні, «Ақ орамал» ак­циясы аясында салта­натты әрі қаралы жағдайда өткізілді. Мемориалдық кешен­  лентасының қиылуына К.Жү­ністегінің өзі қатысты. Әруа­қ­­­тар жатқан орын қор­шалды. Екіншісі – сол зұлмат жылдары балалар үйі болған ескі үй кейін жеке адамдарға тұрғын үй ре­тінде берілген болатын. Дұрыс ұс­тамағандықтан, үйді апаттық жағдайға келтірген үй иелерімен келісім жасалып, қираған шатыр сырылып тас­талды. Бір қабатты ғимараттың қалған бөлігі сақталып, сыртына мемориалдық тақта қою ұй­ғарылды. Үй мықтап қоршалды. Мақалада қозғалған басқа да мәселелер бойынша мынаны хабарлаймыз. Мақала авторы көтерген, тұщы су қорына жақын жердегі төбенің үстіне мәйітті жерлеу тоқ­татылды. Ол жөнінде ауыл тұр­ғындарымен түсінік жұмыс­тары жүргізілді. Ал ауыл орта­сындағы жалғыз бұлақтың ма­ңайына жұрт бұрыннан үйлер салып, 30-шы жылдардан бері ме­кендеген. Аудан басында кәріз жүйесі жоқ болғандықтан, 300 метр жерден ашылған же­кеменшік монша септикпен жұмыс істейді. Бұлақтың басы күрделі жөндеуден өткізіліп, абаттандырылды, маңайына тақта тастар төселіп, қоршалды. Осы бұлақтың басына жә­не Шерубай-Нұра өзенінің жа­ғасына су қорғау аймағын лас­тамау, көлік құралдарын жумау туралы ескерту тақтайшалар ор­на­тылды. Бұл іске жергілікті полиция да тартылды. Мұхит МҰХТАРОВ, Шет ауданы әкімінің орынбасары Қарағанды облысы