Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев беларусьтік «Столичное телевидение» (СТВ) телеарнасына сұхбатында еуразиялық ықпалдастықтың өзекті мәселелері, ДСҰ және ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық, сондай-ақ Қазақстан мен Беларусь қатынастары туралы айтты, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Қ.Тоқаевтың пікірінше, Еуразиялық экономикалық одақ қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы ерекше геоэкономикалық факторға айналды. Ықпалдастықтың қиындықтары туралы сауалға Сенат басшысы ықпалдастық үдерістері зор күш-жігерді және тиісті біліктілікті талап ететінін атап өтті. Мемлекет басшыларының саяси күш-жігері, ең алдымен, сауда мәселелері бойынша уағдаластықтарда негізгі рөл атқаратыны күмәнсіз екені айтылды.
Жоғарғы палатаның басшысы ЕАЭО-ның іске кірісуінен бірден нәтиже күтуге болмайды деп санайды. «Бірақ, президенттер де, парламенттер де, әрине, біздің елдеріміздің халықтары да экономикалық және гуманитарлық салаларда өте тығыз ықпалдастықты қалайды. Күрделі геосаяси жағдайды есепке алғанда, бұл – негізгі мәселе», – деп атап өтті Қ.Тоқаев.
Сенат Төрағасы екіжақты ынтымақтастық үшін де, аймақтық экономикалық ықпалдастықтың игілігі үшін де Қазақстан мен Беларусь Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенконың жүйелі кездесулерінің маңызды рөлін атап өтті.
«Екі елдің басшылары жеке байланыстарды да, іскерлік байланыстарды да қолдап отырады, бір-біріне зор құрметпен қарайды. Біздің мемлекеттеріміздің арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін бұл өте жақсы», – деді Қ.Тоқаев.
Беларусьтің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің келешегі туралы сауалға жауап бере келіп, Төраға Қазақстанның бұл үдеріске барынша ықпал етуге ұмтылатынын жеткізді.
Қ.Тоқаев Беларусьтегі парламенттік сайлау қарсаңында дауыс беруге мониторинг жүргізу мәселелері бойынша ЕҚЫҰ-мен өзара іс-қимыл туралы пікірімен де бөлісті.
«Мен 2010 жылы Беларусь президентін сайлауға байқаушы ретінде қатыстым, оның қалай өткені маған ұнады, сондықтан мен арнайы мәлімдеме жариялап, беларусь халқы өз таңдауын жасағаны және ол таңдауды біздің бәріміз құрметтеуіміз керектігін айттым. Жалпы, бізге ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықты өрістету керек. Бұл – әмбебап ұйым. Қазақстанға қатысты айтқанда, біз үшін ол басымдыққа ие. ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы аясында белсенді жұмыс істеп келеміз. ЕҚЫҰ-дағы беларусь делегациясымен тығыз әрі нәтижелі жұмыс істеуіміз керек деп санаймын», – деді Қ.Тоқаев.

Алматыда заманауи қоқыс өңдеу зауыты салынады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Кеше
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Кеше