Жақында «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаевтың Латвия Республикасына сапары болып өтті. Сапар шеңберінде оның Латвия Көлік министрі Улдис Аугулиспен, Латвия Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы, елдің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы үшін жауапты ұлттық секция комиссары Янис Эндзиньшпен, сондай-ақ, Латвия іскер топтарының және БАҚ-тың өкілдерімен кездесулері болды.
Кездесу барысында Р.Жошыбаев пен Я.Эндзиньш екі ел арасындағы екіжақты өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, Латвия үкіметі мен жергілікті компаниялардың ЭКСПО-2017-ге «жасыл» технологиялар саласында қатысу шарттарын талқылады.
Астанадағы көрменің тақырыбын ескере келе, Я.Эндзиньш Латвияның 2020 жылға қарай әлемдегі ең «жасыл» ел атануға ұмтылып отырғанын хабарлады. Латвияда жаңғыртылмалы энергия көздерінің үлесі ақырғы тұтыну үдерісінде 37,1 пайызды құрап, Еуропалық одақта Швециядан кейінгі (52,1 пайыз) ең жоғары екінші орын болып табылады. Латвияға ЕО-ның климаттың өзгеруімен күрес саласындағы мақсаттарға қол жеткізу бойынша бағдарламасы шеңберінде 755 млн еуро бөлінген еді.
Латвия тарапы елдің географиялық орналасуының басымдығы мен Латвия кәсіпорындарының «жасыл» энергетика саласындағы перспективалы жобаларының артықшылықтарын атап көрсетеді. Осыған орай Латвия павильоны «Кездесу орны – Латвия: біздің табиғатымыздағы энергия» деп аталатын болады.
Сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының сөзіне қарағанда, Латвия Көрмелердің халықаралық бюросының мүшесі болып табылмайды және ЭКСПО көрмелеріне бірнеше рет қана қатысқан. Ал Астанадағы көрмеге қатысуға келісім беруін Латвияның Қазақстанға қатысты жоғары қызығушылығы мен ерекше достық қарым-қатынасын білдіреді. Латвия Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жасыл көпір» бастамасын мақұлдап, осы бағдарлама шеңберінде Әріптестік хартиясына қол қойған алғашқы елдердің бірі болып табылады.
Кездесу қорытындысы бойынша Р.Жошыбаев пен Я.Эндзиньш Латвияның ЭКСПО-2017-ге қатысатыны туралы шартқа қол қойды.
«Егемен-ақпарат»

Алматыда заманауи қоқыс өңдеу зауыты салынады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Кеше
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Кеше