Бакуде шахматтан Дүниежүзілік олимпиада басталды
Қазіргі күндері шахматтан Әзербайжанның астанасы – Баку қаласында 42-ші Дүниежүзілік олимпиада өтіп жатыр. Оған әлемнің 176 елінен 2 245 шахматшы қатысуда. Бұл сынға біздің елімізден 5 ер адамнан және 5 қыздан жасақталған команда аттанған-тын. Оларды жаттықтырушылар Павел Коцур мен Серікбай Темірғалиев бастап барды.
Қазір Олимпиаданың 3 турының ойындары өтті. Қазақстанның ерлер және қыздар құрамасы осы матчтардың бәрін жеңіспен аяқтады. Ерлер командасы бірінші Мавритания құрамасын 4:0 есебімен ұтты. Қыздар командасы Гондураспен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Одан кейін Жансая Әбдімәлік бастаған қыздарымыз Болгария шахматшыларынан басым түсті. Ерлер құрамы 2-турда Жаңа Зеландияны жеңіп, 3-турда Хорватиямен 2:2 есебімен тең түсті.
Енді Қазақстанның ерлер командасы Эстониямен, ал қыздар Литвамен кездеседі. Қазір үш турдың нәтижесі бойынша еліміз 176 мемлекеттің арасында 13-орында келеді. Ал Жансая Әбдімәлік жеке есепте Италия және Бразилия шахматшыларымен бірге 1-орынға шықты.
Жалпы, биылғы Олимпиадада ерлер және қыздар командасының жүлделі орынды жеңіп алуға толық мүмкіндігі бар. Осы мақсатта құрама командаға соңғы кездері жақсы нәтиже көрсетіп жүрген шахматшылар алынған. Команда сапында қазір мына шахматшылар шаршы тақта додасына қатысып жатыр. Қыздар құрамында халықаралық гроссмейстерлер мен шеберлер Жансая Әбдімәлік, Елена Анкудинова, Гүлмира Дәулетова, ФИДЕ шеберлері Шолпан Жылқайдарова және Айсезім Мұхит, ерлер командасында халықаралық гроссмейстерлер Ринат Жұмабаев, Мұртас Қажығалиев, Әнуар Есмағамбетов және Петр Костенко бар. Сонымен бірге, командаға балалар арасындағы Қазақстан чемпионы Азамат Өтеуғалиев те қосылды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан»

Алматыда заманауи қоқыс өңдеу зауыты салынады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Кеше
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Кеше