Бұл күндері жұрт бұрынғыдай әкімдікке өз жеке басының қамын күйттейтін шаруаларын азайтып, ел игілігіне жарайтын мәселелермен келетін болған. «Елде болса ерінге тиеді» дегендей, бірдің емес, мыңның шаруасы қашанда жоғары.
Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылдық округі ақсақалдарының Тұрбат ауылы мен Қызылдиқан елді мекендері аралығын қосатын көпір салу жөніндегі бастамасы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы аясында жүзеге асырылды. Екі ауыл арасынан Тастақсай тау өзені өтеді. Жаздың күндері момақан болғанымен ерте көктемде жауын-шашын және еріген қар суынан ағыл-тегіл болып, долы күйге түсетін өзен өткел бермей, екі ауыл тұрғындарын әбігерге салатын. Ел ағалары, кәсіпкерлер қаржы жинап, өткел жасағанымен, кей жылдары ашуына мінген долы өзен жаңқадай ағызып кетер еді.
Енді екі ауыл тұрғындары тау өзенінің гүрілін тыңдап, алаңсыз ұйықтайтын болды. Жақында Тұрбат ауылы мен Қызылдиқан елді мекенінің арасындағы көпір пайдалануға берілді. Ұзындығы 66, ені 8 метр болатын көпірді салуға қаржы облыстық бюджеттен бөлінді.
Екі ауылды қосқанда үш мыңнан астам халық тұрады. Осы уақытқа дейін екі ауылдың қолдан жасалған өткел арқылы амалдап келгенін айттық. Оқыс оқиға болмаса да Алла тағала «сақтансаң – сақтаймын» дегендей, түбі бір опық жегізері хақ еді.
Енді Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында пайдалануға берілген көпір жүрекке ұялаған үрейді жеңді, ел тынышталды. Бұрынғы «Шайтан көпірден» Алла сақтасынын айтып, амалдап өтетін ағайын алғысын ең алдымен Елбасына, тұрғындардың өтінішін орындаған облыс, аудан әкімдігіне айтып жатыр.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы

Алматыда заманауи қоқыс өңдеу зауыты салынады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Кеше
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Кеше