Астаналықтар құрбандыққа мал шалу үшін күні бұрын дайындалып жатыр. Әзірден соятын мал іздеп, шаруа қожалықтарына жөңкіліп жүргендер бар. Басылым тілшісі діни мереке қарсаңында қала маңындағы мал базарының бірінде болып, ұсақ және ірі қара мал бағасын біліп қайтты.
Облыс орталығына жақын маңайдағы Қосшы кентінде орналасқан базарда сауда қызып жатыр. Сатушылардың айтуынша, союға мал іздеп келгендер күндегіден көп. Бірақ басым бөлігі бағаны бақылап жүргендер. Осы орайда, базар әкімшілігі мейрам кезінде мал құнын өсірмейміз деп сендіріп отыр. Себебі, сатылымда тұрған төрт түлік түгелдей жақын маңайдағы шаруа қожалығында өсіріліп, базарда бордақыланады. Бір қызығы, айт күндері мұнда алыпсатарлардың және өзге шаруа қожалығының малдары сатылмайды.
– Біз қашанда бағаны негізсіз көтерген емеспіз. Құрбан айтта мал өтімді болады екен деп төрт түлікті қымбаттатпақ ниетіміз жоқ. Бәрі бұрынғысынша сақталады, – дейді базар басшысы Серік Шоқан.
Сонымен ең өтімді болып тұрған марқалардың бағасы 26 мыңнан басталса, ірі қойлар 40 мыңның о жақ, бұ жағында. Сатылымда тұрған төрт түліктің бірде-бірі сырттан әкелінбеген. Әрқайсысы жіті тексеруден өтіп, мал дәрігерлерінің рұқсатымен сатылуда. Базардың мал сату жөніндегі менеджері Сұлтанбек Тінәлидің айтуынша, құрбандыққа жарайтын қой кемі бір жасар болуы қажет. Десе де, алты айлық қозы бір жасар қой секілді ірі, қоңды болса құрбандыққа жарамды саналады дейді ол. Сиыр екі жасар болғанда ғана құрбандыққа шалынады.
Биыл базарда 3 мыңға жуық қой саудаға шығады. Өйткені, былтыр осы мейрам кезінде 2600 қой құрбандыққа шалыныпты. Айтпақшы, әдеттегідей арнайы мал сою орны мен қасапшылар да қарастырылады. Ұсақ малдарды сойып, жіліктеп беру небәрі 1000 теңге болса, бас үйіту 300 теңге. Өткен жылы базарда 170-ке тарта ірі қара сатылған. Бұқалар былтырғыдай 200-300 мыңнан саудалануда.
Нұрбай ШӘКІМ

Алматыда заманауи қоқыс өңдеу зауыты салынады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Кеше
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Кеше