07 Қыркүйек, 2016

Жақында 100 сериялы "Айман-Шолпан" телесериалы басталады

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18

"12 қыркүйекте өзіміз өндірген 100 бөлімді "Айман-Шолпан" телесериялының премьерасы болады" деді "Қазақстан" РТРК» АҚ-тың Басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова. Бұл туралы ол  Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен  кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлім етті. Мұхамеджанованың айтуынша, сериалдың сюжеті отбасы институтын нығайтуға бағытталған. "Біздің жаңа тележобаларымыздың барлығы көрермендердің жүрегіне жол тауып, кейіпкерлеріміз көзайымға айналатынына сенімдіміз. Сонымен қатар, ел тыныштығын күзетіп жүрген сақшылар туралы 16 бөлімді «Шекара шегінде» телехикаясы эфирге шығады", - деді Н.Мұхамеджанова. Ал "Балапан" телеарнасының кішкентай көрермендері «Әли мен Айя», «Сәлем, Қазақстан!», «Данышпан қарға» анимациялық фильмдерінің жалғасын көре алады. «Ойлан, тап!», «Мың түрлі сұрақ», «Бірге – бір» жобалары да жаңа шығарылымдарымен көрермендерді қуантпақ. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Жыл таңдауы», «Балапан жұлдыз» мега-жобалары эфирге шығады» деді Басқарма төрайымы. Оның сөзіне қарағанда, "Қазақстан" ұлттық телеарнасы жасаған телехикаялар шетелде жоғары сұранысқа ие. «Көрермендер ықыласына бөленген «Сырғалым», «Қасым», «Жамбыл» көркем телехикаялары бүгінде Ресей, Татарстан, АҚШ, Кипр мен Словения елдерінде көрсетілуде".

Соңғы жаңалықтар