07 Қыркүйек, 2016

«Шын жүректен» қайырымдылық телемарафоны жалғасады

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16-9 0

«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның кеңейтілген алқа мәжілісінде Басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова «Шын жүректен» қайырымдылық телемарафонының жалғасатынын мәлімдеді.

«2016 жылдың сәуір айында «Қазақстан» РТРК» АҚ Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, «Шын жүректен» кең ауқымды қайырымдылық телемарафонын жүзеге асырды. Ол мұқтаж жандарға тегін көмек көрсетуді көздеді. Жоба аясында ауыр науқасқа ұшыраған және тағдыр тауқыметін тартқан қазақстандықтарға көмек қаржысы жиналды. Марафон қорытындысы бойынша 41 миллион теңгеге жуық қаражат тартылды. Барлығы мыңнан астам өтініш келіп түсті. Біз бұл жобаны жалғастырғымыз келеді. 29 қыркүйекте Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, тағы бір қайырымдылық телемарафонын өткіземіз», - деді Нұржан Жалауқызы.