07 Қыркүйек, 2016

Қызылорда облысында тікұшақ құлады

458 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
photo_194235   «Евро-Азия Эйр» компаниясына тиесілі тікұшақ Қызылорда облысының аумағында апатқа ұшырады. Тікұшақтың бортында «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Шығыс филиалы Жезқазған мұнай құбыры басқармасының қызметкерлері болған. Ең бастысы, апат барысында қаза болғандар жоқ. Бұл туралы egemen.kz тілшісі «ҚазТрансОйл» АҚ-ның қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «7 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 15:40-та, Қызылорда облысында бортында «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Шығыс филиалы Жезқазған мұнай құбыры басқармасының қызметкерлері бар «Евро-Азия Эйр» авиакомпаниясының МИ-8 тікұшағы ұшу барысында апатқа ұшырады. Қаза тапқандар жоқ. Оқиғаның себептері мен мән-жайы нақтылануда»,– делінген хабарламада. Хабарламадан ұққанымыздай тікұшақ жерден енді көтеріле бергенінде құлаған. Сонымен қатар, оқиға кен орнының басында болғанға ұқсайды. Естеріңізде болса, дәл осы компанияға тиесілі нақ осындай МИ-8 тік ұшағы осыдан төрт жыл бұрын Алматы облысында апатқа ұшырап, соның кесірінен 8 адам қаза болған еді. Ол кезде тікұшақтың апатқа ұшырауына ауа-райының қолайсыздығы себеп болған. Ұшуға қолайсыз жағдай болса да, тікұшақ командирі әуеге көтеріліп, артынан оны басқара алмай қайғылы оқиға орын алған еді. Ержан Байтілес, Қызылорда