08 Қыркүйек, 2016

Жұмбақ жағдайда жерленгендер

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Береке» жаңа шағын ­ауда­­нына жылу жүйелерін тар­тумен шұғылданатын құры­лысшылар жер қазу жұмыстары кезінде бірнеше адамның мәйітін ке­зіктіріп, тиісті орындарға ха­бар­­лаған. Бір таңқаларлығы, осындай оқыс оқиға осымен екін­ші мәрте қайталанып отыр. Оның алдында да осы маңнан бір­­неше адамның денесі табыл­ған. Жергілікті өлкетанушылар тәртіп сақшыларының ескі зират орны болуы мүмкін де­ген болжамымен еш келіскісі жоқ. Өйткені, олар қаланың үш жерінде ғана адамдарды жерлейтін арнайы қорым­ның болғанын, картада бел­гіленгенін алға тарса, бәз біреу­лер өткен ғасырдың ая­ғында Бензострой аумағында болған криминалдық топтар­дың бір-бірімен атыс-шабысын еске салады. Бұл пі­кір­ді қисынсыз деу қиын. Өйт­­кені, мәйіттер жердің үс­тіңгі қабатына жасырылған. Екін­шіден, жерлеу салтының еш­қандай әдет-ғұрыптары байқал­маған. Соған қарағанда асығыс көме салынған сияқты. Оның үстіне бұл маңайдың адам аяғы тимеген қамысты, батпақты жер екенін ескерсек, көңілдегі күдік қоюлана түсері анық. Қазір Петропавл қалалық жедел-тергеу тобы зерттеу жұ­­­мыстарымен айналысып, қаң­қа сүйектер сараптамаға жі­бе­ріл­ді. Түпкілікті қоры­тынды шық­­қаннан кейін ғана барлық мән-жай белгілі болады. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» ПЕТРОПАВЛ