08 Қыркүйек, 2016

«Барысқа» жаңа бас жаттықтырушы келді

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
barys-khokkeyАстананың «Барыс» хоккей командасына Эдуард Занковец атты маман жаңа бас жаттықтырушы болып тағайындалды. Ол бұл орынға  Андрей Назаров кеткен соң бір күн­нен кейін келді. Бұрынғы бас жаттықтырушы бастаған штабтың түгел отставкаға жіберілуіне «Барыстың» биылғы мау­сымды өте сәтсіз бастауымен бірге, былтырғы маусымда плей-офф кезеңіне өте алмауы және құрама коман­даның Олимпиаданың іріктеу турнирінде алға қойған мақсатына жете алмауы себепкер болған сияқты. Команда жаңа басталған чем­пионаттың үш ойынында да же­ңіліс тауып, Шығыс конференция­сын­да ең соңғы орында қалып қойды. Осы орайда жаттықтыру­шы­лар штабын ауыстырып жатқан «Ба­рыс» хоккей клубы команда тізгінін ұс­таған жаңа маманның ҚХЛ клубтарында жұмыс жасауда үлкен жаттықтырушылық тәжірибесі бар екенін, ҰХЛ клубтары жүйесінде де жұмыс жасағанын атап көрсетеді. Бірақ жаңа бас бапкердің қызметтік тізімдеріне бір қарағанда-ақ мұның тап олай емес екеніне көз жеткізуге болады. Э. Занковец жаттықтырушылық мансабын 2007 жылы бастаған. Ол сол жылғы 21 қаңтардан 31 мамырға дейін Минскінің «Динамосын» жат­тықтырды. 2010-2011 жылдары Беларусь құрамасының тіз­гінін ұстады. 2011 жылғы 20 жел­тоқсанда Омбының «Аван­гард» командасы бас жаттық­тыру­шысының көмекшісі болып бекітіледі. Ал 2015 жылғы 26 мамырда бұл қызметінен алынып қалған екен.