Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Халықаралық жоғары мектептер ғылыми академиясының құрметті академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішевтің жеке кітапханасы – «Ғалым» залы ашылды. Осы шара аясында «Мағжан – Сәкен» кітабының тұсауы кесілді.
Ізгілікке толы іс-шараға Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, еліміздің зиялы қауым өкілдері қатысып, ғалым жайлы естеліктерімен бөлісті.
Өткен жылы өмірден озған ғалымның жеке кітапханасында гуманитарлық ғылымдар бойынша бес мыңға жуық кітап, сондай-ақ белгілі жазушылар Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқановтың өмірі мен қызметіне қатысты құнды мұрағаттық құжаттар бар. Ғалымның қолжазбалары мен басқа да материалдарынан құралған 83 папка құжат кітапханаға тарту етілді.
Тұрсынбек Кәкішевтің жеке кітапханасының табысталуы – Ұлттық академиялық кітапхананың тағылымға толы дәстүрінің жалғасы, кітапхана қорын байыта түсудегі маңызды қадам деуге болады. Тұрсынбек Кәкішевтің жеке кітапханасының ашылуына ғалымның жұбайы, филология ғылымдарының докторы, профессор Күләш Садыққызы Ахмет мұрындық болды.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»

Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Кеше
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Кеше
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Кеше