08 Қыркүйек, 2016

Іргелі ұсыныстың берері көп

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
burhanovЕлбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ең дамыған, экономикасы бай «Үл­кен жиырмалықтың» басқо­суына шақырылуы, оған қатысуы – Қазақстанның халықаралық аренадағы абыройы биік екендігін көрсететін оқиға. Қазақстан Президенті көптеген мемлекет басшыларымен, халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесіп, әлемде болып жатқан көптеген проблемалар төңірегінде сұхбаттасты. Олардың қатарында АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Германия, Канада сынды әлемдік ахуалға ықпал ете алатын елдердің басшылары бар. Өзінің баяндамасында Елбасы әлемдік экономикада қалыптасқан жағдайға сараптама жасады, бірқатар күрделі мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар айтты. Себебі, қазіргі таңда дүние жүзінің экономикасында болып жатқан үрдістер, өзгерістер, халықаралық компаниялар Дүниежүзілік сау­да ұйымының принциптеріне әсер ете алатынын көрсетіп отыр. Экономикалық мәселелерді жаһандық тұрғыда шешудің қажеттігі байқалады. Өйткені, әр ел, әр ұйым өзіне тартып, бөліне бергеннен бұл проблема шешілмейтіні анық. Қазақстан Президенті G20 саммитінде бірігіп әрекет ету, экономикалық проблемаларды әлем болып бірігіп шешу жөнінде іргелі ұсыныс жасады. Егер лидерлер келісімге келіп жатса, ұсыныстарды талқылауға Астанада қалыптасқан G-Global алаңын пайдалануға болатынын жеткізді. Мен Елбасының G20 саммитіне баруы тарихта қалатын ерекше сапар деп санаймын. Жаһандық экономикалық проблемаларды шешуге Елбасымыз өзінің сүбелі үлесін қосты деп білемін. Камал БҰРХАНОВ, саясаттанушы