08 Қыркүйек, 2016

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің нормативтік қаулысы  №3-НҚ

230 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 2 ақпан, Астана қаласы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 24-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 17-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12639 тіркелген) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) қаулы етеді: 1. «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарын бекіту туралы» Есеп комитетінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 24-НҚ («Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған) нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»; 2) кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 17-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12639 тіркелген) «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) қаулы етеді:»; 3) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Есеп комитетінің «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»; 4) көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарында: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары». 2. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы нормативтік қаулының мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін; 2) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін. 4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы Қ.ЖАҢБЫРШИН