Елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қымбаттады. Осыдан екі ай бұрын да дүкен сөрелеріндегі өнім бағасының едәуір өскендігі байқалған-ды.
Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті шілде мен тамыз айларындағы бағаға талдау жасап, тауарлардың қымбаттағанын ресми мәлім етті. Әсіресе, ұнтақ жармасының бағасы айтарлықтай өзгерген. Қазір бұл өнім тұтынушыларға бұрынғысынан 6,3 пайызға қымбатырақ сатылуда. Ал ең өтімді саналатын сочни кеспесі 5,1 пайызға, қарақұмық жармасы 5 пайызға көтерілген. Сондай-ақ, өсімдік сары майы, спирттік өнімдер 4,7 пайызға өссе, тауық еті 4,6 пайызға жоғарылаған. Спагетти түрлері 4 пайызға, ірімшік 3,1 пайызға қымбаттаған.
Сауда нүктелерінде бағасы көтерілген өзге де тауарлар бар. Айталық, бірінші сұрыпты ұннан пісірілген бидай наны 2,9 пайызға, бірінші сұрыпты бидай ұны 2,8 пайызға, арпа жармасы 2,7 пайызға, қара байха шайы мен тауық саны 2,5 пайызға көтерілген. Бүгінде күріштің бағасы да 2,1 пайызға қымбаттағаны белгілі болып отыр.
Айта кетейік, жоғары сұрыпты бидай ұны да бұрынғы бағасынан 1,5 пайызға қымбатырақ саудалануда. Сиыр еті, құмшекер, жұмыртқа, сұлы жармасы, айран сияқты тауарлардың өсуі де осы шамалас.
Бір қызығы, сауда орындарында көкөністердің бағасы керісінше біршама арзандаған. Айталық, сәбіз 43,3 пайызға, картоп 38,5 пайызға, қызанақ 34,9 пайызға, қияр 33,0 пайызға, қызылша 27,9 пайызға, пияз 12,4 пайызға, аққауданды орамжапырақ 11,9 пайызға төмендеген.
Нұрбай ШӘКІМ
• 08 Қыркүйек, 2016
Астанада азық-түлік қымбаттап, көкөніс арзандады

Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Кеше
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Кеше
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Кеше