Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметінше, қазақстандық жас геологтар командасы 20-27 тамыз аралығында Жапонияда өткен IESO – 2016 Жер туралы халықаралық ғылыми олимпиадасынан жүлдемен оралды.
Олимпиадаға еліміздің атынан 4 оқушы қатысқан. Астана қаласы №4 гимназия-мектебінің 10-сынып оқушысы Әлия Жағыпарова жеке сынақта қола медальға қол жеткізді, сондай-ақ халықаралық команда құрамында Жер туралы ғылымдар жөніндегі жобада бірінші орынға ие болды.
Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Баймурзина Әдия ITFI (Халықаралық командалық далалық зерттеу) сайысында үздік атанды.
Сонымен қатар, Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушылары Аймухамбетова Әзиза мен Төлегенова Аружан да барлық сайыстарға белсенді қатысып, елімізді лайықты деңгейде таныта алды.
«Жас геолог» корпоративтік қорының директоры Жанат Исмаилованың айтуынша, Қазақстан команданың ұлттық костюммен өнер көрсетуі олимпиаданың жабылу салтанатына арналған гала-концертке ерекше көрік берді. Сондай-ақ, олимпиада аясында қатысушылар мен қонақтарды ЭКСПО 2017 көрмесіне шақыру ретінде біздің қонақжай еліміз туралы бейнеролик көрсетілді.
Айдар ӨРІСБАЕВ
• 08 Қыркүйек, 2016
Қазақстанның жас геологтары Жапониядан жүлделі оралды

Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Кеше
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Кеше
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Кеше