Түркістан қаласының іргесінде Қарнақ деген ауыл бар. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі атақты «Тайқазан» осы ауылда құйылған. Қарнақтың тағы бір ерекшелігі, мұнда елдің айтуы бойынша 1300 жылдан бері өсіп келе жатқан тұт ағашы бар.
Мәдени құндылықтарды түгендеу, құжатқа түсіру мақсатында құрылған экспедиция құрамында болғанымызда осы тұт ағашына арнайы бардық. Бес-алты адам қол ұстасып құшағын жайса да еніне еркін бойламайды.
Осындағы ескі көз ағайындардың сөзіне қарағанда, бұл тұт ағашын мұсылмандықты уағыздаушы діндар Имам Бақли еккен көрінеді. Енді бірі Пайғамбарымыздың әскер сардары қадаған шыбықтан өнген деседі.
Бүгінде ортасын шірік кеулеп бой-бой жарылып жатса да жан-жағындағы бұталар жыл сайын бүршік жарады. Талай ғасырды артта қалдырған көнекөз ағаштың жапырағын жұлған адамдар өте жайсыз түс көріп, қиыншылықтарға ұшырайды екен. Сондықтан да тұрғындар мен саяхатшылар бұған зиярат етіп келеді. Бұл енді біздің кейбір ағайындар айтатындай Аллаға серік қосу емес, халқымыздың ырым-нанымы. Қалай дегенде де табиғаттың бір құпиясы осы тұт ағашының әлі күнге дейін өмір сүруінде болса керек.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы

Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Кеше
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Кеше
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Кеше