Мемлекетіміздің ел болашағы – бүлдіршіндерге жасап отырған қамқорлығы тіпті ерекше. «Қазақстан-2020» бағдарламасы аясында ауылымыздың қақ төрінен «Айсұлтан» жекеменшік балабақшасы шаңырақ көтеріп, балдырғандарды қуанышқа бөлеп отыр.
Бақшаның алғашқы қадамын Іле ауданының әкімі С.Медеуов қолдап, оқу бөлімінің басшысы Л.Каткеева әдістемелік көмек көрсетті. Тәрбие мекемесінде «Күншуақ» тобы бөбектерді тәрбиелесе, «Қарлығаш» тобы мектепке дайындықты қарқынды жүргізуде. Бақшаның алғашқы қарлығаштары биыл №1 орта мектепке ақ жолмен аттанып та кетті.
Аталмыш тәрбие мекемесінің безендірілуі мен жабдықталуы заман талабына сай. Бала ағзасының саламатты өсіп, тәрбиеленуі үшін барлық жағдай жасалған. «Елбасымыздың салиқалы саясаты, әсіресе жастарға деген қамқорлығы мені де бейжай қалдырмады. Сондықтан ауылымыздың дамуына өз үлесімді қосып, «Айсұлтан» балабақшасын зайыбым Л.Бейсенбаева екеуіміз ақылдаса отырып аштық», – дейді балабақша меңгерушісі Қ.Күлсейітов.
«Айсұлтан» бүгінгі күні ауыл жұртшылығының көзайымына айналып отыр. Ауылдастарымызды жұмыспен де қамтып, сәбилерінен қамқорлығын аямаған бұл тәрбие отауының іргетасы берік боларына сенеміз.
Бекзат Садықова
Алматы облысы,
Іле ауданы,
Қоянқұс ауылы

Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Кеше
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Кеше
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Кеше