09 Қыркүйек, 2016

Қыздар университеті Карина Горичеваға құрмет көрсетті

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
14285242_575053036012863_2032836445_o   Олимпиада жеңімпазын университет  ректоры Динар Нөкетаева бастаған  ұжым мен студенттер оқу орнының жазғы алаңға дейін дәліз жасап, нағыз батырларша қарсы алды. Рио олимпиадасында ауыр атлетикадан Қазақстан қоржынына төртінші қола медальды салған Карина Горичева Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университінің түлегі. Қыздар университетінде Карина Горичевамен қатар, Майя Манеза, Маргарита Елисеева сынды кіл мықтылар оқығанын да айта кету керек. Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен дүбірлі додаға қатысқан Елисеева олимпиадада бесінші орынға тұрақтаған болатын. 14247963_575051939346306_607854168_o Карина Горичева ауыр атлетикамен 15 жасынан бері айналысып келеді. Ол жастар арасындағы Әлем чемпионаттарының күміс және қола, Қазанда өткен Бүкіләлемдік универсиаданың күміс, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қола медальдарының жүлдегері. Соңы концертке ұласқан кездесуде олимпиада жеңімпазы студенттерге өз қолтаңбасын беріп, естелік суретке түсті. Арулар ордасының жазғы алаңында сән-салтанатпен өткен оқиғада спортшы қызға тегін оқыту сертификаты – Ректор гранты тапсырылды. Карина енді психология мамандығы бойынша да білім алатын болады. Айнаш ЕСАЛИ, Алматы