09 Қыркүйек, 2016

Сертке берік сарбаздар

562 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
img-20160811-wa0006-2Әскер қатарына алынған кез келген азамат өзінің әскери борышын рота буынынан бастайды, сол жерде шынығады, қолына қару ұстап нағыз әскери болуға қалыптасады. Одан қалса, саптық дайындық, темірдей тәртіп пен жауынгерлік қызмет ротадағы ерлер ұжымы үшін бұлжымас қағидаға айналады. Ал сертке беріктік пен антқа адалдық әскери қызметтің кредосы екені сөзсіз. Осы орайда, Ұлттық ұланның «Оң­түстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты Заречный кентінде ор­наласқан 7552 әскери бөлімінің 2-атқыштар батальоны 5-атқыштар ротасының жауынгерлік қызметі туралы айтсақ дейміз. Іргетасы сонау қылышынан қан тамған кешегі кеңестік кезеңде қаланған бөлімнің бас­ты қызметі сотталғандарды айдауылдау мен түзеу мекемелерін күзету болып табылады. Осы бөлімнің 2-атқыштар батальоны 5-атқыштар ротасының сарбаздары күнделікті жауынгерлік қызмет атқарады. Өзінің бағынышындағы ротасы туралы рота командирі, аға лейтенант Ербол Юсипов: «Біздің ротада жауынгерлік қызметке денсаулығы мықты, кәсі­би шыңдалған, тәжірибесі мол әске­ри қызметшілер мен сарбаздар түседі. Өйткені, біздің жауынгерлер түзеу мекемелерін күзету мен сотталғандарды айдауылдау бойынша жауапты қызметтер атқарады. Ротадағы сарбаздардың да рухы биік, қашан да адал қызмет атқаруға тырысады, біздің рота ұжымы үнемі тек жақсы жақтарынан ғана көрініп жүр» дейді. 5-атқыштар ротасының жеке құ­рамы №103 жалпы тәртіптегі тү­зеу мекемесін күзетеді. Жалпы ал­ғанда, тәулік сайын жауынгерлік қыз­метке қарауыл бастығымен бірге 24 адам тү­седі. Оның ішінде қарауыл бас­тығының көмекшілері, кинология ма­маны да бар. Сондай-ақ, 18 сақшы тәулік бойы қырағы қызмет атқарады. Сақшылар қызметті ауысым бойынша орындайды. Әр ауысым арасындағы уақыт аралығы үш сағатты құрайды. Сырт­қы із тексеру жолағына екі сағат сайын кинологтар қызметтік иттерімен тексеріс жасап отырады. Тағы бір айта ке­терлігі, қарауыл қызметі бүгінгі заман та­лабына сай толық бейнебақылаумен жаб­­дықталған. Бұл бір жағынан, қыз­мет­ті мүлтіксіз орындауға жақсы мүм­кін­­дік жасаса, екіншіден, командирлер­ге ба­қылау жүргізуге де ыңғайлы әрі тиімді. Рота жеке құрамының қыра­ғы қызметтерінің арқасында атал­ғ­ан түзеу мекемесінде тәртіп бұзу­шылықтар мен  құқық бұзушылық­тарға жол берілген емес. Өзінің қызметі жайлы қатардағы сарбаз Мұ­қағали Сейітқазы: «Мен Отан алдын­дағы азаматтық борышымды Ұлттық ұлан қатарында өткеріп жатқандығымды мақтан тұтамын. Ұлттық ұлан – тәртіп әскері, бұл жер­де сарбаздар қызметтерін өт­ке­ріп, үйлеріне қайтқаннан кейін де еш уақытта құқық бұзу­шылық­қа жол берген емес. Мұнда ко­­ман­дирлеріміз бізге әкеміздей қа­рай­ды. Әр сақшы өзіне белгіленген аймақты қатаң бақылауға алып, 15-20 минут сайын қарауыл бастығына баяндаймыз» дейді. Орайы келгенде, бейбіт күнде қолына қару алып қызметке аттанар сар­баздардың патриоттық намы­сын жани білетін өз ісінің маманы, рота командирінің тәрбие және әлеу­­мет­тік-құқықтық жұмыстар жө­ніндегі орынбасары, лейтенант Дас­тан Тай­шыбаевтан сарбаздардың мораль­дық-психологиялық жай-күйі жайлы да сұрап білген едік. – Жалпы, Ұлттық ұлан қатарында борышын атқаруға жас жігіттердің құл­шыныстары өте жоғары. Оны өңірлердегі Қорғаныс істері жөнін­дегі мамандар да айтып жүр. Біздің ротадағы сарбаздар іріктеуден сүрін­бей өткен. Бәрінің де Отанға деген патриоттық ыстық сезімдері жалындап тұр. Кез келгеніне «Әскерге не үшін келдің?» деген сұрақ қоя қалсаң, мүдірместен «Отанымды қорғау үшін келдім!» деп нық жауап береді. Бұл өз кезегінде әскерде қызмет етудің мәртебелі болып келе жатқандығын дәлелдейді. Біз­дің ротадағы жауынгерлердің мораль­дық-психологиялық жағдайлары жақсы. Сарбаздардың осы күнге дейін шағымдары болған емес. Дема­лыс уақыттарында ата-аналарымен хат жазысып, хабар алмасып тұра­ды. Мәдени-демалыс күндері рота жеке құрамы түрлі спорттық іс-шара­лармен айналысады, дейді лейтенант. Айдос БАЙШАҒЫРОВ, Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы