09 Қыркүйек, 2016

Созақтың қойы экспортқа шығарылды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
negative0-09-281-1Облыс әкімі Б.Атамқұлов Со­зақ ауданында болған кезінде қаракөл қойын өсiруге баса көңіл бөлу керек деген болатын. Бүгiнгi таңда мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының бәрi еттi қой түрлерiн өсiрумен ай­­­налысып кеткен. Ал сала мамандары көзін тапса, қаракөл ша­руашылығынан келер табыстың көл-көсiр болатынын айтады. Осы бағыттағы жұмысты жан­дандырған теріскейліктердің қа­ра­­көл мал шаруашылы­ғын дамыту жөніндегі жұмысы өз нә­тижесін бере бастады. Бүгін­де Созақ ауданында екі бірдей шаруа­­шылық – «Құмкент» және «Қара құр» өндірістік кооперативі қаракөл қойын өсірумен айналысады. Тамыз айында «Қара құр» өндірістік кооперативі өз өнім­дерін Біріккен Араб Әмірліктеріне экспортқа шығарып, тиімді бағада сатты. «Араб Әмірліктерінен ма­­мандар келіп, 1238 бас еркек қаракөл тоқты алды. Жыл со­­ңына дейін тағы экспортқа шы­­­ғаруды жоспарлап отырмыз. Әрине шетелдіктердің қой алуда өз талаптары бар, біз сол үдеден шықтық», – дейді «Қара құр» өн­дірістік кооперативінің басшысы Ж.Садырханұлы. Аудан әкімі М.Исаев жуырда ғана кәсіпкерлермен кездесу ба­рысында мал етін өндіруші аг­роқұрылым басшыларына шетелге мал етін экспортқа шығаруға зор мүмкіндік туып тұрғанын ай­тып, осы бағыттағы жұмысты жан­дан­дыруға шақырған болатын. Ерлан РАЙЫМҚҰЛОВ Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы
Соңғы жаңалықтар