Алматының 1000 жылдығына тарту жасады
Тамыз аяқталар тұста Жетісу өлкесінің көрікті жерлерінде 12 елден келген, 30-ға тарта қылқалам шебері мен 60-тан астам фотосуретші бас қосып, «Ұлы Дала бояулары» атты халықаралық симпозиумды бастап берген-ді. Алматылықтар сол суретшілердің қолынан шыққан ғажайып өнер туындыларын тамашалайтын күн де келіп жетті. Сонымен, мегаполистегі «Мега» ойын-сауық орталығында пленэрлік жұмыстардың көрмесі өтті.
Анығырағы бұл симпозиум 26 тамыз күні бастау алған болатын. Симпозиум барысында суретшілер мен фотосуретшілер «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, Шарын шатқалында, «Таңбалы тас» қорығында, Үшқоңырда, Алатау бөктерінде, Алматы қаласы мен Алматы облысының көрікті жерлерінде болып, Ұлы Дала – Қазақ елінің әсем жерлері мен табиғатын, тауы мен даласын суретке түсіріп, ғажап көрінісін әр қырынан салды.
Ресей, Қытай, Корея, Польша, Армения, Қырғызстан, Венгрия, Финляндия сияқты шет мемлекеттерден келген суретшілер ұлттық қорықтардың тарихымен, өсімдіктері және жануарлар дүниесімен де танысып, саяхат жасап қайтты.
Көрменің ашылуында аталмыш шараның ұйымдастырушысы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры Динар Нөкетаева: «Бүгінгі көрмеде шетелдік суретшілермен қатар, қазақстандық суретшілердің де тың туындылары қойылып отыр. Қазақ даласының әсем бейнесін, көркемдігі мен кереметтілігін кенепке түсірген нағыз таланттар – қылқалам шеберлерінің суреттері тарихқа қосылған үлес және Алматы қаласының 1000 жылдығына үлкен тарту болмақ!», деді.
Осы арада көрмені тегін ұйымдастыруға «Astana Group» компаниясының президенті, белгілі кәсіпкер Нұрлан Смағұлов пен «Қазақстан Халық банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Павлов мұрындық болғанын айта кеткен жөн.
«Мен қашан да бейнелеу, сурет өнерін қадірлеймін, әрқашанда қолдаймын. Алматының 1000 жылдығына орайластырылып отырған бұл шараға біз де атсалысқанымызға қуаныштымыз. Бірінен бірі ерекшеленетін суреттердің барлығы көңілімнен шықты, ерекше әсер алдым», деген кәсіпкер-коллекционер Нұрлан Смағұлов суретшілердің туындыларын ойын-сауық орталығында сатылымға қоюды ұсынды.
Бір аптаға жалғасатын көрмеге келушілер суретшілердің туындыларын тамашалап қана қоймай, сатып алуға да мүмкіндік ала алады. Көрмеге пленэрде салынған суреттермен қатар, қылқалам шеберлерінің бояуы кеппеген туындылары да қойылды. Фотосуретшілер де өз елдерінен ала келген таңдаулы деген өз суреттерін өнерсүйер қауым назарына ұсынды.
Шара соңында симпозиумға қатысқан суретшілер сертификаттармен және арнайы дипомдармен марапатталды.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Аида Балаева: Креативті экономика тек шабыт пен идеяға ғана сүйеніп дами алмайды
Қоғам • Бүгін, 21:33
Елордада веломаусым ашылды: 700-ге жуық қатысушы «Таза Қазақстан» акциясына үн қосты
Оқиға • Бүгін, 20:58
Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20