09 Қыркүйек, 2016

Ассам­блеяның құттықтауы

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
100-824Қымбатты отандастар! Осынау  барша мұсылмандар үшін қасиетті күні Қазақ­стан халқы Ассам­блеясы сіздерді Құрбан айт мерекесімен құттықтайды! Құрбан айт – бұл келісім мен татулық, жасампаздық пен үйлесім. Біздің еліміз­де бұл мейрам мұсылмандарды ғана емес, Қазақстанның барша халқын бірік­тіреді. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Құр­бан айт мәдени және рухани құн­ды­лық­тарымызды дамытуда, қоғамдағы бірлікті нығайтуда маңызды орынға ие болды. Мемлекет басшысының бейбітсүйгіш саясатының арқасында Қазақстандағы түрлі конфессиялардың достығы мен өзара түсіністігі бүкіл әлем үшін эталонға айналды.  Әлемдік және дәстүрлі діндердің  лидерлері жалпы адамгершілік бағыттарын  іздеп, диалог орнату және келісілген шешімдер қабылдау үшін біздің елге келеді. Құрметті отандастар! Құрбан айт адамдардың мұқтаж жандарға нақты көмек көрсетуге, құрбандық жасауға дайын екендігін білдіреді және басқа жандарға мейірімділік танытып, ынтымақтастық жасаудың көрнекі мүмкіндігі болып табылады. Сондықтан да Құрбан айт мейрамының қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл елде қайырымдылық айлығын өткізу туралы жария етіп, Қазақстан халқын жақын адамдарына көмектесуге шақырды. Құрметті жерлестер! Қасиетті Құрбан айт мейрамы бізге игілік-берекесімен келсін! Елімізде әрдайым бейбітшілік, бірлік пен келісім салтанат құрсын! Мейрам сіздердің отбасыларыңызға өз шуағын төгіп, қуаныш пен береке-бірлігін әкелсін! Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі