Олимпиада жеңімпаздарына берілетін сыйақы доллармен емес, теңгемен өлшену керек еді. Бүгін Ақордада өтіп жатқан ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында ақша-кредиттік саясат жөнінде баяндаған ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев сананы долларсыздандыруға қатысты осылай реніш білдірді деп хабарлайды Қазақпарат.
«Теңге бағамының еркін «жүзу» жағдайында айырбас бағанымының күшеюі де әлсіреуі де болып тұрады. Бұл негізінен сыртқы факторларға байланысты. Дегенмен, долларсыздандыруға қатысты шаралар жүйелі жүргізілуде. Теңгелік депозиттер халық үшін басқа шетелдік валютаға қарағанда жеті есеге дейін тиімді», деді Бас банкир. Оның айтуынша, жыл басынан бері елімізде долларсыздандыру үдерісі анық байқалып отыр. Мәселен, теңге бойынша депозиттер елу пайызға дейін артса, керісінше шетелдік валютадағы депозиттер төрт пайызға кеміген.
«Солай бола тұра, қоғам мен бизнестің теңге бағамының еркін айналымына бейімделуіне де біраз уақыт керек. Активтердің долларлануы ғана емес, сананың долларлануынан құтылу да оңай емес. Теңгемен бағамдау, ұлттық валютамен өлшеуге келгенде қиналып жататындар бар. Бұл ретте Ұлттық банк активтерді долларсыздандыруға қатысты жүйелі шараларды атқарып келеді», - деді Д. Ақышев.
Мәселен, сананы долларсыздандыру бойынша интернет сайттарда көліктер бағасын, жылжымайтын және басқа да мүліктерді теңгеден басқа кез келген валютада көрсетуге тыйым салынған. «Тауарлар мен қызметтердің бағасын көрсетуде, жарнамалауда теңгені ғана көрсету, басқа шетелдік валюталарды көрсетуге тыйым салу шараларын заңнамалық ынталандыру жұмыстарын жалғастырамыз. Әрине, ұлттық валютамен өлшеуге келмейтін жағдайларды айтып отырғанымыз жоқ. Бұл ретте сананы долларсыздандыруға қатысты айта кетейін, Олимпиада чемпиондарына сыйақыны көрсеткенде оларға берілетін соманың мөлшерін шетелдік валютада емес, теңгемен айтуға да болатын еді», деді ҰБ басшысы
• 09 Қыркүйек, 2016
Ұлттық банк басшысы Олимпиада жеңімпаздарына сыйақыны доллармен бағалауды сынға алды

Елордада веломаусым ашылды: 700-ге жуық қатысушы «Таза Қазақстан» акциясына үн қосты
Оқиға • Бүгін, 20:58
Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00