09 Қыркүйек, 2016

Жергілікті жобаларды республикалық бюджеттен қаржыландыру қысқартылсын - Президент

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жергілікті жобалар республикалық бюджеттен қаржыландыру қысқартылатын болады. Бүгін Ақордада өтіп жатқан ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке осындай тапсырма жүктеді деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бюджеттік саясатқа келсек, қиын кезеңдері Ұлттық қор қаражаты бізді құтқарып келді. Бір емес бірнеше рет. Дегенмен, Қордан берілетін тренсферттерді қатаң регламенттеу керек. Мен бұны тікелей өзім қадағалайтын боламын»,- деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Елбасы макроэкономикалық орнықтылықты қамтамасыз ету мәселелеріне тоқтала келе, бюджетаралық қатынастарға да назар аударды. Президенттің айтуынша, соңғы он жылда республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландыру көлемі айтарлықтай кеңейген. «2016 жылы бұл жергілікті бюджетке жалпы түсімдердің 36 пайызын құрады. Сондықтан да, жергілікті мәнге ие жобаларды республикалық бюджеттен қаржыландыруды тоқтату керек. Бұл мәселені әкімдер өз бетінше шешуге тиіс. Осыған байланысты Үкіметке бюджетаралық қатынастарды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын», - деді Н. Назарбаев.