09 Қыркүйек, 2016

Елбасы төрт облыстың әкімдерін қабылдады

209 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
da8_9879-1Өңірдегі өзекті міндеттер қарастырылған қабылдау Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесуде өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын дамыту, сондай-ақ өңірдің эконо­микасын одан әрі әр­тарап­тандыру перспективалары қарас­тырылды. А.Көлгінов Мемлекет бас­шысын өңі­рдің әлеуметтік-экономикалық көр­- сет­­кіштері, мемлекеттік бағ­дар­ла­ма­лардың жүзеге асырылу ба­рысы, сондай-ақ, алдағы кезең­дегі өзекті міндеттер жөнінде хабардар етті. Мемлекет басшысы кездесу қоры­тын­дысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. da8_9921-1Аймақтың даму келешегі талқыланды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесуде облыстың негізгі әлеу­меттік-экономикалық көрсеткіш­тері және таяу кезеңдегі даму перспективалары қарастырылды. Б.Бақауов Қазақстан Президентіне өңірдегі өнеркәсіптің өсу қарқыны, оның ішінде кен өндіру, металлургия және энергетика салаларындағы ахуал жө­нінде баяндады. Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік кешенді және ауыл шаруашылығы жерлерін суаратын ирригациялық  нысандарды одан әрі дамыту жөніндегі шаралар талқыланды. Мемлекет басшысы кездесу қоры­тын­дысы бойынша бірқатар нақты тап­сырма берді. da8_9942-2Көңіл бөлуді қажет ететін бағыттар бар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Нұрсұлтан Назарбаев кездесу барысында бүгінде өңір дамуында ерекше көңіл бөлуді қажет етіп отырған бірқатар өзекті бағыттарды атап көрсетті. Мәселен, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, өнеркәсіптік нысандарды дамыту және ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Н.Әбдібеков Мемлекет басшысына өңірді дамытудың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, өзекті мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысы, сондай-ақ, алдағы кезең­дегі жоспарлары жөнінде мәлімдеді. Мемлекет басшысы кездесу қоры­тындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. da8_9962-1Тапсырмалардың орындалуын жалғастыруды тапсырды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұловты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында өңірді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту, оның ішінде ауыл шаруашылығы, өңдеу саласы, халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев облыстың инвестициялық тартымдылығын арт­тыру, шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын қолдау жөніндегі мін­дет­тердің орындалуын жалғастыруды тапсырды. Мемлекет басшысы кездесу қоры­тын­ды­сы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. –––––––––––––––––– Суреттер Президенттің баспасөз қызметінен алынды