10 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №500

250 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 31 тамыз, Астана, Үкімет Үйі Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау қағидаларын және өлшемшарттарын бекіту туралы «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау қағидалары және өлшемшарттары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы №500 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау қағидалары және өлшемшарттары 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы Мемлекеттік реттеу бағалары белгі­ленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау қағидалары және өлшемшарттары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұ­най өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды ай­қындау тәртібін және өлшемшарттарын белгілейді. 2-тарау. Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау тәртібі 2. Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) жанынан комиссиялар (бұдан әрі – Комиссия) құрылады. 3. Комиссия төрағадан, төрағаның орынба­са­рынан, Комиссия мүшелерінен және хатшыдан тұ­рады. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды. 4. Комиссияны облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің орынбасарынан төмен емес лауазымды адам басқарады. 5. Комиссия құрамын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі бекітеді. 6. Комиссия құрамына Комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде үштен екісі мөлшерінде қоғамдық ұйымдардың, жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестер мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді. 7. Комиссия мүшелері өздерінің қызметтеріне алмастыру құқығынсыз қатысады. 8. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссияның төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады. 9. Комиссия отырыстарын оның төрағасы қажетіне қарай шақырады. 10. Комиссия отырыстары, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан көбі қатысса, заңды деп есептеледі. 11. Комиссия шешімдері оның отырысына қатысқан Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Комиссия мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда, Ко­миссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. 12. Қажетті құжаттарды, беру мерзімдерін, сондай-ақ Комиссия отырысының күнін көрсете отырып, мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындауға арналған өтінімдерді қабылдау туралы ақпарат Комиссия отырысы өткізілетін күнге дейін күнтізбелік жиырма күн бұрын жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады. 13. Мүдделі тұлғалардан өтінімдер жергілікті атқарушы органға Комиссия отырысы өткізілетін күнге дейін күнтізбелік бес күн бұрын ұсынылады. 14. Өтініш беруші мынадай құжаттарды: 1) еркін нысанда қатысу туралы өтінімді; 2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін немесе анықтаманы немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін ұсынады; (* ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлға­лар­ды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкіл­діктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады); 3) жарғының және/немесе құрылтай құжаттарының көшірмесін; 4) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган берген Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің тізілімінен қызметтің басталғаны туралы үзінді-көшірмені; 5) өтініш берушінің автоотын құю станциялары мен мұнай базаларына меншік құқығын және (немесе) жалға алу құқығын растайтын құжаттарды; 6) көлік кәсіпорындарымен жасалған шарттардың көшірмелерін немесе көліктің болуы туралы растайтын құжаттарды; 7) әрбір автоотын құю станциясына және мұнай өнімдерінің базасына қызметінің жекелеген түрлері бойынша салық салу объектілерін есепке алуды тіркеу карточкаларының көшірмелерін ұсынады. 15. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсе­тіл­ген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағ­дайда, жергілікті атқарушы орган өтінімді қабылдамайды. 16. Комиссия осы Қағидалардың 21-тармағында көзделген өлшемшарттарды ескере отырып, осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды. 17. Комиссия шешімдері хаттама түрінде ресім­деледі және оған төраға, төрағаның орынбасары, хатшы, қатысып отырған Комиссия мүшелері қол қояды. 18. Комиссия хаттамасы Комиссия отырысы өткен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға жіберіледі. 19. Жергілікті атқарушы орган он жұмыс күні ішінде мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау туралы тиісті қаулы шығарады. 20. Комиссия хаттамасы және жергілікті атқа­ру­шы органның қаулысы қабылданған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады. 3-тарау. Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау өлшемшарттары 21. Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау өлшемшарттары мыналар: 1) өтініш берушіні заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркеу; 2) өтініш берушінің кемінде үш жыл меншігінде немесе жалға алу құқығындағы ең төменгі сақтау көлемі мың тонна және одан да көп бір мұнай өнімдері базасының (қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркеу карточкасын ұсына отырып) болуы; 3) салық берешегінің болмауы; 4) Қазақстан Республикасының аумағында жүктерді тасымалдауды қамтамасыз ететін көлік кәсіпорындарымен жасалған шарттардың болуы немесе меншік құқығында көліктің болуы. 22. Осы Қағидалардың 21-тармағында белгі­ленген өңірлік операторларды айқындау өлшем­шарттарына мүдделі тұлғаның сәйкес келмеуі мүдделі тұлғаның өтінімін қанағаттандырудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Жергілікті атқарушы органның шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша шағым және наразылық жасалуы мүмкін.