10 Қыркүйек, 2016

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ №479,№42

258 рет
көрсетілді
24 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі 2015 жылғы 30 маусым №479 Астана қаласы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2015 жылғы 22 маусым №420 Астана қаласы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парақтары нысандарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы заңының 11-бабының 1-тармағы 2) тармақшасына, 13-бабының 3-тармағына және 15-бабына сәйкес бұйырамыз: 1. Мыналар: 1) осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндiру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері; 2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндіру саласындағы мұнай өнімдерін өндірушілерге қатысты тексеру парақтары нысандары бекітілсін. 2. Осы бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бірлескен бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 5) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бірлескен бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі ________________ М.ҚҰСАЙЫНОВ Қазақстан Республикасы Энергетика министрі _____________ В.ШКОЛЬНИК «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы ________________С.Айтпаева 30 маусым 2015 жыл Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 479 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 420 бірлескен бұйрығына 1-қосымша Мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндiру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері 1. Жалпы ережелер 1. Осы Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - критерийлер) «Қазақстан Республикасындағы бақылау және қадағалау туралы», «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 343 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11082 тіркелген) бекітілген Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесіне сәйкес, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежелеріне жатқызу мақсатында әзірленді. 2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) мұнай өнімдерін өндіруші – мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын және өндіріс паспорты бар жеке немесе заңды тұлға; 2) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті критерийлері (бұдан әрі – объективті критерийлер) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке тексерілетін субъектіге (объектіге) тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері; 3) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері (бұдан әрі – субъективті критерийлер) – нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері; 4) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы тәуекел – ішкі нарықтың, оның ішінде көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстары кезіңінде, сондай-ақ жылу беру кезеңінде мұнай өнімдеріне тапшылықтың туындау ықтималдығы; 5) тексерілетін субъекті – мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын және өндіріс паспорты бар жеке немесе заңды тұлға болып табылатын мұнай өнімдерін өндіруші; 6) мұнай беруші – «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шарттармен өздері өндірген, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес заттай нысанда төленетін салықтар ретінде Қазақстан Республикасы алған, импортталған немесе жер қойнауын пайдаланушыдан тікелей сатып алынған шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын мұнай өнімдерін өндірушіге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына беретін жеке немесе заңды тұлға. 3. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы ішінара тексерулер үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері объективті және субъективті критерийлер арқылы қалыптастырылады. 2. Объективті критерийлер 4. Объективті критерийлер келесі кезеңдер арқылы қалыптастырылады: 1) тәуекелді айқындау; 2) тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тәуекел дәрежелері бойынша (жоғары және жоғары дәрежеге жатпайтын) бөлу және ішінара тексерулер жүргізетін тәуекел дәрежесін анықтау. 5. Объектінің күрделілік деңгейіне байланысты мұнай өнімдерін өндірушілер екі түрге бөлінеді: қуаттылығы 800 мың тоннадан кем мұнай өнімдерін өндірушілер; қуаттылығы 800 мың тоннадан жоғары мұнай өнімдерін өндірушілер. Қуаттылығы 800 мың тоннадан жоғары тексерілетін субъектілер қызметі реттелетін салаға ықтимал кері зиян салдарының ауқымдылығы және заңды мүдделері мен мемлекеттің мүліктік мүдделеріне қолайсыз жағдайдың туындау мүмкіндігі салдарынан мұнай өнімдерін өндіру саласына қауіп төндіреді. 6. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы қуаттылығы жылына 800 мың тоннадан жоғары субъектілер жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылады және ішінара тексеруге жатады. 3. Субъективті критерийлер 7. Субъективті критерийлер: 1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау; 2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады. 8. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау заңнаманы бұзатын тексерілетін субъектілерді (объектілерді) анықтау үшін қажет. Тәуекелдер дәрежелерін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады: 1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес тексеру субъекті мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10950 тіркелген) (бұдан әрі – есептілікті мониторингілеу нәтижелері); 2) бұрынғы тексерулер нәтижелері. Бұл ретте, бұзушылықтың ауыртпалық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парағында көрсетілген заңнамалар талаптарын сақтамау жағдайында белгіленеді; 3) тексерілетін субъект кінәсінен туындаған қолайсыз жағдайлардың болуы; 4) расталған шағымдар мен арыздардың болуы және саны; 9. Қолда бар ақпараттар негізінде субъективті критерийлер үш көрсеткішке бөлінеді: өрескел, елеулі, болмашы. Субъективті критерийлер осы Критерийлерге қосымшада келтірілген. 10. Өрескел көрсеткіштің бір расталған критерийі 100 көрсеткішіне теңеледі және ішінара тәртіпте тексеру жүргізу үшін негіз болып табылады. Егер өрескел көрсеткіш бойынша критерийлерді растау анықталмаса, онда тәуекел дәрежесін анықтау үшін елеулі және болмашы көрсеткіштер бойынша қосынды мәні есептелінеді. 11. Елеулі көрсеткіштердің қосынды мәнін анықтаған кезде орындалмаған критерийлердің үлестік салмағына 0,7 коэффициенті қолданылады және мына формула бойынша есептелінеді: ΣРз = (ΣР2 х 100/ΣР1) х 0,7 мұндағы: ΣРз – елеулі көрсеткіштердің қосынды мәні; ΣР1 – бағалауда қолданылатын елеулі дәрежедегі критерийлердің жалпы саны; ΣР2 – елеулі дәрежедегі расталған критерийлер саны. Бұрынғы тексерулер нәтижелері үшін талаптарды сақтамау критерийлерді растау болып табылады. Болмашы көрсеткіштердің қосынды мәнін анықтаған кезде орындалмаған көрсеткіштердің үлестік салмағына 0,3 коэффициенті қолданылады және мына формула бойынша есептелінеді: ΣРн = (ΣР2 х 100/ΣР1) х 0,3 мұндағы: ΣРн – болмашы көрсеткіштердің қосынды мәні; ΣР1 – болмашы дәрежедегі бағалауда қолданылатын критерийлердің жалпы саны; ΣР2 – болмашы дәрежедегі расталған критерийлер саны. Бұрынғы тексерулер нәтижелері үшін талаптарды сақтамау критерийлерді растау болып табылады. Бір ақпарат дереккөзі бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші мына формулаға сәйкес көрсеткіштеді қосу арқылы анықталады: ΣР = ΣРз + ΣРн мұндағы: ΣР – субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші; ΣРз – елеулі көрсеткіштердің қосынды мәні; ΣРн – болмашы көрсеткіштердің қосынды мәні. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект (объект) мыналарға жатады: 1) жоғары тәуекел дәрежесі – тәуекел дәрежесі 60-тан 100-ге дейінгі көрсеткіш кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі; 2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайды – тәуекел дәрежесі 0-ден 60-қа дейінгі көрсеткіш кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізілмейді. Тәуекел дәрежесін талдау мен бағалау кезінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті критерийлердің деректері қолданылмайды. Ішінара тексеру жүргізу мерзімділігі жылына бір реттен аспауы тиіс. Алынған мәліметтер талдауы және көрсеткіштер бойынша бағалау жарты жылдықта бір рет жарты жылдықтың соңғы айының бірінші күніне дейін жүргізіледі. Өткен жартыжылдық талдау кезеңі болып табылады. Ішінара тексерулер тиісті есептік кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша уәкілетті органға жіберілетін жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша жартыжылдыққа қалыптастырылатын ішінара тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі. Ішінара тексерулердің тізімдері: субъективті критерийлер бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдығын; мемлекеттік органды тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдарға түсетін жүктемелерді ескере отырып жасалады. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне қосымша Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері Ақпарат көзі Критерийлер Көрсеткіш дәрежесі есептілікті мониторин-гілеу нәтижелері Мұнай өнімдерін өндіру жөніндегі ай сайынғы ақпаратты үш немесе одан да көп рет уақытылы ұсынбау Өрескел Мұнай өнімдерін жөнелту жөніндегі ай сайынғы ақпаратты үш немесе одан да көп рет уақытылы ұсынбау Өрескел Мұнай өнімдерін өндіру жөніндегі ай сайынғы ақпаратты екі рет уақытылы ұсынбау Елеулі Мұнай өнімдерін жөнелту жөніндегі ай сайынғы ақпаратты екі рет уақытылы ұсынбау Елеулі Мұнай өнімдерін өндіру жөніндегі ай сайынғы ақпаратты бір рет уақытылы ұсынбау Болмашы Мұнай өнімдерін жөнелту жөніндегі ай сайынғы ақпаратты бір рет уақытылы ұсынбау Болмашы бұрынғы тексерулер нәтижелері (ауыртпалық дәрежесі көрсетілген талаптарды сақтамау жағдайында белгіленеді) Өндіріс паспортының болмауы Өрескел Сатып алынатын (қабылданатын) шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының шыққан жерін растайтын құжаттың, сондай-ақ мұнайдың және (немесе) газ конденсатының сапасын растайтын құжаттардың болмағаны кезде мұнай берушілерден шикі мұнайды және (немесе) конденсатты сатып алу, сонымен қатар қайта өңдеуге қабылдау бойынша тыйымды сақтамау Өрескел Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның келісімінсіз, авариялық жағдайдың дереу алдын алу қажеттігі туындаған жағдайларды қоспағанда, мұнай өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын технологиялық қондырғылардың жұмысын тоқтату бойынша салынған тыйымды сақтамау Өрескел Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен бекітілген технологиялық қондырғылардың жоспарлы - алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық кестесінің бекіту бойынша және оны сақтау міндетін сақтамау Елеулі Ведомстволық статистикалық қадағалау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажетті бастапқы статистикалық деректерді немесе бастапқы әкімшілік деректерді ұсыну бойынша міндетін сақтамау Елеулі Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен белгіленген мұнай өнімдерін өндірудің аз көлемін орындау бойынша міндетін сақтамау Елеулі Құрамында металы бар қосындыларды (дизель отыны үшін статикалық қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) пайдалана отырып, бензин мен дизель отынын өндіру бойынша салынған тыйымды сақтамау Елеулі Қазақстан Республикасының резидент-банкінде инвестициялық бағдарламаны қаржыландыруға арналған ағымдағы шотты ашу бойынша міндетін сақтамау Елеулі Мұнай берушілерге шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеуге қолжеткізудің тең жағдайларын ұсыну бойынша міндетін сақтамау Елеулі Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өткізу бойынша тыйымды сақтамау Елеулі Екі немесе одан да көп мұнай өнімдерін өндірушілердің мұнай өнімдерін өндіру үшін бір ғана жабдықты пайдалану бойынша тыйымды сақтамау Елеулі Инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға бағытталатын қаржы қаражатын мақсатты пайдалану бойынша міндетін сақтамау Елеулі Инвестициялық бағдарламаларды іске асыру туралы есептілікті ұсыну бойынша міндетін сақтамау Болмашы расталған шағымдар мен арыздардың болуы және саны Үш және одан да көп расталған шағым мен арыздың болуы Өрескел Екі расталған шағым мен арыздың болуы Елеулі Бір расталған шағым мен арыздың болуы Болмашы тексерілетін субъект кінә­сі­н­ен туындаған қолайсыз жағ­дайлардың болуы Көктемгі егіс және егіс жинау жұмыстары, сондай-ақ жылу беру кезеңінде ішкі нарықта мұнай өнімдеріне тапшылықтың туындауы Өрескел Көктемгі егіс, жиын-терін жұмыстары, жылу беру кезеңдерінен тыс ішкі нарықта мұнай өнімдеріне тапшылықтың туындауы Елеулі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 479 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 420 бірлескен бұйрығына 2-қосымша 1-нысан Тексеру парағы Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру саласындағы қуаттылығы 800 мың тоннадан жоғары мұнай өнімдерін өндірушілерге қатысты (тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы) Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ Тексерулерді тағайындау туралы акт ________________________________________________________________ (№, күні) Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы __________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН ____________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ Орналасу орны __________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ № Талаптар тізбесі Талап етіледі Талап етілмейді Талаптар­ға сәйкес келеді Талаптар­ға сәйкес келмейді 1 2 3 4 5 6 1 Өндіріс паспортының болуы 2 Қазақстан Республикасының резидент-банкінде инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру үшін ағымдағы шотты ашу бойынша міндетін сақтау 3 Инвестициялық бағдарламаларды іске асыру туралы есепті ұсыну бойынша туралы міндетін сақтау 4 Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға технологиялық қондырғылардың жоспарлы - алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық кестесінің бекіту бойынша және оны сақтау міндетін сақтау 5 Мұнай өндіру саласындағы уәкілетті органға ведомстволық статистикалық қада­ғалау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажетті бастапқы статистикалық дерек­терді немесе бастапқы әкімшілік деректерді ұсыну бойынша міндетін сақтау 6 Мұнай берушілерге шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеуге қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну бойынша міндетін сақтау 7 Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен белгіленген мұнай өнімдерін өндірудің белгіленген аз мөлшерін орындау бойынша міндетін сақтау 8 Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өткізу бойынша тыйымды сақтау 9 Құрамында металы бар қосындыларды (дизель отыны үшін статикалық қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) пайдалана отырып, бензин мен дизель отынын өндіру бойынша тыйымды сақтау 10 Екі немесе одан да көп мұнай өнімдерін өндірушілермен мұнай өнімін өндіру үшін бір қондырғыны пайдалануға тыйымды сақтау 11 Сатып алынатын (қабылданатын) шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының шыққан жерін растайтын құжаттың, сондай ақ мұнайдың және (немесе) газ конденсатының сапасын растайтын құжаттардың болмағаны кезде мұнай берушілерден шикі мұнайды және (немесе) конденсатты сатып алу, сонымен қатар қайта өңдеуге қабылдау бойынша тыйымды сақтау 12 Апаттық жағдайдың дереу алдын алу қажеттігі туындаған жағдайларды қоспағанда, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның келісімінсіз, мұнай өнімдерін өндіруге пайдаланылатын технологиялық қондырғылардың жұмысын тоқтату бойынша тыйымды сақтау 13 Ағымдағы шот қаражатын инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру мақсатына жұмсау бойынша міндетін сақтау Лауазымдық тұлға (тұлғалар) ______________ _________ ____________ (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда) ______________ _________ ____________ (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда) Тексерілетін субъектінің жетекшісі _________________________ __________ (Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы) (қолы) 2 - нысан Тексеру парағы Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру саласындағы қуаттылығы 800 мың тоннадан кем мұнай өнімдерін өндірушілерге қатысты (тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы) Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ Тексерулерді тағайындау туралы акт _______________________________________________________________ (№, күні) Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы ___________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН ____________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ Орналасу орны __________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ № Талаптар тізбесі Талап етіледі Талап етілмейді Талаптар­ға сәйкес келеді Талаптар­ға сәйкес келмейді 1 2 3 4 5 6 1 Өндіріс паспортының болуы 2 Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өткізу бойынша тыйымды сақтау 3 Құрамында металы бар қосындыларды (дизель отыны үшін статикалық қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) пайдалана отырып, бензин мен дизель отынын өндіру бойынша тыйымды сақтау 4 Екі немесе одан да көп мұнай өнімдерін өндірушілермен мұнай өнімін өндіру үшін бір қондырғыны пайдалану бойынша тыйымды сақтау 5 Сатып алынатын (қабылданатын) шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының шыққан жерін растайтын құжаттың, сондай ақ мұнайдың және (немесе) газ конденсатының сапасын растайтын құжаттардың болмағаны кезде мұнай берушілерден шикі мұнайды және (немесе) конденсатты сатып алу, сонымен қатар қайта өңдеуге қабылдау бойынша тыйымды сақтау 6 Мұнай өндіру саласындағы уәкілетті органға ведомстволық статистикалық қадағалау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажетті бастапқы статистикалық деректерді немесе бастапқы әкімшілік деректерді ұсыну бойынша міндетін сақтау 7 Мұнай берушілерге шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеуге қолжеткізудің тең жағдайларын ұсыну бойынша міндетін сақтау Лауазымдық тұлға (тұлғалар) ______________ _________ ____________ (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда) ______________ _________ ____________ (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда) Тексерілетін субъектінің жетекшісі _____________________________________ (Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы) (қолы) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 479 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 420 бірлескен бұйрығына 3-қосымша Күші жойылды деп танылған кейбір бірлескен бұйрықтардың тізбесі 1. «Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 146 және Экономикалық даму және сауда министрінің м.а 2011 жылғы 31 тамыздағы № 275 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7180 болып тіркелген, 2011 жылғы 15 қазандағы № 497-500 (26892) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған); 2. «Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 147 және Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі м.а. 31 тамыздағы № 276 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7179 болып тіркелді, 2011 жылғы 15 қазандағы № 497-500 (26892) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған); 3. «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрілігі мен Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2013 жылғы 11 шілдедегі № 123 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің м.а. 2013 жылғы 16 шілдедегі № 135/НҚ бірлескен бұйрығымен бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі мен Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің нормативтік құқықтық актілері тізілімінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8619 болып тіркелген, 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 209 (28148) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған); 4. «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 10 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 22-НҚ бірлескен бұйрығының қосымшасының 1 және 2-тармақтары (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9184 болып тіркелген, 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 172 (28395) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған). Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 3 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11822 болып енгізілді.