Фото: ДСМ
Конкурс медицина мамандарының беделін арттыру, оларды ынталандыру және денсаулық сақтау саласындағы үздік практикаларды көрсету мақсатында ұйымдастырылған.
«Биыл алғаш рет Мемлекет басшысының бастамасымен біздің үш дәрігерімізге адамдардың өмірін сақтап қалу және отандық медицинаны дамыту ісіндегі ерекше еңбегі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы берілді. Бүгін біз сондай - ақ «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсының жеңімпаздарын, біздің ең лайықты дәрігерлерімізді, ғалымдарымызды, провизорларымызды, мейіргерлерімізді, менеджерлерімізді және саланың дамуына елеулі үлес қосқандардың барлығын бірінші рет атап өтеміз. Дәрігерлер қызмет барысында жоғары кәсіби қасиеттерді, тектілік пен жанқиярлықты әрдайым көрсетіп келеді», деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Түрлі бейіндегі және қызметтердегі медицина қызметкерлері 16 номинация бойынша марапатталды:
«Стационардың үздік дәрігері»
«Жедел жәрдемнің үздік дәрігері»
«Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің үздік дәрігері»
«Ауылдың үздік дәрігері»
«Денсаулық сақтау саласындағы үздік әлеуметтік қызметкер»
«Үздік акушер»
«Стационардың үздік мейіргері»
«Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің үздік мейіргері»
«Үздік ауылдық мейіргер»
«Үздік фельдшер»
«Медициналық жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»
«Медициналық колледждің үздік оқытушысы»
«Денсаулық сақтау саласындағы үздік ғалым»
«Денсаулық сақтау саласынык үздік менеджері»
«Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың үздік маманы»
«Үздік провизор»
Конкурс жеңімпаздарына 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы беріледі.