Парламент • Бүгін, 11:32

Бишімбаев пен Перизат Қайратқа рақымшылық жасала ма? ІІМ вице-министрі жауап берді

1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов бірқатар сотталған азаматтарға, соның ішінде Қуандық Бишімбаевқа, Кәрім Мәсімовке және Перизат Қайратқа рақымшылық жасау мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бишімбаев пен Перизат Қайратқа рақымшылық жасала ма? ІІМ вице-министрі жауап берді

Оның айтуынша, бұл мәселеге қатысты жауап – «үзілді-кесілді жоқ». Вице-министр қолданыстағы заңнамаға сәйкес аталған тұлғаларға рақымшылық қолдану қарастырылмайтынын атап өтті.

Санжар Әділовтың түсіндіруінше, Қылмыстық кодекстің 78-бабында терроризм, экстремизм, мемлекетке опасыздық, сыбайлас жемқорлық қылмыстары, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында жасалған құқық бұзушылықтар үшін сотталған адамдарға амнистия жасауға тыйым салынған.

Елімізде сотталған азаматтардың қаншасы рақымшылыққа ілігеді?

Сондықтан Қуандық Бишімбаев, Кәрім Мәсімов және Перизат Қайратқа рақымшылық жасау мәселесі күн тәртібінде жоқ және қаралмайды.

Соңғы жаңалықтар