Фото: Жоғарғы Сот
Сот оны кінәлі деп танып, 20 сағат қоғамдық жұмысқа жегу жазасын тағайындады. Ол Семей қалалық пробация қызметінің есебіне алынды.
Жазаны өтеу үшін ер адам қаладағы жылу-электр орталығына (ЖЭО) жұмысқа орналастырылған. Ол мекеме аумағын тазалау жұмыстарын жүргізіп, сот жүктеген міндеттерді атқарып жүр.
Пробация қызметінің хабарлауынша, қоғамдық жұмыстар сотталғандарға өз іс-әрекеттерінің салдарын түсінуге, әлеуметтік байланыстарды сақтауға және еңбекпен қамтылуға мүмкіндік береді.
Қазақстанда балағат сөздер мен қоқыс тастағаны үшін салынатын айыппұл мөлшері өсті