Фото: istockphoto.com
2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес, АЕК мөлшері 4 325 теңгеге дейін көтерілді (2025 жылы 3 932 теңге болған). Негізгі құқық бұзушылықтар үшін жаңа айыппұл мөлшерлері:
- Қоғамдық орындарда балағат сөз айту: Бұған дейін минималды айыппұл 20 АЕК немесе 78 640 теңгені құраса, 2026 жылы 86 500 теңгеге жетті.
- Саябақтар мен скверлерге қоқыс тастағаны үшін бірінші ретте 10 АЕК – 43 250 теңге, ал бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 20 АЕК – 86 500 теңге айыппұл салынады.
- Алкоголь ішу немесе мас күйде көріну: Минималды айыппұл (5 АЕК) 19 660 теңгеден 21 625 теңгеге, ал қайталанған жағдайда (10 АЕК) 43 250 теңгеге өсті.
- Ұсақ бұзақылық: Ғимараттарды, қоғамдық орындарды немесе көліктегі мүлікті бүлдіргені үшін айыппұл енді 216 250 теңгені (50 АЕК) құрайды.
Қозғалтқыш көлемі 4 литрден асатын көліктерге салық мөлшері өсті
Вандализм жасағандар үшін қылмыстық жаза қарастырылған. Айыппұл мөлшері 100-ден 200 АЕК-ке дейін, яғни 432 500 теңгеден 865 000 теңгеге дейін барады. Ауырлатушы жағдайларда бұл сома 2,1 миллионнан 8,6 миллион теңгеге (500–2 000 АЕК) дейін жетуі мүмкін. Егер вандализмді кәмелетке толмаған бала жасаса, оның ата-анасына немесе қамқоршысына салынатын айыппұл 64 875 теңгені (15 АЕК) құрайды.