Қоғам • 13 Мамыр, 2024

Прокуратура Бишімбаевқа 24 жыл, Байжановқа 4 жыл сұраған

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік айыптаушылар Қуандық Бишімбаевқа тағайындалған жазаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Прокуратура Бишімбаевқа 24 жыл, Байжановқа 4 жыл сұраған

Фото: Жоғарғы Сот

«99-баптың 2-бөлігінің санкциясына сәйкес біз ең көп дегенде 20 жыл бас бостандығынан айыруды сұрадық. 110-бап «Азаптау» бойынша 7 жыл сұрадық, бұл аталған баптар бойынша ең жоғары жаза. Бүгін естігеніміздей, сот 24 жылға дейін жаза тағайындады. Яғни, біз сұрағанымыздай болды», деді мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова.

Сонымен қатар Қуандық Бишімбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарты бойынша колониядан кеткісі келсе, жазасын өтеу мерзімінің 2/3 бөлігін өтеуі керек екенін айтты.

«Шартты түрде мерзімінен бұрын босату – соттың құзырында. Егер Салтанат Нүкенованың туыстары бас тартса, сот шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылдамайды», деп қосты Аймағанова.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 13 мамыр күні Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі аяқталды. Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты үкімді судья Айжан Құлбаева оқыды.