
Фото: Астана қаласы Байқоңыр аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі
Көпшіліктің көңілін сергіту шарасына «Байқоңыр» ауданының 100-ден астам оқушысы қатысты.
Алғыр оқушылардың уақытын қызықты өткізуді көздеген шарада оларға арнап музыкалық тартулар мен тәттілер таратылды. Ең бастысы қыс бойы оқушылардың серігіне айналатын конькилер де оқушыларға тегін үлестірілді.
Мерекелік ашылудан кейін балалар үшін белсенді ойын-сауық ұйымдастырылды. Ауданның білім алушылары эстафеталық ойындар, коньки тебу, допты хоккей және қоқыстарды сұрыптау бойынша сынға түсіп, өзара кіл мықтыдан кім мықтыны анықтады.
Сайыс жеңімпаздары да сыйлықсыз қалмады. Үздіктерге түрлі сыйлықтар мен тәттілер табысталды.
Шара соңында келуші қауымға ыстық сусындар мен бауырсақтар ұсынылды.
Байқоңыр ауданында біршама қысқы демалыс аймақтары жұмыс жасап тұрғанын еске саламыз:
1.Жастар сарайының аумағы
2. Ататүрк саябағы
3. Қаламгерлер аллеясы
4. Целлинный шағын ауданы (Жұбанов көшесі,3)
5. Өндіріс тұрғын алабы / Ақбидай көшесі
6. Өндіріс тұрғын алабы / Кемеңгерұлы
7. Өндіріс тұрғын алабы / Өзен көшесі
8. Кирпичный тұрғын алабы / Чехов көшесі
9. Казгородок тұрғын алабы / Досмұхамедұлы көшесі
10. Қоянды саяжай алқабы / ЭКСПО алаңы
11. СМП / Кеншілер көшесі
Айта кетейік, аудандағы қысқы серуен кеңістіктері, сырғанақтар мен мұз айдындары қыс біткенше тұрғындардың игілігіне қызмет етпек.