10 Қыркүйек, 2016

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ№482, №421

452 рет
көрсетілді
27 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі 2015 жылғы 30 маусым №482 Астана қаласы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2015 жылғы 22 маусым №421 Астана қаласы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 13-бабының 3-тармағына және 15-бабына сәйкес бұйырамыз: 1. Мыналар: 1) осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес мұнай операцияларын жүргізу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері; 2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес мұнай операцияларын жүргізу саласындағы тексеру субъектілеріне қатысты тексеру парағының нысаны бекітілсін. 2. Осы бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бірлескен бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 5) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы ________________ М.ҚҰСАЙЫНОВ Қазақстан Республикасы Энергетика министрі _____________ В.ШКОЛЬНИК «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы _____________ С. Айтпаева 30 маусым 2015 жыл Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а.2015 жылғы 30 маусымдағы №482 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 маусымдағы №421 бірлескен бұйрығына 1-қосымша Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері 1. Жалпы ережелер 1. Осы Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерий­лер) «Қазақстан Республикасындағы бақылау және қадағалау туралы», «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 343 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 11082 болып тіркелген) Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесіне сәйкес мұнай операцияларын жүргізу саласындағы тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежелеріне жатқызу мақсатында әзірленді. 2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті критерийлері (бұдан әрі – объективті критерийлер) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке тексерілетін субъектіге (объектіге) тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері; 2) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері (бұдан әрі – субъективті критерийлер) – нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері; 3) мұнай операцияларын жүргізу саласындағы тәуекел – тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде адам өмірі немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдылығы, мұнай газ секторының дамуының төмендеуіне, мұнай мен газдың жоспарланған өндіру деңгейіне жетпеуіне әкеп соғады; 4) тәуекелдерді бағалау жүйесі – тексерулерді белгілеу мақсатында бақылау және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар кешені; 5) тексерілетін субъект - мұнай, газ және мұнай-газ конденсатын барлауды және өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғалар; сонымен қатар мұнай және газ саласындағы тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдаланушы заңды және жеке тұлғалар. 3. Мұнай операцияларын жүргізу саласында ішінара тексерулер үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері объективті және субъективті критерийлері арқылы қалыптастырылады. 2. Объективті критерийлер 4. Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы объективті критерийлер мынадай кезеңдер арқылы қалыптастырылады: 1) тәуекелді анықтау; 2) тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тәуекел дәрежелері бойынша (жоғары және жоғары дәрежеге жатпайтын) бөлу және ішінара тексерулер жүргізілетін тәуекел дәрежесін мұнай операцияларын жүргізу саласындағы тәуекелдерді ескере отырып айқындау. 5. Мұнай, газ және мұнай газ конденсатын барлау және өндіру жұмыстарын атқаратын бақылау субъектілері объектінің ауырлық деңгейіне байланысты тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатады. Бұл субъектілерге қатысты ішінара тексерулер жүргізіледі. Мұнай және газ саласында лицензиясы бар тау-кен, мұнай химия өндірісін пайдалану және (немесе) жобалау, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану бойынша қызметін жүзеге асырушы бақылау субъектілері объектінің ауырлық деңгейіне байланысты тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатпайды. 3. Субъективті критерийлер 6. Субъективті критерийлер: 1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау; 2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады. 7. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын тексерілетін субъектілерді (объектілерді) анықтау үшін қажет. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау мынадай ақпарат көздерінен жүзеге асырылады: 1) тексерілетін субъект «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi» интеграцияланған ақпараттық жүйесi арқылы ұсынатын есептілікті мониторингілеу нәтижелері (бұдан әрі - есептілікті мониторингілеу нәтижелері); 2) бұрынғы тексерулер нәтижелері. Бұл ретте, бұзушылықтың ауыртпалық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парағында көрсетілген заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді; 3) расталған шағымдар мен арыздардың болуы және саны. 8. Қолда бар ақпараттар негізінде субъективті критерийлер үш көрсеткішке бөлінеді: өрескел, елеулі, болмашы. Субъективті критерийлер осы Критерийлерге қосымшада келтірілген. 9. Бір өрескел көрсеткішті орындамаған жағдайда субъект тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылады. Егер өрескел көрсеткіш бойынша критерийлерді растау анықталмаған жағдайда тәуекел дәрежесін анықтауда елеулі және болмашы көрсеткіштердің қосынды мәні қолданылады. 10. Елеулі көрсеткіштердің қосынды мәнін анықтаған кезде орындалмаған критерийлердің үлесті салмағына 0,7 коэффициенті қолданылады және мына формула бойынша есептелінеді: ΣРз = (ΣР2 х 100/ΣР1) х 0,7 мұндағы: ΣРз - елеулі көрсеткіштердің қосынды мәні; ΣР1 - бағалауда қолданылатын елеулі дәрежедегі критерийлердің жалпы саны; ΣР2 - елеулі дәрежедегі расталған критерийлер саны. Болмашы көрсеткіштердің қосынды мәнін анықтаған кезде орындалмаған көрсеткіштердің үлесті салмағына 0,3 коэффициенті қолданылады және мына формула бойынша есептелінеді: ΣРн = (ΣР2 х 100/ΣР1) х 0,3 мұндағы: ΣРн - болмашы көрсеткіштердің қосынды мәні; ΣР1 - бағалауда қолданылатын болмашы дәрежедегі критерийлердің жалпы саны; ΣР2 - болмашы дәрежедегі расталған критерийлер саны. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (ΣР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формулаға сәйкес көрсеткіштерді қосу арқылы анықталады: ΣР = ΣРз + ΣРн мұндағы: ΣР - субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші; ΣРз - елеулі көрсеткіштердің қосынды мәні; ΣРн - болмашы көрсеткіштердің қосынды мәні. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект (объект) мыналарға жатады: жоғары тәуекел дәрежесі – тәуекел дәрежесі 60-тан 100-ге дейінгі көрсеткіш аралығы және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі; жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайды – тәуекел дәрежесі 0-ден 60-қа дейінгі көрсеткіш аралығы және оған қатысты ішінара тексеру жүргізілмейді. Талдау мен бағалау кезінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті критерийлердің деректері қолданылмайды. Ішінара тексеру жүргізу мерзімділігі жылына бір реттен аспауы тиіс. Алынған мәліметтер талдауы және көрсеткіштер бойынша бағалау жартыжылдықта бір рет соңғы айының бірінші күніне дейін жүргізіледі. Өткен жартыжылдық талдау кезеңі болып табылады. Жартыжылдыққа қалыптастырылатын жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша ішінара тексерулер тізімдері негізінде ішінара тексерулер жүргізіледі, тізім өз кезегінде тиісті есептік кезең басталғанға дейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша уәкілетті органға жіберіледі. Ішінара тексерулердің тізімдері: 1) субъективті критерийлер бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдығын; 2) мемлекеттік органды тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдарға түсетін жүктемелерді ескере отырып жасалады. Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне қосымша Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері Ақпарат көзі Критерийлер Көрсеткіш дәрежесі Есептілікті мониторин-гілеу нәтижелері Жер қойнауын пайдалану бойынша есептілік үш және одан көп рет мерзімінде ұсынылмады Өрескел Жер қойнауын пайдалану бойынша есептілік екі рет мерзімінде ұсынылмады Елеулі Жер қойнауын пайдалану бойынша есептілік бір рет ұсынылмады Болмашы Бұрынғы тексерулер нәтижелері (ауыртпалық дәрежесі көрсетілген талаптарды сақтамау жағдайында белгіленеді) Іздестіру, бағалау жұмыстарын және өндіру бойынша жұмыстарды белгіленген тәртіппен бекітілген (қабылданған) іздестіру жұмыстары жобасынсыз, бағалау жұмыстары жобасынсыз және өндіру жұмыстары бойынша жобалық құжаттарсыз жүргізу бойынша салынған тыйымды сақтамау Өрескел Авариялық жағдайлар қатері төнген немесе туындаған, персоналдың өміріне немесе халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға қатер төнген жағдайларды қоспағанда, ілеспе және (немесе) табиғи газды алауда жағу бойынша салынған тыйымды сақтамау Өрескел Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізуге жобалық құжаттар мен технологиялық сызбалар ережелерін, мұнайды, газды, конденсатты, газконденсатын, сұйықтықты, ұңғыма фонды, ұнғыма бұрғылау, ұнғыма бұрғылаудан шығару, сулану, ұнғыма өнімін дайындау мен жинау жүйесі пласт қысымын сүйемелдеу бөлігінде сақтамау Елеулі Қазақстан Республикасы энергетика министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 40 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 10456 болып тіркелген) жер қойнауын пайдаланушылармен мұнай өндірудің және айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидасында көрсетілген мәліметтерді беру бойынша талапты сақтамау Елеулі Жер қойнауын пайдаланушылармен сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы есепті беруді сақтамау Елеулі Ілеспе және (немесе) табиғи газды өңдемей және (немесе) кәдеге жаратпай мұнай-газ кен орындарын өнеркәсіптік игеру бойынша тыйымды сақтамау Елеулі Ілеспе газды кәдеге жарату бағдарламасын қарастыру міндетін сақтамау Елеулі Теңізде және ішкі суларда мұнай операцияларын жүргізуге рұқсаттың болмауы және рұқсат шарттарын сақтамауы Елеулі Көмірсутектер кен орындарын игеруді жүргізуді, жобалық құжатпен қарастырылған көмірсутек өнімін таңдау нормасы, ұнғыманы пайдалану шартын сақтау, мұнай, газ, газконденсатын, сұйықтық, газ факторы мен басқа көрсеткіштер есебі бойынша бастапқы құжаттардың (рапорт, журнал және т.б.) болуы бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 123 қаулысымен бекітілген пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларға сәйкес жүргізу бойынша міндетті сақтамау Болмашы Қажетті кәсіпшілік объектілерді және көмірсутектерді өндіру, дайындау, сақтау және өндіру мен сақтау орнынан магистральдық құбырға және (немесе) көліктің басқа түріне аудару орнына дейін тасымалдау үшін қажетті өзге де инфрақұрылым объектілерін салу белгіленген тәртіппен бекітілетін жобалау құжаттарына сәйкес жүзеге асырылмау. Болмашы Жер қойнауын пайдаланушылармен келер жылға арналған тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бағдарламаларын беру міндетін сақтамау Болмашы Ілеспе газды өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есепті жолдамау Болмашы Теңізде ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған хабарламаның болмауы және (немесе) сақтамауы Болмашы Жер қойнауын пайдаланушылар және олардың мердігерлері, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді иеленумен байланысты рәсімдерді «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабының 1-тармағында көрсетілген тәсілдердің кез келгенімен, Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру бойынша міндетті сақтамау Болмашы Расталған шағымдар мен арыздардың болуы және саны Үш немесе одан да көп расталған шағымдар мен арыздардың болуы Өрескел Екі расталған шағым мен арыздың болуы Елеулі Бір расталған шағым мен арыздың болуы Болмашы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы №482 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 421 бірлескен бұйрығына 2-қосымша нысан Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы тексеру парағы (тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы) Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ Тексерулерді тағайындау туралы акт _______________________________________________________________ (№, күні) Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы _________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН ___________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ Орналасу орны _________________________________________________________________________________ № Талаптар тізбесі Талап етіледі Талап етілмейді Талаптар­ға сәйкес келеді Талаптар­ға сәйкес келмейді 1 2 3 4 5 6 Мұнай және газ кен орындарын барлау, сынамалы пайдалану, тәжірибелік-өнеркәсіптік және өнеркәсіптік игеру саласындағы тексеру субъектілеріне қатысты 1. Іздестіру, бағалау жұмыстарын және өндіру бойынша жұмыстарды белгіленген тәртіппен бекітілген (қабылданған) іздестіру жұмыстары жобасынсыз, бағалау жұмыстары жобасынсыз және өндіру жұмыстары бойынша жобалық құжаттарсыз жүргізу бойынша салынған тыйымды сақтау 2. Авариялық жағдайлар қатері төнген немесе туындаған, персоналдың өміріне немесе халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға қатер төнген жағдайларды қоспағанда, ілеспе және (немесе) табиғи газды алауда жағу бойынша салынған тыйымды сақтау 3. Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізуге жобалық құжаттар мен технологиялық сызбалар ережелерін, мұнайды, газды, конденсатты, газконденсатын, сұйықтықты, ұңғыма фонды, ұнғыма бұрғылау, ұнғыма бұрғылаудан шығару, сулану, ұнғыма өнімін дайындау мен жинау жүйесі пласт қысымын сүйемелдеу бөлігінде сақтау 4. Қазақстан Республикасы энергетика министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 40 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 10456 болып тіркелген) жер қойнауын пайдаланушылармен мұнай өндірудің және айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидасында көрсетілген мәліметтерді беру бойынша талапты сақтау 5. Жер қойнауын пайдаланушылармен сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы есепті беруді сақтау 6. Ілеспе және (немесе) табиғи газды өңдемей және (немесе) кәдеге жаратпай мұнай-газ кен орындарын өнеркәсіптік игеру бойынша тыйымды сақтау 7. Ілеспе газды кәдеге жарату бағдарламасын қарастыру міндетін сақтау 8. Теңізде және ішкі суларда мұнай операцияларын жүргізуге рұқсаттың болуы және рұқсат шарттарын сақтау 9 Көмірсутектер кен орындарын игеруді жүргізуді, жобалық құжатпен қарастырылған көмірсутек өнімін таңдау нормасы, ұнғыманы пайдалану шартын сақтау, мұнай, газ, газконденсатын, сұйықтық, газ факторы мен басқа көрсеткіштер есебі бойынша бастапқы құжаттардың (рапорт, журнал және т.б.) болуы бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 123 қаулысымен бекітілген пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларға сәйкес жүргізу бойынша міндетті сақтау 10. Қажетті кәсіпшілік объектілерді және көмірсутектерді өндіру, дайындау, сақтау және өндіру мен сақтау орнынан магистральдық құбырға және (немесе) көліктің басқа түріне аудару орнына дейін тасымалдау үшін қажетті өзге де инфрақұрылым объектілерін салу белгіленген тәртіппен бекітілетін жобалау құжаттарына сәйкес жүзеге асыру. 11. Жер қойнауын пайдаланушылармен келер жылға арналған тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бағдарламаларын беру міндетін сақтау 12. Ілеспе газды өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есепті жолдау 13. Теңізде ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған хабарламаның болмауы және (немесе) сақтау 14. Жер қойнауын пайдаланушылар және олардың мердігерлері, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді иеленумен байланысты рәсімдерді «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабының 1-тармағында көрсетілген тәсілдердің кез келгенімен, Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру бойынша міндетті сақтау Мұнай және газ саласындағы тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдаланушы заңды және жеке тұлғаларға қатысты 15 Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде өндірістік базаның болуы (ғимарат, үй-жайлар), ол өтініш берілген кіші қызмет түрлеріне сәйкес жабдықталуы тиіс 16 Мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру үшін жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттың немесе өзге заңдық негіздік құқының болуы, инженерлік құрылыстардың, тетіктердің, арнайы техника және жабдықтардың, технологиялық процесті бақылауға арналған өлшеу жабдықтарының болуы 17 Көмірсутекті шикізат кен орындарында технологиялық жұмыстар (кәсіптік зерттеулер; сейсмобарлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар) жүргізу үшін: кәсіптік зерттеулер және геофизикалық жұмыстар – ұңғымалық аспаптар мен зондтар, аспаптар мен зондтардың көрсеткіштерін тіркеуге арналған жер үсті аппараттары, арнайы кабель, ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған жүк шығыр; сейсмобарлау жұмыстары – сейсмостансалар немесе басқа сейсмобарлау құрылғыларының болуы 18 Мұнай; газ; газ конденсаты; айдама ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстарын жүргiзу үшін: 1) лицензияның не жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарттың; 2) перфорациялық жабдықтар немесе жүйелерінің болуы 19 Құрлықта; теңізде; ішкі су қоймаларында көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды бұрғылау үшін - бұрғылау (оның ішінде теңізде және ішкі су қоймаларында жүзетін) қондырғыларының, қашаудың, бұрғылау құбырларының, шығарындыға қарсы жабдықтардың, көтергіш агрегаттардың болуы 20 Кен орындарында ұңғымаларды жер астында (күрделi, ағымдағы) жөндеу үшін - арнайы техника және жабдықтардың болуы 21 Көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды цементтеу; сынап көру; игеру, байқау үшін - көтергіш көлік құралдарының, цементтеу агрегатының, арнайы техника және жабдықтардың, тетіктер мен аспаптардың болуы 22 Мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту үшін – техника құралдары кешенінің, арнайы техника және жабдықтардың болуы 23 Құрлықта; теңiзде кен орындарында көмірсутекті шикізат төгiлуiнiң алдын алу және оларды жою жөнiндегi жұмыстар үшін – теңіздегі мұнай жинау қондырғысының (скиммер), құрлықта мұнай жинауға арнайы техника және жабдықтардың, жүзуші резервуарлардың және бонолық тосқауылдардың болуы 24 Көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды консервациялау; жою үшін – құрлықта мұнай жинауға арналған техникалар мен жабдықтардың, цементтеу агрегатының және лақтыруға қарсы жабдықтардың болуы 25 Мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану үшін: Қазақстан Республикасының заңна­масында белгіленген тәртіпте аттестацияланған лабораториялардың немесе өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертханамен қызмет көрсету шартының болуы 26 Қызметтің лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерін (жұмыстарын) орындаудың технологиялық регламентінің болуы 27 Мыналарды: 1) машиналарды, тетіктерді, көлік құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді; 2) еңбек қауіпсіздігін бақылауды; 3)метрологиялық бақылауды; 4) маркшейдерлік жұмыстарды («мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану» қызметінің кіші түріне таратылмайды); 5) технологиялық процесті сақтауды және берілген сападағы өнімнің шығарылуын сақтауды («мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану» қызметтерінің кіші түрлеріне таратылады); 6) қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін қызметтер немесе жауапты тұлғалардың болуы 28 Тиісті білім деңгейіне жауап беретін техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамының (техникалық басшылар үшін – мұнай және газ саласында жоғары техникалық білім, мамандар үшін - мұнай және газ саласында кемінде орта арнаулы білім) және техникалық басшылар үшін аталған салада кемінде 3 жыл практикалық тәжірибесі болуы 29 Мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану үшін: тетіктердің, технологиялық желiлердiң, шикiзатты дайындау, қайта өңдеу қондырғыларының, шикiзатты, дайын өнiмдердi сақтау үшiн арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың болуы 30 Жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді, көмірсутекті шикізат кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) үшін – жобалау үшін пайдаланылатын лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етудің, арнайы техника және жабдықтардың болуы Лауазымдық тұлға (тұлғалар) ______________ _________ ____________ (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.) ______________ _________ ____________ (лауазымды) (қолы) (Т.А.Ә.) Тексерілетін субъектінің жетекшісі _________________________ ____________ (Т.А.Ә., лауазымы) (қолы) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 482 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 маусымдағы №421 бірлескен бұйрығына 3-қосымша Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрі мен Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің күші жойылған кейбір бірлескен бұйрықтарының тізбесі 1. «Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 149 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі м.а 2011 жылғы 31 тамыздағы № 272 бірлескен бұйрығы (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 7177 болып тіркелген, 2011 жылғы 15 қазандағы № 497-500 (26892) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған). 2. «Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 150 және Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі м.а. 2011 жылғы 31 тамыздағы № 273 бірлескен бұйрығы (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 7178 болып тіркелген, 2011 жылғы 15 қазандағы № 497-500 (26892) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған). 3. «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі мен Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2013 жылғы 11 шілдедегі № 123 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің м.а. 2013 жылғы 16 шілдедегі № 135/НҚ бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі мен Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесінің 1, 2-тармақтары, (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 8619 болып тіркелген, 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 209 (28148) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған). Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 3 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11823 болып енгізілді.