10 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы №182

359 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 27 маусым №182 Астана қаласы «Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 211 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамыр­дағы Заңының 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. «Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 211 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мем­ле­­кеттік тіркеу тізілімінде № 8757 болып тіркелген, «Егемен Қазақ­стан» газетінде 2013 жылғы 28 қарашада № 263 (28202) болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді: «Жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қа­жет­ті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекі­­ту туралы»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесінде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді: «Жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажет­ті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі»; 2-бағанның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Дербес деректердің атауы». 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Персоналды басқару қызметі заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде төлнұсқасына толық сәйкес келетін оның графикалық форматтағы көшірмелерін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдауды; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтіз­белік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңба­сымен куәландырылған электронды және қағаз түрін­дегі көшірмелерін ресми жариялау үшін, Қазақ­стан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республи­касының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әді­лет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы респуб­ликалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 4) ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 5) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындал­ғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуб­ли­касы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.МҰХАМЕДИҰЛЫ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 шілдедегі Норма­тивтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 14024 болып енгізілді.