2016 жылғы 26 қаңтар , Астана қаласы
Домендік аттардың әкімшісін және тіркеуішін айқындау туралы
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 56) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Мыналар:
1) Интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендік аттардың әкімшісі болып «Қазақстандық IT-компаниялар қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі;
2) Интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендік аттардың тіркеуішісі болып «Қазақ желілік ақпарат орталығы» мекемесі айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және
даму министрінің міндетін атқарушы Ж.ҚАСЫМБЕК
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 24 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13204 болып енгізілді.