2016 жылғы 29 наурыз , Астана қаласы
«Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және
Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитеті (Е.Қ.Хаиров):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика
министрі _______________ Е.Досаев
2016 жылғы 2 сәуір
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2016 жылғы 29 наурыздағы №301 бұйрығымен бекітілген
«Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен ( бұдан әрі – Министрлік) әзірленген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Министрлікпен (бұдан әрі – көрсілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді көрсілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын көрсілетін қызметті берушіге тапсырған күннен бастап – 11 (он бір) жұмыс күні;
2) көрсілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсыру үшін барынша рұқсат берілген күту уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) көрсілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсанда №1265 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13039 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхатты беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхат.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.
7. Жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.
8. Көрсілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – дүйсенбіден жұмаға дейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңамасына сәйкес демалыс пен мереке күндерінен басқа, түскі үзіліспен сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейін, сағат 09.00 – дан 18.30 – ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетунәтижесін беру дүйсенбіден жұмаға дейін түскі түскі үзіліспен сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейін, сағат 09.00 – дан 17.30 – ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек тәртібінде, алдын ала жазбасыз және жылдым қызмет көрсетусіз қөрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1- қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беруге арналған өтінім;
2) инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың мемлекеттік немесе орыс тілінде аудармасы бар көшірмесі (сұратылып қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін үш айдан кем емес паспорттың мерзімімен);
3) өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесі (егер өтініш беруші заңды тұлға болса);
4) өтініш беруші жарғысының көшірмесі (егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылса);
5) өтініш берушінің басшылары және/немесе басшыларының орынбасарлары, сондай-ақ құрылымдық бөлімше басшылары лауазымын растайтын құжаттың көшірмесі (егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылса);
6) инвестиция салу фактісін растайтын құжаттардың көшірмесі;
7) мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің немесе халықаралық ұйымдардың ұсынымдары (бар болған жағдайда);
8) өтініш беруші жер қойнауын пайдалану саласында қызметті жузеге асырған кезде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың көшірмесі;
9) мемлекеттік органдармен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен ынтымақтастық туралы келісімдер/меморандумдар (бар болған жағдайда);
10) өтініш берушінің қаржы есептілігінің аудитінің нәтижелері бойынша алынған аудиторлық есеп (егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылса);
11) соңғы алты ай ішінде банк шоттарынан үзінді (егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылса).
Осы мемлекетік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттар нотариалды куәландырылған көшірмелер түрінде ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар топтамасы қабылдағанын растау осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхат болып табылады.
3. Көрсілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының
мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдау тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдау – шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 32/1 үй, «Транспорт Тауэр» ғимараты, байланыс телефоны: +7 (7172) 75- 40-81.
Шағым жазбаша насанда, пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері беріледі.
Шағымды қабылдауды растау берушінің көрсетілетін қызметті кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, көрсете отырып, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, тіркеу (мөртабар, кіріс нөмірі және мерзімі) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бақылау және бағалау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бақылау және бағалау жөніндегі уәкілетті орган атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастырылады.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында - www.mid.gov.kz, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге телефон арқылы хабарласу жолымен қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігіне ие.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: +7 (7172)75-45-40, Бірынғай байланыс–орталығы 1414 немесе 8 800 080 70 70.
«Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беруге өтінім
№ 1 нысан
(заңды тұлға үшін)
Өтініш беруші туралы мәлімет
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының атауы
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының тіркеуден (қайта тіркеуден) өтуі туралы ақпарат (күні, негіздеме)
Орналасқан жері; заңды мекенжайы, нақты мекенжайы
Бизнес сәйкестендіру нөмір (БСН)
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының басшысы
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), телефон, факс, электрондық пошта)
Инвестициялау мақсаты
Белгіленген активтерге жыл бойынша бөле отырып, инвестициялар көлемі
Қызметкерлер саны, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары
Өтініш хатты алуға негіздеме
(осы Қағидалардың 8- тармағының тиісті тармақшасын/тармақшаларын көрсету)
Байланыс деректері
(телефон, факс, электрондық пошта)
Өтінішхатты алу тәсілі
(поштамен, қолма-қол)
Инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлға/тұлғалар туралы мәлімет
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні және жері
Азаматтығы
Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі
Жеке басын куәландыратын құжаттың қолдану мерзімі
Резиденттік елде инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлғаның нақты мекенжайы
Атқаратын лауазымы
Байланыс деректері
(телефон, факс, электрондық пошта)
___________________________________________ _______________________________
(Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы (қолы, мөрі және күні)
басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
№ 2 нысан
(жеке тұлға үшін)
Өтініш беруші туралы мәлімет
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні және жері
Азаматтығы
Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі
Жеке басын куәландыратын құжаттың қолдану мерзімі
Резиденттік елде инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлғаның нақты мекенжайы
Инвестициялау мақсаты
Белгіленген активтерге инвестициялар көлемі
Атқаратын лауазымы
Өтінішхатты алуға негіздеме
(осы Қағидалардың 8- тармағының тиісті тармақшасын/тармақшаларын көрсету)
Байланыс деректері
(телефон, факс, электрондық пошта)
Өтінішхатты алу тәсілі
(поштамен, қолға)
_____________________________________________ _______________________________
(Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы және күні)
«Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
Нысан
Құжаттарды қабылдау туралы қолхат
Қабылдау күні _____________________
Көрсетілетін қызметті алушы _____________________
Өтінішті қабылдаған көрсетілетін қызмет берушінің қызметкері _____________________
Көрсетілетін қызметті алушының байланыс деректері _____________________
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар тізбесі:
р/с № Құжат атауы Бар болу туралы белгі
1.
2.
3.
4.
5.
Көрсілетін қызметті берушінің қолы ______
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 4 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13685 болып енгізілді.