2016 жылғы 22 ақпан, Астана қаласы
«Әлеуметтiк маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы №247 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
«Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-5) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. «Әлеуметтiк маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10069 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген әлеуметтiк маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесінде:
мынадай мазмұндағы 54-1-тармақпен толықтырылсын:
«54-1. Қызылорда – Жезқазған».
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. ИСЕКЕШЕВ
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 3 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13370 болып енгізілді.